Белгілі бір жағымсыз реакцияны белгілеу үшін MedDRA алынатын барынша қолайлы термин – Реттеушілік қызметке арналған медициналық сөздік.
Жағымсыз реакциялар көбінесе Визанна® препаратын қабылдаудың алғашқы айларында пайда болады және препаратпен емдеу үдерісінде қайтады.
Қан кетулердің сипатындағы өзгерістер, мысалы, жағынды бөліністер, жүйесіз қан кетулер немесе аменорея байқалуы мүмкін.
Мынадай жағымсыз әсерлері Визанна® препаратын қабылдау аясындағы әйелдерде байқалған.
Визанна препаратымен емдеу үдерісіндегі анағұрлым жиі кездескен жағымсыз әсерлерге: бас ауыруы (9.0%), сүт бездеріндегі жайсыздық (5.4%), депрессиялық көңіл-күй (5.1%) және акне (5.1%) жатады.
Бұдан өзге, Визанна® препаратын қабылдаған пациент әйелдердің көпшілігінде, етеккірлік қан кетулердің сипатында өзгерістер байқалды.
Әрбір жиілік тобындағы жағымсыз әсерлер жиілігінің азаюы тәртібімен берілген. Жиілігі былайша белгіленеді: жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін) және жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін).
Жиі
- дене массасының жоғарылауы
- көңілсіздік, ұйқының бұзылуы, күйгелектік, либидо жоғалуы, көңіл күйдің өзгеруі
- бас ауыруы, бас сақинасы
- жүрек айнуы, іш тұсының ауыруы, метеоризм, іштің керуін сезіну, құсу
- акне, алопеция
- арқаның ауыруы
- сүт бездеріндегі жайсыздық, аналық без кистасы, ысынулар, жатырдан/қынаптан қан кетулер, соның ішінде жағынды бөліністер
- астеникалық жай-күй, тітіркену
Жиі емес
- анемия
- дене салмағының төмендеуі, тәбеттің жоғарылауы
- мазасыздық, депрессия, көңіл-күйдің құбылмалылығы
- автономды жүйке жүйесінің теңгерімсіздігі, зейін қоюдың бұзылуы
- көздің құрғауы
- құлақтағы шуыл
- қан айналымы жүйесінің спецификалық емес бұзылуы, жүректің қағуы
- гипотензия
- ентігу
- диарея, іштің қатуы, іш аумағындағы жайсыздық, , асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары, гингивит
- терінің құрғауы, гипергидроз, қышыну, гирсутизм, онихоклазия, қайызғақ, дерматит, шаш өсуінің аномалиялары, фотосезімталдық реакциясы, пигментацияның бұзылуы
- сүйектің ауыруы, бұлшықет құрысулары, аяқ-қолдардың ауыруы, аяқ-қолдағы ауырлықты сезіну
- несеп шығару жолдарының инфекциялары
- қынап кандидозы, вульва мен қынап шырышының құрғауы, жыныс жолдарынан бөліністер, жамбас аймағындағы ауырсыну, атрофиялық вульвовагинит, сүт безі түйіні, фиброзды-кистозды мастопатия, сүт бездерінің тығыздалуы
- ісіну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz