Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Глазные капли
Дозировка
0.2%
Торговое наименование
Винолап DS
Действующее вещество
Олопатадин
Назначение
Офтальмологиялық симптомдар мен маусымдық аллергиялық конъюнктивиттің белгілерін емдеу және алдын-алу
Производитель
Сан Фармасьютикал Медикер Лимитед
Страна
Индия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 2.22 мг олопатадин гидрохлориді (2.00 мг олопатадинға баламалы),
қосымша заттар: бензалконий хлоридінің 50 % ерітіндісі, сусыз натрий гидрофосфаты, натрий хлориді, натрий эдетаты, тилоксапол, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Көрінетін бөлшектерсіз, түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір немесе аздап бозаңданатын ерітінді.
Офтальмологиялық симптомдар мен маусымдық аллергиялық конъюнктивиттің белгілерін емдеу және алдын-алу.
Олопатадин күшті селективті аллергияға қарсы/ гистаминге қарсы препарат болып табылады, оның фармакологиялық әсерлері бірнеше әсер ету механизмдері арқылы көрінеді. Олопатадин гистаминнің антагонисті (адамдарда аллергиялық реакциялардың дамуына жауап беретін негізгі медиаторлардың бірі) болып табылады және гистаминнен туындаған конъюнктивалық эпителий жасушаларында қабынуға қарсы цитокиндердің шығарылуының алдын алады. In vitro зерттеулерінде алынған деректер олопатадиннің адам конъюнктивасының жуан жасушаларына әсер ететінін және қабынатын медиаторлардың босап шығуын тежейтінін көрсетеді. Мұрын-көз жасы өзегінен өтетін пациенттерде конъюнктивалық қапқа инстилляция түрінде олопатадинді жергілікті қолдану маусымдық аллергиялық конъюнктивитке жиі ілесетін мұрын симптомдарының айқындылығын азайтады. Олопатадин қарашықтың диаметріне клиникалық маңызды әсерін тигізбейді.
Олопатадин альфа-адренергиялық, допаминергиялық және мускариндік (1 және 2 типті) рецепторлармен байланыспайды.
Дозалау режимі
Ересектер мен 8 жастан асқан балаларға Винолап DS препаратын зақымданған көздің (екі көздің) төменгі конъюнктивалық қабына тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан 8 сағат аралықпен тамызады.
Енгізу әдісі және жолы
Тек жергілікті қолдануға арналған.
Қолданар алдында құтыны сілку керек.
Құтының қақпағын шешіп алыңыз; препаратты қолданар алдында сақтандыру сақинасын алып тастаңыз.
Тамызғыш-құтының ұштығы мен ерітіндінің ластануын болдырмау үшін ұштықтың қабақпен жақын тіндермен немесе басқа қабаттармен жанасуына жол бермеңіз.
Құтыны тығыз жабық күйінде сақтаңыз.
Басқа офтальмологиялық препараттармен бірге қолдану қажет болған жағдайда инсталляциялар арасындағы аралықтың ұзақтығы кемінде 5 минутты құрауы тиіс. Көзге арналған жақпамайды соңынан қолдану керек.
Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды
Қажет болса, емнің ұзақтығы 4 айға дейін созылуы мүмкін.
- олопатадинге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 8 жасқа дейінгі балалар.
Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Жиі
- бас ауыруы, дисгевзия
- көздің ауыруы, көздің тітіркенуі, көздің құрғауы, көздің сезімталдығының бұзылуы;
- мұрынның құрғауы;
- шаршау.
Жиі емес
- ринит;
- бас айналу, гипестезия;
- мөлдір қабық жарасы, мөлдір қабық эпителийінің зақымдануы, мөлдір қабық эпителийі тарапынан бұзылулар, нүктелік кератит, кератит, мөлдір қабақта дақтардың пайда болуы, көзден ағатын бөліністер, көздің қарығуы, көру айқындығының бұзылуы, көру өткірлігінің төмендеуі, блефароспазм, көздегі жайсыздық сезімі, көздің қышуы, конъюнктива фолликулаларының түзілуі, конъюнктива тарапынан бұзылулар, көздегі бөгде дененің сезілуі, жас ағудың жоғарылауы, қабақ эритемасы, қабақтың ісінуі, қабақ тарапынан бұзылулар, көз гиперемиясы;
- жанаспалы дерматит, теріде ашыту сезімі, терінің құрғауы.
Жиілігі белгісіз
- аса жоғары сезімталдық реакциялары, беттің ісінуі.
- ұйқышылдық;
- қабақтың ісінуі, конъюнктивит, көздің ісінуі, көз айналасындағы ісіну, мидриаз, көру қабілетінің бұзылуы, қабақтың шеттерінде қабыршақтың пайда болуы;
- ентігу, синусит;
- жүректің айнуы, құсу;
- дерматит, эритема;
- әлсіздік, дімкәстік.
Мөлдір қабықтың елеулі зақымдануы бар кейбір пациенттерде құрамында фосфаты бар көзге тамызатын дәріні қолданғанда мөлдір қабықтың кальцификациясының жағдайы өте сирек хабарланған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жергілікті қолданған кезде артық дозалануы екіталай.
Емі: препараттың шамадан көп мөлшері көзге түскен жағдайда, көзді жылы сумен шаю ұсынылады.
Олопатадинмен артық дозаланған жағдайда, ерітіндіні ішке жұтқан кезде пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет, қажет болған жағдайда тиісті ем жүргізу керек.
Бұл препарат тек жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған. Бұл препарат инъекциялық немесе пероральді қолдануға арналмаған.
Арнайы сақтандырулар
Олопатадин аллергияға қарсы/гистаминге қарсы дәрі болып табылады, ол жергілікті қолданған кезде жүйелі сіңірілу процесіне ұшырайды Ауыр жағымсыз реакциялардың белгілері туындағанда немесе аса жоғары сезімталдық реакциялары дамығанда Винолап DS қолдануды тоқтату керек.
Қосымша заттар
Винолап DS құрамында бензалконий хлориді консерванты бар, ол әсіресе құрғақ көз синдромы бар немесе мөлдір қабығы зақымданған пациенттерде көздердің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Бензалконий хлориді нүктелік кератопатияның және/немесе уытты ойық жара кератопатиясының дамуына себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты, Винолап DS жиі немесе ұзақ уақыт бойы қолданатын «құрғақ көз» синдромы бар және мөлдір қабығы зақымданған пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады.
Жанаспалы линзалар
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзалармен сіңірілуі және жанаспалы линзалардың түсін өзгертуі мүмкін. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды шешіп, оларды киер алдында инстилляциядан кейін кемінде 15 минут күту керек.
Көздер қызарған кезде жанаспалы линзаларды тағуға болмайды.
Педиатрияда қолдану
8 жасқа дейінгі балаларда Винолап DS препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Егер препаратты қолданғаннан кейін пациентте көру айқындылығы уақытша төмендесе немесе көрудің басқа да бұзылыстары пайда болса, онда оның қалпына келуіне дейін автомобильді басқару және жоғары назар аударуды талап ететін қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезінде қолдану ұсынылмайды.
Олопатадиннің басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ.
In vitro зерттеулерінде олопатадин Р-450 - CYP1А2, 2С8, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 цитохромы изоферменттерінің қатысуымен метаболизмдік реакцияларды тежемейтіні анықталды. Алынған деректер олопатадиннің онымен бірге тағайындалған басқа дәрілік заттардың метаболизміне әсер ету ықтималдығының төмендігі туралы куәландырады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Ашылған құтыны 25°С-ден аспайтын температурада 4 аптадан асырмай сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
20С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.