Әсер етуші заттарының екеуін бір мезгілде қабылдаған пациенттердегі жағымсыз реакциялардың жиілігі, әсер етуші заттарының біреуін қабылдаған пациенттердегі сәйкесінше жиілігінен аспайды. Жағымсыз реакциялар бұрын амлодипинді және/немесе лизиноприлді қабылдағанда тіркелген осындайлардан өзгешеленбейді. Жағымсыз реакциялар әдетте, жеңіл, қысқамерзімді болған және сирек жағдайларда емдеудің тоқтатылуына алып келген. Біріктірілген препаратты қабылдағанда анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакцияларға ауыру (8%), жөтел (5%), және бас айналуы (3%) жатады.
Лизиноприл
Жиі (10 пациенттің 1-еуінде дамуы мүмкін):
бас айналуы, бас ауыруы, ортостатикалық әсерлер (артериялық гипотензияны қоса), жөтел, диарея, құсу, бүйрек функциясының бұзылуы.
Жиі емес (100 пациенттің 1-еуінде дамуы мүмкін):
көңіл-күйдің өзгермелілігі, ұйқы бұзылулары, елестеулер, парестезия, вертиго, дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы), қауіп тобындағы пациенттерде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі салдарынан болуы ықтимал миокард инфарктісі, жүрек соғуының жиілегенін сезіну, тахикардия, жоғары қауіп тобындағы пациенттерде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі салдарынан болуы ықтимал ми қанайналымының жедел бұзылуы; Рейно синдромы, ринит, жүрек айнуы, іш ауыруы, асқорытудың бұзылуы, бөртпе, терінің қышынуы, импотенция, қатты қажу, астения, қан сарысуындағы мочевина және креатинин концентрациясының жоғарылауы, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, гиперкалиемия.
Сирек (1000 пациенттің 1-еуінде дамуы мүмкін):
антидиуретиктік гормонның қалыптан тыс секрециясы синдромы (АГҚСС), сананың шатасуы, паросмия (иіс сезудің бұзылуы), ауыздың құрғауы, есекжем, шаштың түсуі, псориаз, аса жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну: беттің, аяқ-қолдардың, еріннің, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ісінуі, уремия, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, гинекомастия, гематокрит төмендеуі, гемоглобин төмендеуі, гипербилирубинемия, гипонатриемия.
Өте сирек (10000 пациенттің 1-еуінде дамуы мүмкін):
сүйек кеміктік қан өндірілуінің бәсеңдеуі, анемия, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, лимфаденопатия, аутоиммундық бұзылулар, гипогликемия, бронх түйілуі, синусит, аллергиялық альвеолит, эозинофильді пневмония, панкреатит, интестинальді ангионевроздық ісіну, гепатит, бауыр жасушасының немесе холестаздық сарғаю, бауыр жеткіліксіздігі, гипергидроз, күлбіреуік, уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, терінің жалған лимфомасы*, олигурия / анурия.
Жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтердің негізінде анықтау мүмкін емес): анафилаксиялық/анафилактоидтық реакция, депрессия, естен тану.
* Келесі симптомдардың біреуін немесе бірнешеуін қамтитын симптомдар кешені туралы хабарланған: қызба, васкулит, миалгия, артралгия/артрит, антинуклеарлық антиденелерге (АНА) оң реакция, эритроциттердің шөгу жылдамдығының (ЭШЖ) артуы, эозинофилия және лейкоцитоз, тері бөртпесі, фотосенсибилизация немесе тері тарапынан басқа өзгерістер.
Амлодипин
Өте жиі (10 пациенттің 1-еуінен көбінде дамуы мүмкін):
Шеткері ісінулер.
Жиі (10 пациенттің 1-еуінде дамуы мүмкін):
ұйқышылдық, бас айналуы, бас ауыруы (әсіресе емдеудің басында), көру бұзылулары (соның ішінле диплопия), жүрек қағуын сезіну, бет терісіне «қан тебулер», ентігу, іш ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, дефекацияның өзгеруі (диарея және іш қатуы), тобық ісінуі, бұлшықет құрысулары, қатты қажу, астения.
Жиі емес (100 пациенттің 1-еуінде дамуы мүмкін):
ұйқысыздық, көңіл-күйдің құбылулары (соның ішінде мазасыздық), депрессия, естен тану, тремор, дисгевзия, гипестезия, парестезия, гипертонус, аритмиялар (соның ішінде, брадикардия, қарыншалық тахикардия, жүрекшелердің фибрилляциясы), артериялық гипотензия, жөтел, ринит, құсу, ауыздың құрғауы, алопеция, тері бөртпесі, экзантема, пурпура, тері түсінің өзгеруі, гипергидроз, терінің қышынуы, артралгия, миалгия, арқаның ауыруы, есекжем, несеп шығару бұзылысы, никтурия, несеп шығарудың жиілеуі, импотенция, гинекомастия, кеуде қуысының ауыруы, ауырсыну, дімкәстану, дене салмағының жоғарылауы, дене салмағының азаюы.
Сирек (1000 пациенттің 1-еуінде дамуы мүмкін):
сананың шатасуы.
Өте сирек (10000 пациенттің 1-еуінде дамуы мүмкін):
тромбоцитопения, лейкопения, аллергиялық реакциялар, гипергликемия, шеткері нейропатия, миокард инфарктісі, васкулит, панкреатит, гастрит, қызыл иектердің гиперплазиясы, гепатит, сарғаю, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы**, мультиформалы эритема, ангионевроздық ісіну, эксфолиативтік дерматит, Стивенс–Джонсон синдромы, Квинке ісінуі, фотосенсибилизация.
Жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтердің негізінде анықтау мүмкін емес):
экстрапирамидалық бұзылулар, уытты эпидермалық некролиз.
** Көбінесе холестазға сәйкес келеді.
Балалар
Клиникалық зерттеулерден алынған қауіпсіздік жөніндегі мәліметтер, лизиноприлдің, тұтас алғанда, артериялық гипертензиямен балаларда жағымды болғанын, және осы жас тобындағы қауіпсіздік бейіні ересек пациенттердегі осындаймен салыстырымды екендігін көрсетеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz