Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозировка
5 мг/1 мг/4 мг/50 мг
Торговое наименование
ВИТАМИН В КОМПЛЕКС
Действующее вещество
Витамины группы B в комбинации с другими препаратами
Назначение
В (B1, B2, B6) тобы дәрумендерінің және никотинамид тапшылығының жай-күйі
Производитель
Софарма
Страна
Болгария
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында:
Белсенді зат: тиамин нитраты (В1 дәрумені)5 мг, рибофлавин (В2 дәрумені) 1 мг, пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені)4 мг, никотинамид (РР дәрумені) 50 мг.
Қосымша заттар: бидай крахмалы, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, тальк, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, этанол (96%).
Үлбірлі қабықтың құрамы: Опадрай AMB 80W 24766 қызғылт - поливинил спирті, ішінара гидролизденген; тальк, титанның қостотығы (Е171), кармин (Е120), лецитин (Е322), күн батар түстес сары FCF (E110), ксантан шайыры (Е415), индигокармин (Е132).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, қызыл-таңқұрай түсті үлбірлі қабықпен қапталған, диаметрі шамамен 6 мм екі жағы дөңес, тиаминнің ерекше иісі бар таблеткалар.
В (B1, B2, B6) тобы дәрумендерінің және никотинамид тапшылығының жай-күйі.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Дәрумендер. В тобы дәрумендері кешені, басқа препараттармен біріктірілімдерін қоса. Басқа препараттармен біріктірілген В тобының дәрумендері.
АТХ коды: A11EX
В тобы дәрумендері ағзаның өмірлік функциялары үшін өте қажет түрлі химиялық құрылымы бар органикалық субстанциялар болып табылады. Олар төмен концентрацияларда биологиялық белсенді және жасушалық функцияны реттеуге қатысады. В тобы дәрумендері көптеген ферменттік жүйелердің құрамына кіреді және көмірсулардың, ақуыздар мен майлардың метаболизмін реттеуге, сондай-ақ нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысады. В тобы дәрумендерін біріктіріп қолдану олардың әсер ету синергизміне әкеледі.
Никотинамид никотин қышқылының амиді ретінде сутегін тасымалдауға қатысатын және тіндік тыныс алу үшін қажетті тотығу-қалпына келтіру процестерін жүзеге асыратын НАД және НАДФ ко-дегидрогеназа құрамына кіреді. Никотинамид шеткері тамырлардың кеңеюін туындатады және плазмалық холестерин мен триглицерид деңгейін азайтады.
Дозалау режимі
Дозалау
Ересектер
Тәулігіне 1-2 таблеткадан 2-3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткалар жеткілікті мөлшерде сумен ішке қабылданады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны тұрақты дозаға қосымша ретінде қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
• Егер Сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
* Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
• Бидай крахмалына аллергиялық реакциясы бар адамдар.
* ІІ-ІІІ дәрежелі гипертониялық ауру.
* 18 жасқа дейінгі балалар.
Жағымсыз әсерлері
Препараттың төзімділігі өте жақсы.
Иммундық жүйенің бұзылуы:
Өте сирек (<1/10 000) аса жоғары сезімталдық реакцияларын - уртикария, қышу немесе Quincke ісінуін, әсіресе бейімді пациенттерде байқауға болады.
Никотинамид (Витамин В комплекс құрамында) бет терісінің қызаруы мен ысынулар туындатуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың өте жоғары дозаларын қолдану қозу, қорқыныш, тремор, ұйқысыздық, бас ауыруы, құрысулар туындатуы мүмкін. Бұл жағдайларда симптоматикалық емдеу жүргізіледі.
Арнайы ескертулер
Витамин В комплекс жасушалық пролиферацияны ынталандыру мүмкіндігінен қатерлі ісік аурулары бар пациенттерге абайлап тағайындау керек.
Ұзақ уақыт бойы пиридоксиннің жоғары дозаларын (тәулігіне 100 мг-нан көп) қабылдаған кезде емдеу басталғаннан бастап 1 айдан 3 жылға дейін атаксия және табанда күйдіріп ашытып ауруы пайда болатын шеткері невропатияның дамуы мүмкін.
Препаратты бауыр аурулары, өт қабы және өт жолдары, ойық жара ауруы, гастрит, геморрагия, подагра аурулары бар пациенттерге, әсіресе Витамин В комплекс препаратпен ұзақ уақыт емдеу қажет болса, абайлап қолдану керек. Бұл жағдайда трансаминазаны, сілтілі фосфатазаны, ГГТ және билирубинді, тромбоциттер функциясын және несеп қышқылының деңгейін бақылау қажет.
Пиридоксин Эрлих реактивін пайдалану арқылы несептегі уробилиногенді анықтау кезінде жалған оң нәтиже тудыруы мүмкін. Рибофлавин несепті сары-қызғылт түске айналдыру мүмкін.
Дәрілік препарат құрамында қосымша зат ретінде бидай крахмалы бар. Бидай крахмалы құрамында глютен болуы мүмкін, бірақ аз ғана мөлшерде, сондықтан целиакия ауруы бар адамдар үшін қауіпсіз деп саналады.
Витамин В комплекс таблеткалары 18 жастан бастап қолданылады.
Препараттың құрамындағы күн батар түстес сары FCF (E110) бояғышы аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Е 110 балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынады.
Кармин (Е120) бояғышын балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынады.
Индигокармин (Е132) бояғышын балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынады.
Жүктілік немесе бала емізу кезінде
Жүктілік
Препаратты жүктілік кезінде емдік дозаларда қабылдауға болады. Пиридоксиннің жоғары дозаларын қабылдау жаңа туған нәрестеде пиридоксинге тәуелділікті туындатуы мүмкін.
Бала емізу
В6 дәрумені емшек сүтімен бөлінеді, сондықтан емшек сүтімен қоректендіру кезінде Витамин В комплекс препаратын қабылдау ұсынылмайды. Егер оны қабылдау қажет болса, емшек сүтімен қоректендіруді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Витамин В комплекс көлік құралын жүргізу қабілетіне және машинамен жұмыс істеуге әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дәрілік препараттың құрамында В1 дәруменінің болуына байланысты Витамин В комплекс кейбір адренолитиктердің антигипертензиялық әсерін антагонизациялауы, сондай-ақ барбитураттар мен глутетимидтің тыныштандыратын әсерін басуы мүмкін.
В1 дәрумені трициклді антидепрессанттардың (имипрамин, дезипрамин) әсіресе 65 жастан асқан пациенттерде әсерін күшейтуі мүмкін.
В тобы дәрумендері тетрациклиндердің сіңірілуі мен тиімділігін бір мезгілде қолданғанда азайтады.
В6 дәрумені леводопаның паркинсонға қарсы әсерін антагонизациялайды.
Никотинамид пен эпилепсияға қарсы дәрілерді, әсіресе карбамазепин, диазепам және натрий вальпроаты сияқты бір мезгілде қабылдағанда, олардың құрысуға қарсы әсерінің туындатуы байқалады.
Хлорпромазин B2 арқылы несеппен шығарылуын күшейтеді. Пробенецид B2 дәруменінің тубулярлық секрециясын басады, соның нәтижесінде оның несеппен шығарылуы баяулайды және емдік және жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.