Жиі
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (соның ішінде анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакция, анафилактоидты реакция, анафилактоидты пурпура, гипотензия, перикардит, ангионевроздық ісіну, жүйелі қызыл жегінің өршуі, ентігу, сарысу құю ауруы, шеткері ісінулер, тахикардия және есекжем)
- бас ауыру
- жүрек айнуы, құсу, артқы өтіс аймағының қышуы, тілдің қараюы, стоматит, аногенитальді аймақтағы қабыну
- макулопапулезді және эритематозды бөртпе, фотосезімталдық
- сүйек тіні дамуының бұзылуы
- тіс дамуының бұзылуы, терінің тітіркенуі
Жиі емес
- қынаптық инфекция
- диспепсия (қыжыл/гастрит)
Сирек
- кандидозды инфекция
- гемолиздік анемия, тромбоцитопения, нейтропения, эозинофилия
- эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)
- Яриш-Герксгеймер реакциясы
- қалқанша безі тінінің қою қоңыр түске боялуы (ұзақ қолдану кезінде)
- анорексия (тәбеттің төмендеуі)
- порфирия
- мазасыздану
- еңбектің дүмпиюі, қатерсіз бассүйекішілік гипертензия (бас ауыруымен, құсумен, көру қабілетінің бұзылуымен, соның ішінде анық көрмеу, скотома, диплопия немесе қайтымсыз көрмей қалумен бірге жүруі мүмкін)
- құлақтың шыңылдауы
- қатерсіз бассүйекішілік гипертензиямен байланысты көрудің бұзылуы (pseudotumor cerebri)
- перикардит
- ысынулар
- панкреатит, іштің ауыруы, диарея, глоссит, стоматит, дисфагия, диспепсия
- жалған жарғақшалы колит, Clostridium difficile туындаған колит
- эзофагит, өңештің ойық жарасы
- энтероколит (оның ішінде стафилококкты энтерит), В тобындағы дәрумендер өндіретін бактериялардың өсуін бәсеңдету
- анус-гениталия аумағының қабынып зақымданулары (монилиалдардың шамадан тыс өсуінен)
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр функциясының бұзылуы, бауыр ферменттері белсенділігінің транзиторлы жоғарылауымен гепатоуыттылық, сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, есекжем, эксфолиативті дерматит
- фотоонихолизис (тырнақтың ұшындағы бөлігінің тырнақ орнынан бөлініп кетуі, ол кейде күн сәулесінің әсерінен кейін тырнақ пластинасының толық қабатталуына әкеледі)
- артралгия, миалгия
- қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- протромбин уақытының ұлғаюы
- тахикардия
- бекітілген дәрілік бөртпе, терінің гиперпигментациясы
- тіс эмалінің гипоплазиясы
- тіс түсінің қайтымсыз өзгерісі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz