Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Спрей для местного применения
Торговое наименование
Йокс
Действующее вещество
Антисептики
Назначение
Қабыну және инфекциялық аурулар кезінде ауыз қуысы мен жұтқыншақты дезинфекциялау үшін
Производитель
Тева Чешские Предприятия с.р.о.
Страна
Чешская Республика
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: повидон йод 0,085 г,
аллантоин 0,001 г,
қосымша заттар левоментол, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты дигидраты, 96 % этил спирті, пропиленгликоль, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, сумен араласуы шектеусіз, аздап бозаңданатын қызыл-қоңыр түсті сұйықтық.
Қабыну және инфекциялық аурулар кезінде ауыз қуысы мен жұтқыншақты дезинфекциялау үшін
• баспа, фарингит, тонзиллофарингит, тонзиллит, глоссит, афтозды стоматит
• тыныс алу жолдарының мүшелеріне және ауыз қуысына операциядан кейінгі кезеңде және хирургиялық араласым кезінде ауыз қуысы мен жұтқыншақты өңдеу үшін
• химиотерапия кезінде ауыз қуысының инфекциясын емдеу үшін
• стрептококкты баспа кезінде антибиотиктермен емдеуде қосымша дәрі ретінде қолданылады
• тұмаудың продромальді кезеңі ішінде
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Препараттың негізгі әсер етуші заты, теріге немесе шырышты қабықтарға жанасқанда органикалық йод бөлетін йодофорлар тобынан антисептикалық зат повидон-йод болып табылады. Йод грамоң және грамтеріс кокктар мен бациллаларға, кейбір анаэробты бактерияларға қатысты ішінара бактерицидтік белсенділікке ие. Сонымен қатар, препарат зеңдерге және/немесе saccharomyceae, қарапайымдар және кейбір вирустарға қарсы әсер етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Аллантоин қабынуға қарсы әсер көрсетеді және осылайша повидон-йодпен бірге Йокстың емдік әсерін қамтамасыз етеді. Йодтың дезинфекциялаушы әсері микроорганизмдердің ақуыздарына тікелей әсер етудің нәтижесі болып табылады.
Ересектер мен 8 жастан асқан балалар.
Йокс спрей препаратын күніне 2-4 рет ауыз қуысының оң жағына және сол жағына және жұтқыншаққа бір рет бүрку арқылы пайдалану ұсынылады. Препараттың жекелеген аппликациясының арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Қажет болған жағдайда, препарат жиірек қолданылуы мүмкін.
Енгізу әдісі мен жолы
Құтының қорғаныш қалпақшасын шешіңіз және аппликаторды құтыға орнатыңыз.
Аппликатор түтікшесін ауыз қуысына енгізіп, дем алмай және әр жолы препарат ағынын ауыз қуысының оң және сол жақ тиісті бөлігіне бағыттай отырып 2 рет басу керек. Қолданғаннан кейін аппликаторды жылы сумен жуып шаю керек.
Балалар:
Жергілікті қолдануға арналған Йокс спрейін 8 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препаратты тәулігіне ең көп дегенде 6 рет қолдануға болады, емдеу курсы 5-7 күн.
• йодқа немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• қалқанша без гиперфункциясы
• жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• 8 жасқа дейінгі балалар
• радиоактивті йодты бір мезгілде қолдану
• Дюрингтің герпес пішінді дерматиті
Жағымсыз құбылыстар жүйелік-ағзалық класы мен жиілігіне сәйкес бөлінеді: өте жиі (≥ 1 / 10), жиі (≥ 1 / 100, <1 / 10), жиі емес (≥ 1 / 1000, <1 / 100), сирек (≥ 1 / 10 000, <1 / 1000), өте сирек (<1 / 10, 000), жеке-дара хабарламаларды қоса.
Иммундық жүйе тарапынан:
өте сирек: анафилаксиялық шок
АІЖ тарапынан:
сирек: ауыз қуысының құрғауы
Тері және тері асты тіндері тарапынан:
сирек: есекжем
өте сирек: ангионевроздық ісіну
Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізу орнындағы реакциялар:
сирек: жағу орнында күйдіру сезімі (әсіресе балаларда)
Жарақаттар, улану және емшаралардың асқынуы:
Йодизм (ауыздың темір татуы, сілекейдің қатты бөлінуі, көздің ісінуі, көмейдің ісінуі, өкпенің ісінуі, тері бөртпесі, асқазан-ішек бұзылыстары).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ауыздың темір татуы, сілекейдің қатты бөлінуі, көздің ісінуі, көмейдің ісінуі, өкпенің ісінуі, тері бөртпесі, асқазан-ішек бұзылыстары. Кейбір жағдайларда тамыр жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем жүргізеді. Арнайы антидоты жоқ.
Бүркілген препаратты ішке тартуға және жұтуға болмайды!
Арнайы ескертулер
Ларингит кезінде препаратты аса қажет жағдайларда пайдалануға болады.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дәрігердің бақылауымен ерекше сақтықпен қолданылады.
Мұндай науқастарда трансаминазалардың деңгейі жоғарылауы мүмкін, сондықтан қан плазмасындағы трансаминазалардың көрсеткіштерін бақылау қажет. Препарат құрамында 18,6% этанол бар.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препаратты ауыз қуысы мен жұтқыншаққа арналған басқа антисептикалық дәрілермен, бірінші кезекте құрамында сутегі асқын тотығы бар препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.
Йоксты қолдану гемотест пен гемокультураны анықтауға араналған тесттің жалған оң нәтижелеріне әкеледі. Қалқанша безінің жұмысын тексеру кезінде ақуызбен байланысқан йодтың жоғары мәндері алынуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25℃-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.