Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы
Дозировка
250 ЛЕ
Торговое наименование
Вессел Дуэ Ф
Действующее вещество
Сулодексид
Назначение
Созылмалы веналық ойық жараларды емдеу
Производитель
Альфасигма С.п.А.
Страна
Италия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – сулодексид, 250 ЛБ (липопротеинлипаза бірліктері);
қосымша заттар – натрий лаурилсаркозинаты, кремнийдің қостотығы, триацетин;
капсуланың корпусы – желатин, глицерин, натрий этилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді кірпіш қызыл түсті капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ түстен сұр түске дейінгі гомогенді суспензия.
Созылмалы веналық ойық жараларды емдеу.
ATХ коды B01AB11
Әсер ету механизмі
Сулодексид фибринолитикалық әсер ету және тромбоциттер адгезиясын тежеу есебінен коагуляция каскадына тартылған кейбір факторларды, атап айтқанда белсендірілген Х факторын тежеу сияқты бірнеше механизмдер арқылы артериялар мен веналарға қарсы тромбоздық әсер көрсетеді. Тромбинмен өзара әрекеттесу минималды, бұл антикоагулянттық әсерді шектейді.
Фибриноген деңгейінің төмендеуіне ықпал ете отырып, сулодексид қантамыр аурулары және тромбоз қаупі бар пациенттерде қанның өзгерген тұтқырлығын қалпына келтіруде тиімді.
Сонымен қатар, липопротеинлипазаны белсендіру арқылы сулодексид липидтердің өзгерген деңгейін қалыпқа келтіруде тиімді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Арнайы зерттеулер сулодексидтің антикоагулянттық әсері жоқ екенін көрсетті.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Сулодексидтің емдік тиімділігі артериялар тарапынан да, веналар тарапынан да тромбоз қаупі бар қантамыр ауруларынан зардап шегетін пациенттерде бағаланды.
Препарат егде жастағы адамдарда және диабеті бар пациенттерде өзінің ерекше тиімділігін растады.
Бұл препаратты әрдайым дәрігеріңіздің нұсқауы бойынша қабылдаңыз. Егер сіз бір нәрсеге сенімді болмасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.
Дозалау режимі
Күніне 2 рет 1 капсуладан 30-40 күн ішінде тамақтанулар арасында пероральді қабылдайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде сулодексидті қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Қолдану әдісі мен жолы
Пероральді.
Аурудың жедел фазасы немесе ауыр симптомдар жағдайында емдеуді 15-20 күн ішінде Вессел Дуэ Ф инъекцияға арналған ерітіндісін енгізуден бастау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің толық курсын жылына кемінде екі рет қайталау керек.
Аурудың жедел фазасы немесе ауыр симптомдар жағдайында емдеуді 15-20 күн ішінде Вессел Дуэ Ф инъекцияға арналған ерітіндісін енгізуден бастау керек.
Дозалар мен қабылдау режимін емдеуші дәрігердің ұйғарымы бойынша өзгертуге болады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралыңыз.
Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жағымсыз реакциялардың жиілігін жіктеу үшін мынадай терминология пайдаланылады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықталуы мүмкін емес).
Жиі
- бас айналуы (вертиго)
- құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің ауыруы, диарея
- бөртпе
Жиі емес
- бас ауыруы, естен тану
- асқазаннан қан кету
- экзема, есекжем
- шеткері ісінулер (әсіресе тобық пен аяқтың)
Белгісіз
- анемия
- плазма ақуыздарының алмасуының бұзылулары
- дереализация (бұрмаланған шындық сезімі)
- құрысулар, тремор
- көру қабілетінің бұзылулары
- жүректің қағуы
- ысынулар
- қан түкіру (гемоптизис)
- мелена (асқазан-ішектен қан кету симптомы), эпигастралгия ("асқазандағы" ауырсыну), құсу, метеоризм, диспепсия (іштің жоғарғы бөлігіндегі жайсыздық немесе ауырсыну сезімі), жүрек айнуы
- Квинке ісінуі, эритема (терінің қызаруы), пурпура (көгеруге ұқсас дақтар), экхимоздар (тері астындағы қан кету), қышыну
- қуық мойнының стенозы, дизурия (несеп шығарудың қиындауы немесе ауыруы)
- полименорея (етеккір қан кетулер аралығының қысқаруы), жыныс мүшелерінің ісінуі, жыныс мүшелерінің эритемасы (қызару)
- кеуденің ауыруы, ауыру
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медициналық қызметкерге, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.
• Белсенді затқа, немесе препараттың кез келген қосымша заттарына, немесе гепарин мен гепариноидтарға аса жоғары сезімталдық.
• Геморрагиялық диатез және геморрагиялық аурулар.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Артық дозаланғаннан кейін қан кету пайда болу мүмкін. Қан кету жағдайында гепариннен туындаған қан кетуді тоқтату үшін қолданылатын протамин сульфатын енгізу қажет.
Қадағалануы
Биологиялық дәрілік заттардың қадағалануын жақсарту үшін енгізілген дәрілік заттың атауы мен сериясының нөмірін мұқият жазып алу қажет.
Сулодексидтің фармако-токсикологиялық қасиеттеріне байланысты препарат қолдану кезінде ерекше сақтық шараларын қажет етпейді. Алайда, антикоагулянттармен емдеу кезінде қанның коагуляция параметрлерін мезгіл-мезгіл бақылау керек.
Қосымша заттардың мөлшері
Капсулаларда натрий этилпарагидроксибензоаты және натрий пропилпарагидроксибензоаты консерванттары бар, олар аллергиялық реакциялар (мүмкін кешіктірілген әсермен) тудыруы мүмкін.
Вессел Дуэ Ф құрамында доза бірлігіне 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар (жұмсақ капсула немесе ампула), яғни іс жүзінде "натрий жоқ".
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Вессел Дуэ Ф көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе аздаған ғана әсер етеді.
Сулодексидті жүкті әйелдерге қолдану туралы деректер шектеулі (300 жағдайдан аз).
Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивтік уыттылыққа қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсерлерді анықтамаған.
Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде Вессел Дуэ Ф сулодексидін қолданудан аулақ болған жөн.
Сулодексидтің немесе оның метаболиттерінің адамның немесе жануарлардың емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз. Емшек сүтімен қоректенетін сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Вессел Дуэ Ф бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Фертильділік
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде сулодексидтің еркектердің немесе әйелдердің фертильділігіне тікелей немесе жанама зиянды әсері анықталған жоқ.
Сулодексид гепарин тәрізді молекула болғандықтан, ол бір мезгілде қолданғанда гепариннің өзі мен пероральді антикоагулянттардың антикоагулянттық әсерін күшейте алады.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.