Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капли для приема внутрь
Дозировка
2800 МЕ/мл
Торговое наименование
Видроп
Действующее вещество
Колекальциферол
Назначение
Рахит пен остеомаляцияның профилактикасы және емдеу, гипокальциемия
Производитель
Медикал Юнион Фармасьютикалс
Страна
Египет
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл ерітіндінің (28 тамшы) құрамында
белсенді зат – колекальциферол 2800 ХБ/мл,
қосымша заттар: полисорбат 20, Е дәрумені, глицерин, динатрий эдетаты, β-циклодекстрин, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар және дәмі тәтті, мөлдірден бозаңданатын түске дейінгі түссіз ерітінді.
- рахит пен остеомаляцияның профилактикасы және емдеу
- гипокальциемия
- менопауза кезінде егде жастағы және әйелдердегі остеопороздың профилактикасы және емдеу
- созылмалы және операциядан кейінгі гипопаратиреодизм
Видроп рахитке қарсы препарат болып табылады. Видроп препаратының ең маңызды функциясы кальций және фосфат метаболизмін реттеу болып табылады, бұл қаңқаның минералдануы мен өсуіне ықпал етеді. Д3 дәрумені – адам терісінде күн сәулелерінің әсер етуімен түзілетін Д дәруменінің табиғи түрі. Кальций мен фосфаттардың ішектен сіңірілуінде, минералды тұздар тасымалдануында және сүйектердің кальцификация үдерісінде елеулі рөл атқарады, сондай-ақ кальций мен фосфаттардың бүйрекпен қайта сіңірілуін реттейді. Кальций иондары қаңқа бұлшықеттерінің тонусын, жүйке қозуының өтуін демейтін бірқатар маңызды биохимиялық үдерістерге, қан ұю үдерісіне қатысады. Видроп лимфокиндер өнімін көтермелейді.
Дозалау режимі
Д дәруменінің жетіспеушілігін емдеу аурудың ауырлығына және пациенттің емдеуге реакциясына байланысты 12 аптаға дейін созылуы керек, содан кейін тиісті ұзақ мерзімді қолдау терапиясы.
Балаларға арналған доза
0 жастан 2 жасқа дейінгі жаңа туған нәрестелер
Д дәруменінің жетіспеушілігін емдеу
Күніне 6-15 тамшы (400-1000 ХБ).
Тапшылықты емдегеннен кейін ұзақ мерзімді қолдау терапиясы
және
Д дәруменінің жетіспеушілігінің профилактикасы
Күніне 3-15 тамшы (200-1000 ХБ).
2 жастан 11 жасқа дейінгі балалар
Д дәруменінің жетіспеушілігін емдеу
Күніне 6-30 тамшы (400-2000 ХБ).
Тапшылықты емдегеннен кейін ұзақ мерзімді қолдау терапиясы
және
Д дәруменінің жетіспеушілігінің профилактикасы
Күніне 6-15 тамшы (400-1000 ХБ).
12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Д дәруменінің жетіспеушілігін емдеу
Күніне 6-60 тамшы (400-4000 ХБ).
Тапшылықты емдегеннен кейін ұзақ мерзімді қолдау терапиясы
және
Д дәруменінің жетіспеушілігінің профилактикасы
Күніне 6 – 24 тамшы (400-1600 ХБ).
Ересектерге арналған доза
Ересектер мен қарттар
Д дәруменінің жетіспеушілігін емдеу
Күніне 12-60 тамшы (800-4000 ХБ).
Тапшылықты емдегеннен кейін ұзақ мерзімді қолдау терапиясы
және
Д дәруменінің жетіспеушілігінің профилактикасы
Күніне 12-24 тамшы (800-1600 ХБ).
Остеопороздың арнайы терапиясына қосымша ретінде
Күніне 12 тамшы (800 ХБ).
Жүктілік және бала емізу кезінде
Д дәруменінің жетіспеушілігін емдеу
Күніне 6-60 тамшы (400-4000 ХБ).
Тапшылықты емдегеннен кейін ұзақ мерзімді қолдау терапиясы
және
Д дәруменінің жетіспеушілігінің профилактикасы
Күніне 6-30 тамшы (400-2000 ХБ).
Пациенттердің популяциясына қатысты әртүрлі көрсеткіштер бойынша дозаларды жинақтайтын кесте
Балаларға арналған доза — Ересектерге арналған доза
Жаңа туған нәрестелер (0–2 жас) — Балалар (2–11 жас) — Жасөспірімдер (12–18 жас) — Ересектер мен қарттар — Жүктілік / Емізу
Емдеу (12 аптаға дейін) — 400–1000 ХБ/күн — 400–2000 ХБ/күн — 400–4000 ХБ/күн — 800–4000 ХБ/күн — 400–4000 ХБ/күн
Профилактика / ұзақ мерзімді қолдау терапиясы — 200–1000 ХБ/күн — 400–1000 ХБ/күн — 400–1600 ХБ/күн — 800–1600 ХБ/күн — 400 ХБ/күн (бірақ 2000 ХБ/күн дейін)
Арнайы остеопороз терапиясына қосымша — - — - — - — 800 ХБ/күн — -
Қолдану тәсілі
Препарат аздаған сұйықтық мөлшерімен пероральді қабылданады.
Тамшыларды мөлшерлеу кезінде бөтелкені тік ұстау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- Д дәруменінің гипервитаминозы
- бүйрек жеткіліксіздігі
- қанда және несепте кальций мен фосфор деңгейінің жоғарылауы
- кальцийлі бүйрек тастары
- саркоидоз
- жедел өкпе туберкулезі
Ұсынылатын дозаларда қолданылғанда білінбейді. Д3 дәруменіне сирек білінетін жекеше жоғары сезімталдық жағдайында немесе ұзаққа созылатын кезең бойына аса жоғары дозаларын қолдану нәтижесінде Д3 дәруменінің артық дозалануы, Д3 дәруменінің гипервитаминозы туындауы мүмкін.
- гиперкальциемия және гиперкальциурия
- аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе, есекжем)
- асқазан-ішек жолының бұзылыстары (іш қату, метеоризм, жүрек айну, іштің ауыруы немесе диарея) аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе, есекжем)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Рахиттің немесе остеомаляцияның профилактикасы үшін немесе әдеттегі рационға қосымша ретінде Видроп препаратының ұсынылған дозасын алатын пациенттер құрамында Д дәрумені және Д дәруменімен байытылған өнімдері бар басқа препараттардан аулақ болу керек.
Балалар тағамын алатын, Д дәруменімен байытылған (әдетте тәуліктік порцияда 400 ХБ болады) нәрестелерде Д дәрумені препараттарын профилактикалық қолданғанда ерекше сақ болу керек.
Ұсынылатын дозаны жүйелі түрде қабылдау керек, бірақ одан асырмаған жөн.
Пациенттер тағаммен кальцийдің жеткілікті мөлшерін алуын қадағалау керек.
Д дәруменіне төзімді рахиттен ұзақ уақыт ем қабылдап жүрген пациенттерде қандағы кальций мөлшерін ұдайы тексеріп отыру керек.
Қосымша заттар
Видроп препаратының құрамында 1 ммоль (23 мг)/натрий дозасынан аз, яғни іс жүзінде натрийден бос болады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Эпилепсияға қарсы дәрілер (әсіресе фенитоин және фенобарбитал), рифампицин Д3 дәруменінің реабсорбциясын төмендетеді.
Д3 дәруменін тиазидті диуретиктермен бір мезгілде қолдану гиперкальциемияның даму қаупін арттырады.
Д3 дәруменін жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолдану олардың уытты әсерін күшейтуі мүмкін (жүрек ырғағы бұзылуының көрініс беру қаупін арттырады).
Құрамында алюминий және магний бар антацидті дәрілерді Д дәрумені мен біріктіріп ұзақ уақыт қолдану қандағы алюминий концентрациясының жоғарылауына және соның салдарынан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде алюминийдің сүйек тініне уытты әсер етуі мен гипермагниемияға ықпал етуі мүмкін.
Құрамында кальций мен фосфордың жоғары концентрациясы бар препараттар гиперфосфатемия қаупін арттырады.
Д дәруменін басқа аналогтарымен бір мезгілде қолдану Д дәрумені гипервитаминозының даму қаупін арттырады.
Кетоконазол 1,25(ОН)2-колекальциферол биосинтезін де, катаболизмін де бәсеңдетуі мүмкін.
Д дәрумені гиперкальциемия кезінде қолданылатын кальцитонин, этидронат, памидронат препараттарының антагонисі болып табылады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Видропты жүкті немесе бала емізетін әйелдер әдеттегі тәуліктік қажеттілікке сәйкес дозада қабылдауы мүмкін. Күнделікті қажеттіліктен асатын дозалар шаранаға қауіп төндіретіні туралы нақты дәлелдер бар, дегенмен ана үшін емдік пайдасы одан асып кетуі мүмкін.
Бала емізу
Лактация кезінде Д3 дәруменін сақтықпен тағайындау керек, өйткені ана жоғары дозаларда қабылдайтын препарат балада артық дозалану симптомдарын тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар
Д3 дәруменінің артық дозалануы препараттың жоғары дозаларын қолдану нәтижесінде болуы мүмкін.
Симптомдары: гиперкальциемия, гиперкальциурия, бүйрек кальцификациясы, сүйектердің зақымдануы, жүрек-тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар. Гиперкальциемия Д дәруменін тәулігіне 50000-100000 ХБ дозаларда ұзақ уақыт қолданудан кейін басталады. Препарат артық дозаланғанда: бұлшықет әлсіздігі, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу, іш қату, қатты шөлдеу, ауыздың кеберсуі, полиурия, летаргия, конъюктивит, көздің қарығуы, панкреатит, дене салмағын жоғалту, қатты терлеу, тері қышынуы, мұрыннан сулы бөліністер, гипертермия, либидо төмендеуі, депрессия, психоздық бұзылыстар, гиперхолестеринемия, трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, артериялық гипертензия, жүрек ырғағының бұзылуы, уремия, бас ауыру, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, дене салмағының кемуі, бүйрек функциясының бұзылуы, нефролитиаз.
Емі: Видроп препаратын дереу тоқтату, сұйықтық қабылдауды арттыру және кальцийге бай тағамнан бас тарту.
Кальций алмасуының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, несеп-тас ауыруы, атеросклероз немесе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерге сақтық қажет. Д дәруменінің барлық түрлері жоғары дозаларда уытты болып табылады, бұл кальций сіңірілуінің едәуір артуына әкеледі. Уытты әсерлер бірнеше ай бойы дене салмағының 1000-3000 ХБ / кг дозасын күнделікті енгізгенде де пайда болуы мүмкін.
Дозаны анықтау кезінде сүт, май, балалар немесе басқа тамақ өнімдері көбінесе Д дәруменімен байытылатындығын ескеру керек.
Жүрек гликозидтерімен ем қабылдайтын пациенттерде сақтық таныту керек, өйткені мұндай жағдайларда гиперкальциемия аритмияға әкелуі ықтимал. Мыналардан аулақ болу үшін ерекше сақтық таныту керек:
Д дәруменін, әсіресе кальциймен және / немесе дәруменмен байытылған тағамдармен (мысалы, балалар тағамы) тиісті бақылаусыз немесе арнайы көрсетілімдерсіз айлар немесе тіпті жылдар бойы үлкен дозаларда профилактикалық қабылдау.
Д дәруменінің үлкен дозалары қысқа уақыт аралығында. Бұл организмнің пайда болған артық кальцийді жоюға тырысуы бүйректің экскреторлық қабілетінің шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін;
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін сақтау мерзімі 5 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.