Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Настойка
Дозировка
50 мл
Торговое наименование
Женьшень тұндырмасы
Действующее вещество
Общетонизирующие препараты
Назначение
Астениялық жағдайларда, ақыл-ой және жұмысқа қабілетінің төмендеуінде
Производитель
Лубныфарм
Страна
Украина
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 литр тұндырманың құрамында
белсенді зат – ірілей ұсақталған женьшень тамырлары 100 г,
қосымша зат - 70% этил спирті.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарғыш түсті мөлдір сұйықтық. Сақтау кезінде шөгіндінің түзілуіне жол беріледі.
Кешенді ем құрамында
- астениялық жағдайларда
- ақыл-ой және жұмысқа қабілетінің төмендеуінде
- сарқылған организмнің инфекциялық және басқа аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде, жыныстық функцияның неврастениялық сипаттағы әлсіреуінде.
Әсер ету механизмі
Препарат адаптогендік, тонус көтеретін, гипертензиялық әсер етеді. Ми қыртыстары нейрондарында және діңдік бөліктерінде қозу үдерісін күшейтеді, рефлекторлық қызметті жақсартады, зат алмасуды белсендіреді, еңбек ету қабілетін арттырады. Препарат әсері дозаға тәуелді болып табылады: төмен дозаларда қолданғанда қозудың күшеюі және тежеу үдерістерінің әлсіреуі, жоғары болғанда – соңғысының күшеюі бақыланады.
Дозалау режимі
Женьшень тұндырмасын тамақтануға дейін 30-40 мин бұрын 15–25 тамшыдан күніне 2 – 3 рет ішуге тағайындалады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы - 30 - 40 күн.
Көрсетілімдері бойынша емдеудің қайталау курсын 2 – 3 аптадан соң жүргізеді, дәрігер тағайындауы бойынша.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- артериялық гипертензия
- жоғары қозғыштық, эпилепсия, құрысу жағдайлары
- ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық
- шығу тегі және сипаты әр түрлі қанағыштыққа бейімділік
- жедел инфекциялық аурулар, қызба жағдайы
- алкоголизм
- гипогликемия
- бауыр аурулары
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі.
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- ашушаңдық, ұйқының бұзылуы
- тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы
- бас ауыруы
- мұрыннан қан кету
- жайылған розеолезді тері бөртпесі, қышыну
- гипогликемия.
Аллергиялық реакциялар (оның ішінде терінің қызаруы, розеолезді бөртпе, қышыну), қызыл иектің және мұрынның шырышты қабығының қанағыштығы (ауыр жағдайларда – құсық массасында және нәжісте қан іздерінің болуы), артериялық қысым артуы, қатты қозу, ұйқысыздық, бас ауыруы, тахикардия, жүрек айнуы, құсу болуы мүмкін.
Қандай да бір жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда емді тоқтату және дәрігерге қаралу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, дене температурасының көтерілуі, тыныс алудың бұзылуы, естен тану. Уыттануға тән симптомдары қан аралас құсумен және іш өтуімен көрініс беретін қанағыштық болып табылады.
Емі: арнайы антидоты жоқ. Асқазанды шаю, белсендірілген көмір, сұйықтықтың көп мөлшері, симптоматикалық ем жүргізу тағайындалады. Жедел шаралар жүргізілгеннен кейін науқастарға медициналық бақылау қажет.
Препаратты ұйқының бұзылуын болғызбау үшін күннің екінші жартысында қолдануға болмайды.
Женьшень тұндырмасы әсерінің маусымға байланыстылығы айқын байқалады: күз бен қыста қолдану тиімдірек болады.
Жылдың ыстық мезгілінде абайлап қолдану керек – дене температурасының жоғарылауы байқалады, ол күннің өтуіне түрткі болуы мүкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат құрамында этанол болуына байланысты Женьшень тұндырмасын автомобиль басқару кезінде немесе басқа механизмдермен жұмыс жасағанда қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.
Женьшень тұндырмасы психостимуляторлардың, анальгетиктердің, кофеиннің, камфораның, фенамин мен басқа да орталық жүйке жүйесі стимуляторларының әсерін күшейтеді. Ұйықтататын дәрілік заттардың, нейролептиктердің әсерін төмендетеді.
Препарат барбитураттардың физиологиялық антагонисі болып табылады, сондықтан оларды біріктіріп қолдану тиімсіз. Антидепрессанттармен, алкогольмен бірге қолдануға болмайды.
Гипогликемиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтеді. Варфариннің әсерін күшейтеді. Сондай-ақ басқа антикоагулянттармен (гепаринмен) өзара әрекеттесуі мүмкін. Фенелзинмен (МАО тежегіштерімен) өзара әрекеттеспейтіні анықталған. Ілмектік диуретиктерге төзімділіктің даму қаупін жоғарылатады. Дигоксинмен біріктірілімі қандағы дигоксин концентрациясының жоғарылауын бақылай отырып, тек тағайындалуы бойынша қолданылуы мүмкін.
Препарат ОЖЖ функциясын бәсеңдететін дәрілердің (транквилизаторлардың, құрысуға қарсы дәрілердің) антагонисі болып табылады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.