Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Гель для наружного и местного применения
Дозировка
36000 МЕ/г
Торговое наименование
ВИФЕРОН®
Действующее вещество
Интерферон альфа-2b
Назначение
ЖРВИ, оның ішінде тұмау, жиі және ұзаққа созылатын ЖРВИ, оның ішінде бактериялық инфекциямен асқынған түрлерінің кешенді емінде
Производитель
ФЕРОН
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 г гельдің құрамында
белсенді зат - адамның рекомбинантты интерферон альфа-2b 36000 ХБ;
қосымша заттар: альфа-токоферол ацетаты, метионин, бензой қышқылы, лимон қышқылы моногидраты, натрий тетраборат декагидраты, натрий хлориді, адамның альбумині, дистилляцияланған глицерин (глицерол), натрий кармеллозасы, этанол 95%, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сұрғылт реңді ақ түсті мөлдір емес гель тәрізді масса.
- ЖРВИ, оның ішінде тұмау, жиі және ұзаққа созылатын ЖРВИ, оның ішінде бактериялық инфекциямен асқынған түрлерінің кешенді емінде;
- тұмауды қоса, ЖРВИ профилактикасы;
- қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит кешенді емінде;
- қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит профилактикасы;
- терінің және шырышты қабықтардың жедел және өршіген созылмалы қайталамалы герпесті инфекциясының, оның ішінде герпесті инфекцияның урогенитальді түрінің кешенді емінде;
- герпесті цервицит кешенді емінде.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
ЖРВИ, тұмауды қоса, жиі және ұзаққа созылатын ЖРВИ, оның ішінде бактериялық инфекциямен асқынған түрлерінің кешенді емінде: ұзындығы көп дегенде 0,5 см гель жолағын мұрын шырышты қабығының алдын ала кеберсіген беткейіне және/немесе таңдай бадамша бездерінің беткейіне күніне 3-5 рет шпатель немесе мақта тампоны/мақта таяқшасы көмегімен жағады. Емдеу курсы 5 күнге созылады, қажет болса, курсты ұзартуға болады.
Тұмауды қоса, ЖРВИ профилактикасы: ауруға шалдығудың шарықтау кезеңінде ұзындығы көп дегенде 0,5 см гель жолағын мұрын шырышты қабығының алдын ала кеберсіген беткейіне және/немесе таңдай бадамша бездерінің беткейіне күніне 2 рет 2-4 апта бойы жағады.
Қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит кешенді емінде: ұзындығы көп дегенде 0,5 см гель жолағын шпатель немесе мақта тампоны/мақта таяқшасы көмегімен аурудың жедел кезеңінде күніне 5 рет 5-7 күн бойы, артынан күніне 3 рет кейінгі 3 апта бойы жағады.
Қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит профилактикасы: ұзындығы көп дегенде 0,5 см гель жолағын шпатель немесе мақта тампоны/мақта таяқшасы көмегімен таңдай бадамша бездерінің беткейіне күніне 2 рет 3-4 апта бойы жағады, курстарды жылына 2 рет қайталайды.
Жедел және созылмалы қайталамалы герпесті инфекцияның кешенді емінде (аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда немесе алдын ала хабаршы-белгілер кезеңінде): ұзындығы көп дегенде 0,5 см гель жолағын шпатель немесе мақта тампоны/мақта таяқшасы көмегімен алдын ала кеберсіген зақымданған беткейге күніне 3-5 рет 5-6 күн бойы жағады, қажет болса, курс ұзақтығын клиникалық көріністерінің басылуына дейін созады.
Герпесті цервицит кешенді емінде: 1 мл гель мақта тампонымен жатыр мойнының алдын ала шырыштан тазартылған беткейіне күніне 2 рет 7 күн бойы жағады, қажет болса, курс ұзақтығын 14 күнге дейін созуға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат сыртқа және жергілікті қолданылады.
Мұрын қуысының шырышты қабығына гель мұрын жолдарын тазалаудан соң таңдай бадамша бездерінің беткейіне ас ішуден кейін 30 минут өткен соң жағылады. Гель таңдай бадамша бездеріне жағылғанда мақта тампонын бадамша бездерге тигізіп алмай, гель ғана жағылу керек, гель осы орайда бадамша без беткейімен өз бетінше төмен ағады. Гель жатыр мойнына жағылғанда мақта немесе дәке тампонмен шырыш пен бөліністерді қынап күмбезі мен жатыр мойнынан алдын ала сүрту керек.
Гель тері және шырышты қабықтардың зақымданған бөліктеріне жағылғанда 30-40 минуттан соң жұқа үлбір түзіліп, препарат қайтадан жағылады. Қалау болса, препаратты қайта жағар алдында үлбірді ажыратып алуға немесе сумен жуып тастауға болады. Ашылған сықпаны тоңазытқышта 2 айдан асырмай сақтайды. Қаптамасының бүтіндігіне нұқсан келген және түсі өзгерген препарат қолдануға жарамсыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қажет емес.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім
ВИФЕРОН®, гель препаратын қолдану кезінде тоқтату симптомдарының туындау қауіптері жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Препаратты қолданар алдында қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз, өйткені онда сіз үшін маңызды мәліметтер бар.
Егер сізде препаратты қолдану тәсілі жөнінде қосымша сұрақтар туындаса, кеңес алу үшін медициналық қызметкерге хабарласыңыз.
• препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық;
• 1 жасқа дейінгі балалар (тұмау және басқа ЖРВИ, қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит кешенді емі құрамында және профилактикасы үшін);
• балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (терінің және шырышты қабықтардың жедел және өршіген қайталамалы герпесті инфекцияларының, оның ішінде герпесті инфекцияның урогенитальді түрінің; герпесті цервициттің кешенді емі құрамында).
Сирек
- аллергиялық реакциялар (тері бөртулері, қышыну) дамуы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы сақтандыру шараларын талап етпейді.
Арнайы сақтандырулар
ВИФЕРОН® препаратын қолдану арнайы сақтандыруларды талап етпейді.
Педиатрияда қолдану
Тұмау және басқа ЖРВИ, қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит кешенді емінде және профилактикасы үшін 1 жастан бастап және одан үлкен балаларда қолданылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Адамның рекомбинантты интерферон альфа-2b (ВИФЕРОН®) гель түрінде көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.
Жүктілік және лактация кезеңі, компоненттерін лактация кезеңі компоненттердің өте төмен сіңірілуіне орай, препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды. Лактация кезеңінде сүт бездерінің аумағында қолдануға болмайды.
Препарат жоғарыда атап көрсетілген ауруларды емдеуде пайдаланылатын дәрілік препараттардың бәрімен (антибиотиктер, химиялық препараттар, глюкокортикостероидтар) жақсы үйлеседі.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі 1 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2 C-ден 8 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.