Әсер ету механизмі
Препарат 2-ші типті қант диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейінің бақылануын жақсартуға арналған қолайлы әсер ету механизмдері бар екі гипогликемиялық затты біріктіреді: вилдаглиптин, ұйқы безінің аралшық жасушаларымен инсулин синтезін көтермелейтін дәрілік заттарға жатады, және метформин гидрохлориді, бигуанидтер класына жатады.
Вилдаглиптин ұйқы безінің аралшық жасушаларымен инсулин синтезін көтермелейтін дәрілік заттарға жатады, дипептидилпептидаза-4 (ДПП-4) қуатты және селективті тежегіші болып табылады. Метформин бірінші кезекте бауырда глюкозаның эндогенді өндірілуін төмендету есебінен әсер етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Вилдаглиптин
Вилдаглиптин, ең алдымен, ГТП-1 (глюкагон тәрізді пептид-1) және АТП (асқазан-тежегіш пептид) инкретиндік гормондарының ыдырауына жауапты фермент – ДПП-4 тежеу жолымен әсер етеді.
Вилдаглиптин қолдану ДПП-4 белсенді заттарының жылдам және толық тежелуіне апарады, бұл аш қарында және ас ішуден кейін ГТП-1 және АТП инкретиндік гормондарының эндогенді деңгейлерінің артуына алып келеді.
Осы инкретиндік гормондардың эндогенді деңгейлерін көтерумен вилдаглиптин бета-жасушалардың глюкозаға сезімталдығын арттырады, бұл инсулиннің глюкозаға тәуелді секрециясының артуына алып келеді. Тәуліктік дозасы 50-100 мг вилдаглиптинмен емдеу 2-ші типті қант диабеті бар пациенттерде HOMA-β (гомеостаздық β бағалау моделі), ізашар инсулиннің инсулинге арақатынасын және тамақтануға төзімділіктің жиі іріктелген тестісінен бета-жасушалардың сезімталдық көрсеткіштерін қоса, бета-жасушалар функциясының маркерлерін едәуір жақсартты. Қант диабетінен зардап шекпейтін (гликемия деңгейі қалыпты) тұлғаларда вилдаглиптин инсулин секрециясын немесе глюкоза деңгейінің төмендеуін көтермелемейді.
Эндогендік ГТП-1 деңгейлерін көтеру есебінен, вилдаглиптин альфа-жасушалардың глюкозаға сезімталдығын да күшейтеді, бұл глюкозаға қажетті глюкагон секрециясының артуына алып келеді.
Инкретиндік гормондар деңгейлерін көтеру есебінен, гипергликемия кезінде инсулин/глюкагон арақатынасының артуын жақсарту аш қарында және ас ішуден кейін бауырда глюкоза өндірілуінің төмендеуіне әкеледі, бұл гликемияның төмендеуіне әкеледі.
Вилдаглиптинмен емдеу кезінде асқазанның босатылуын кідіртетін ГТП-1 деңгейінің белгілі жоғарылау әсері байқалмайды.
Метформин
Метформин плазманың әрі базальді, әрі постпрандиальді глюкозасын төмендететін гипогликемиялық әсері бар бигуанид болып табылады. Ол инсулин секрециясын көтермелемейді, демек, гипогликемияға немесе салмақ артуына алып келмейді
Метформин үш механизм көмегімен глюкоза төмендететін әсер көрсетуі мүмкін.
-Глюконеогенез және гликогенолизді тежеу жолымен бауырда глюкозаның өндірілуін азайту.
-Бұлшықеттерде инсулинге сезімталдықты орташа арттыру жолымен шеткері тіндерде глюкозаның сіңірілуін және жұмсалуын жақсарту.
-Ішекте глюкозаның сіңуін кідірту.
Метформин гликоген-синтазаға әсер ету жолымен жасушаішілік гликоген синтезін көтермелейді және глюкозаның жарғақшалық тасымалдағыштарының спецификалық типтерінің (GLUT-1 және GLUT-4) тасымалдау қабілетін арттырады.
Адам организмінде, оның гликемияға реакциясына байланыссыз, метформин липид алмасуға қолайлы әсерін көрсетеді. Бақыланатын, орташа мерзімді немесе ұзаққа созылатын клиникалық зерттеулерде емдік дозаларында көрсетілді: метформин қан сарысуындағы жалпы холестерин, ТТЛП холестеринін және триглицеридтерді төмендетеді.
UKPDS (Британ қант диабетінің проспективті зерттеуі) проспективті рандомизацияланған зерттеуі 2-ші типті диабетте қандағы глюкозаны қарқынды бақылаудың ұзақ мерзімді пайдасын айқындады. Диетадан бас тартудан кейін метформин алған артық салмақты пациенттердің нәтижелерін талдау мыналарды көрсетті:
- тек бір диета ұстанатын пациенттермен (43,3 жағдай/1000 пациент-жыл) салыстырғанда (р=0,0023) және монотерапия топтарымен және сульфонилмочевина мен инсулин біріктірілімімен (40,1 жағдай/1000 пациент-жыл) салыстырғанда (р=0,0034), метформин тобындағы диабетпен байланысты кез келген асқынудың абсолютті қаупінің едәуір төмендеуі (29,8 жағдай/1000 пациент-жыл);
- диабетпен байланысты абсолютті өлімге ұшырау қаупінің едәуір төмендеуі: метформин – 7,5 жағдай/1000 пациент-жыл, тек бір диета 12,7 жағдай/1000 пациент-жыл (р=0,017);
- жалпы өлімге ұшыраудың абсолютті қаупінің едәуір төмендеуі: метформин – 13,5 жағдай/1000 пациент-жыл, 20,6 жағдай/1000 пациент-жыл үшін бір диетамен (р=0,011) салыстырғанда және 18,9 жағдай/1000 пациент-жыл үшін монотерапия топтарымен және сульфонилмочевина мен инсулин біріктірілімімен (р=0,021) салыстырғанда;
- миокард инфарктісінің абсолютті даму қаупінің едәуір төмендеуі: метформин – 11 жағдай/1000 пациент-жыл, бір диета 18 жағдай/1000 пациент-жыл (р=0,01).
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Вилдаглиптин, плацебомен салыстырғанда, емдеудің 6 айы өткенде гликирленген гемоглобин деңгейінің қосымша статистикалық мәнді орташа төмендеуін қамтамасыз ететін метформинмен монотерапияға қарамастан, қандағы глюкоза деңгейінің бақылануы қанағаттанарлық болмаған пациенттерге қосымша тағайындалады (топтық айырмаларда 50 және 100 мг вилдаглиптин үшін, тиісінше, -0,7-ден -1,1% дейін). Гликирленген гемоглобин деңгейінің бастапқы деңгейден ≥ 0,7% төмендеуіне жеткен пациенттер арақатынасы, метформин мен плацебо қолданған топпен салыстырғанда (20%), вилдаглиптин мен метформин қолданған екі топта да (тиісінше, 46 және 60%), статистикалық тұрғыда едәуір жоғары болды.
24-апталық зерттеу кезінде метформин қолданғанда (орташа тәуліктік доза: 2020 мг) қандағы бақылануы қанағаттанарлық емес пациенттерде вилдаглиптин (күніне екі рет 50 мг) пиоглитазонмен (күніне бір рет 30 мг) салыстырылды. Гликирленген гемоглобиннің 8,4% бастапқы деңгейінен орташа төмендеуі метформинге қосымша тағайындалған вилдаглиптинді қолданғанда -0,9%, ал метформинге қосымша тағайындалған пиоглитазонды қолданғанда -1,0% құрады. Метформинге қосымша тағайындалған вилдаглиптин қабылдаған пациенттерде салмақтың +0,3 кг артуымен салыстырғанда, метформинге қосымша тағайындалған пиоглитазон қабылдаған пациенттерде дене салмағының +1,9 кг орташа артуы байқалды.
2 жылға созылған клиникалық сынақта вилдаглиптин (тәулігіне екі рет 50 мг) және метформин (орташа тәуліктік доза: 1894 мг) қабылдаған пациенттерде глимепиридпен (6 мг/тәулікке дейін — 2 жыл ішіндегі орташа доза: 4,6 мг) салыстырылды. 1 жыл өткен соң гликирленген гемоглобиннің 7,3% бастапқы деңгейінен орташа төмендеуі метформинге қосымша тағайындалған вилдаглиптинді қолданғанда -0,4%, ал метформинге қосымша тағайындалған глимепиридті қолданғанда -0,5% құрады. Глимепирид қолдану кезіндегі +1,6 кг-мен салыстырғанда, вилдаглиптин қолдану кезіндегі дене салмағының өзгеруі -0,2 кг құрады. Гипогликемияның жаңа жағдайларының саны, глимепирид қабылдаған пациенттер тобына (16,2%) қарағанда, вилдаглиптин қабылдаған пациенттер тобында едәуір төмен (1,7%) болды.
Зерттеудің соңғы нүктесінде (2 жыл) гликирленген гемоглобин мәні екі тәжірибелік топта да бастапқы мәндеріне ұқсас болды, осы орайда дене салмағының өзгеруі мен гипогликемия айырмасы сақталды.
52-апталық зерттеу барысында метформин көмегімен (метформиннің бастапқы дозасы 1928 мг/тәулік) жай-күйінің бақылануы қанағаттанарлық болмаған пациенттердің мысалында вилдаглиптинді (тәулігіне екі рет 50 мг) гликлазидпен (орташа тәуліктік доза: 229,5 мг) салыстыру жүргізілді. 1 жылдан соң гликирленген гемоглобин деңгейінің орташа төмендеуі метформинге қосымша тағайындалған вилдаглиптинді қолданғанда -0,81% (гликирленген гемоглобиннің 8,4% орташа бастапқы деңгейінде) және метформинге қосымша тағайындалған гликлазидті қолданғанда -0,85% (гликирленген гемоглобиннің 8,5% орташа бастапқы деңгейінде) құрады; осы орайда статистикалық кем түспейтін нәтижелікке қол жеткізілді (95% СА -0,11-0,20).
Дене салмағының өзгеруі, гликлазид қолдану кезіндегі дене салмағының +1,4 кг артуымен салыстырғанда, вилдаглиптин қолдану кезіндегі дене салмағының өзгеруі +0,1 кг құрады.
24-апталық зерттеуде вилдаглиптин мен метформин дозаларының бекітілген біріктірілімінің (тәулігіне екі рет 50/500 мг немесе тәулігіне екі рет 50/1000 мг дозаға дейін біртіндеп титрленетін) тиімділігі осы дәрілік затты бұрын қабылдамаған пациенттерде бастапқы ем ретінде бағаланды. Гликирленген гемоглобиннің 8,6% бастапқы деңгейінен гликирленген гемоглобин деңгейі тәулігіне екі рет 50/1000 мг вилдаглиптин/метформин біріктірілімін қолданғанда -1,82%, тәулігіне екі рет 50/500 мг вилдаглиптин/метформин біріктірілімін қолданғанда -1,61%, тәулігіне екі рет 1000 мг метформинде -1,36% және тәулігіне екі рет 50 мг вилдаглиптинде -1,09% төмендеді. Гликирленген гемоглобиннің бастапқы деңгейі ≥10,0% пациенттерді емдеуде көбірек төмендеуі байқалды.
24-апталық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеу 318 пациенттен тұратын топта метформинмен (тәулігіне ≥1500 мг) және глимепиридпен (тәулігіне ≥4 мг) біріктірілген вилдаглиптиннің (тәулігіне екі рет 50 мг) тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау мақсатында жүргізілді. Вилдаглиптин метформинмен және глимепиридпен біріктірілімде, плацебомен салыстырғанда, гликирленген гемоглобин деңгейін едәуір төмендетті. Гликирленген гемоглобиннің 8,8% бастапқы деңгейінен плацебо-түзетілген орташа төмендеуі -0,76% құрады.
24-апталық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеу 449 пациенттен тұратын топта метформинді біріктіріп қолданғанда (N=276) немесе метформинді біріктіріп қолданусыз (N=173) базальді немесе біріктірілген инсулиннің (орташа тәуліктік доза – 41 бірлік) тұрақты дозасымен біріктірілімде вилдаглиптиннің (тәулігіне екі рет 50 мг) тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау мақсатында жүргізілді. Вилдаглиптин инсулинмен біріктірілімде гликирленген гемоглобин деңгейін, плацебомен салыстырғанда, едәуір төмендетті. Барлық пациент үшін жалпы гликирленген гемоглобиннің 8,8% бастапқы деңгейінің плацебо-түзетілген орташа төмендеуі -0,72% құрады. Метформинді бір мезгілде қолданумен немесе бір мезгілде қолданусыз инсулин алған қосалқы топтарда гликирленген гемоглобин деңгейінің плацебо-түзетілген орташа төмендеуі, тиісінше, -0,63% және -0,84% құрады. Барлық пациент үшін гипогликемияның жаңа жағдайларының саны жалпы вилдаглиптин мен плацебо қолданылған топтарда, тиісінше, 8,4% және 7,2% құрады. Вилдаглиптин қабылдаған пациенттерде дене салмағының артуы (+0,2 кг) байқалмады, ал плацебо алған пациенттерде дене салмағының төмендеуі (-0,7 кг) байқалды.
Басқа 24-апталық зерттеуде инсулин көмегімен (қысқа және ұзағырақ әсер ететін инсулиннің орташа дозасы – 80 ХБ/тәулік) бақылануы қанағаттанарлық болмаған үдеу сатысындағы 2 типті қант диабеті бар пациенттер тобында гликирленген гемоглобин деңгейінің орташа төмендеуі вилдаглиптинді (тәулігіне екі рет 50 мг) инсулинге қосымша тағайындағанда плацебо мен инсулинді қолдану кезіндегіден статистикалық тұрғыда едәуір көбірек (0,2%-бен салыстырғанда 0,5%) болды. Гипогликемияның жаңа жағдайларының саны вилдаглиптин қабылдаған пациенттер тобында, плацебо қабылдаған пациенттер тобындағыдан төмен болды (29,6%-бен салыстырғанда 22,9%).
Жүрек-қантамыр ауруларының қаупі
Ұзақтығы 2 жылдан артық созылған монотерапияны және біріктірілген емді қолданумен (орташа экспозиция вилдаглиптин үшін 50 апта және салыстыру препараттары үшін 49 апта) жүргізілген III және IV фазадағы 37 клиникалық зерттеу негізінде бір-біріне тәуелсіз және жүрек-қантамыр ауруларын туындататын жағдайлардың перспективасын ескерумен айқындалған мета-талдау жасалды, ол салыстырмалы дәрілік заттармен емдеумен салыстырғанда, вилдаглиптинмен емдеудің жүрек-қантамыр аурулары қаупінің артуымен байланысты емес екенін көрсетті. Жедел миокард инфарктісін, инсульт немесе жедел коронарлық синдром (ЖКС), ми қан айналымының өткінші бұзылуын (инфаркт белгілерін көріністеумен), инсульт немесе жүрек-қантамыр патологиясы себеп болатын өлімді қоса, анықталған негізгі қолайсыз жүрек-қантамырлық нәтижелердің (MACE) біріктірілген соңғы нүктесі вилдаглиптин үшін, біріктірілген белсенді салыстырмалы немесе плацебо дәрілік заттарымен салыстырғанда ұқсас болды [Мантель-Хенцель қауіп коэффициенті – 0,82 (сенім аралығы 95% - 0,61-1,11)]. MACE дамуы вилдаглиптин қабылдаған 9599 (0,86%) пациенттің 83 жағдайында және салыстыру препараттарын алған 7102 (1,20%) пациенттің 85 жағдайында аталды. MACE әр жеке компонентін бағалау барысында жоғары қауіп (Мантель-Хенцель қауіп коэффициентіне сәйкес келеді) анықталмады. ЖЖ болып сипатталған және ауруханаға жатқызуды талап ететін жүрек жеткіліксіздігінің (ЖЖ) расталған жағдайы немесе ЖЖ жаңа көрінісі туралы вилдаглиптин қабылдаған 41 (0,43%) пациентте және салыстыру препараттарын алған 32 (0,45%) пациентте тіркелді, осы орайда Мантель-Хенцель қауіп коэффициенті 1,08 (95% СА 0,68-1,70) құрады.