Цефтриаксонды жүйелі енгізуге тән және цефтриаксонды (лидокаинмен) бұлшықет ішіне енгізгенде де туындауы мүмкін жағымсыз әсерлер төменде атап көрсетілген. Келесі бөлімде лидокаинді пайдалану кезінде байқалған жағымсыз әсерлер сипатталған. Цефтриаксон мен лидокаинді бір мезгілде қолдану туралы ешқандай нақты деректер жоқ.
Цефтриаксонға анағұрлым көп таралған жағымсыз реакциялар-эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, диарея, бөртпе және бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы.
Лидокаинмен/онсыз цефтриаксон (бұлшықетішілік инъекцияға арналған еріткіш құрамында бар)
Цефтриаксонмен емдеу кезінде келесі жағымсыз реакциялар байқалды, олар өздігінен немесе препаратты тоқтатқаннан кейін жойылды.
Өте жиі
- балаларда өт қабында цефтриаксон кальций тұзының симптоматикалық шөгуі, балаларда қайтымды өт-тас ауруы; бұл ауру ересектерде сирек кездеседі
Жиі
- эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, тромбопластиндік уақыттың ұзаруы
- диарея, сұйық нәжіс (АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза)
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
- бөртпе, ісіну
Жиі емес
- жыныс мүшелерінің зең инфекциялары
- гранулоцитопения, анемия, коагуляция бұзылыстары, сарысу креатининінің жоғарылауы
- бас ауыруы, бас айналу
- жүрек айнуы, құсу
- қышыну
- флебит, енгізу орнының ауыруы (мысалы, ауыру, эритема, температураның жоғарылауы, қызару, флебит, экстравазация, ісіну, бөртпе, қышыну, қабыну, тығыздану, гематома, инфекция, инъекция орнындағы абсцесс), қызба
- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
Сирек
- жалған жарғақшалы колит
- энцефалопатия
- бронх түйілуі
- ядролық сарғаю
- есекжем
- олигурия, гематурия, глюкозурия***
- ісіну, қалтырау, анафилаксиялық немесе анафилактоидты реакциялар, вена жақтауының қабыну реакциялары; баяу (2-ден 4 минутқа дейін) инъекцияны қолдана отырып, оларды болдырмауға болады
Өте сирек
- жалғанжарғақшалы энтероколит
Жиілігі белгісіз
- сезімтал емес организмдердің суперинфекциялары
- агранулоцитоз**
- құрысулар
- Коунис синдромы
- панкреатит*, стоматит, глоссит
- жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP), терінің ауыр реакциялары (көп формалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы немесе Лайелл синдромы/уытты эпидермалық некролиз)
- Яриш-Герксгеймер реакциясы
- Кумбс тестінің жалған оң нәтижелері, галактоземияға жалған оң талдау нәтижелері, глюкозаны анықтаудың ферменттік емес әдістерінің жалған оң нәтижелері
* өт жолдарының бітелуінен туындауы мүмкін. Зақымдануы бар пациенттердің көбінде өт шығару жолдарының обструкция қауіп факторлары және өт қабының қыспақ синдромы болды, мысалы, елеулі хирургиялық араласым, ауыр ауру немесе тек парентеральді қоректену. Цефтриаксон өтте преципитат түзілуінің кофакторы немесе іске қосу механизмінің рөлін атқаруы мүмкін.
** Агранулоцитоздың жекелеген жағдайлары байқалған (<500/мм³), олардың көбі 20 г немесе одан да көп жалпы дозалардан кейін байқалған.
Ұзақ мерзімді емдеу кезінде жүйелі түрде толық қан талдауы жүргізілуі керек. Протромбиндік уақыттың шамалы ұлғаюы туралы хабарланды.
*** Несеп шығару жолдарында цефтриаксонның шөгуі негізінен жоғары дозалар (мысалы, тәулігіне ≥ 80 мг/кг немесе жалпы дозасы 10 г-нан артық жалпы дозалар) алған және басқа қауіп факторлары бар (мысалы, сусыздану, төсек режимін сақтау және т.б.) балаларда байқалды. Бұл жағымсыз әсер симптомсыз немесе симптоматикалық болуы мүмкін және несепағардың обструкциясына және жедел постренальді бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, бірақ цефтриаксон қабылдауды тоқтатқанда әдетте қайтымды болады.
Тіркеуден кейінгі бақылау
Белгісіз: Терінің дәрілерге ауыр реакциялары (SCAR)
Кальциймен өзара әрекеттесуі
Цефтриаксон мен кальцийдің өзара әрекеттесуін зерттеу үшін екі in vitro зерттеуі жүргізілді: біреуі ересектердің плазмасымен, екіншісі - жаңа туған нәрестенің кіндік қанының плазмасымен.
12 мМ дейін кальцийдің концентрацияларымен (48 мг/дл) үйлесімде 1 мМ дейін цефтриаксон концентрациялары (30 минут ішінде in vivo 2 г цефтриаксон инфузиясымен жеткен артық концентрацияда) пайдаланылды. Цефтриаксонның плазмадан шығарылуы ересектер плазмасында 6 мМ (24 мг/дл) немесе одан жоғары және жаңа туған нәрестелердің плазмасында 4 мМ (16 мг/дл) немесе одан жоғары кальций концентрациясында төмендеді. Бұл кальций цефтриаксонының шөгуін көрсетуі мүмкін.
Сойып тексеру өкпе мен бүйректе кристалдық материалды анықтаған өліммен аяқталған жағдайлардың аз саны цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділермен ем алған жаңа туған нәрестелерде тіркелді. Осы жағдайлардың кейбірінде цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді дайындау үшін сол бір инфузия желісі пайдаланылды, ал кейбір жағдайларда инфузия желісінде тұнба анықталды. Цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді әртүрлі уақытта және әртүрлі инфузиялық жүйелер арқылы берген жаңа туған нәрестеде кем дегенде бір өлім тіркелді. Сойып тексеру кезінде осы жаңа туған нәрестеде кристалдық материал анықталған жоқ. Жаңа туған нәрестелерден басқа пациенттерде өлім жағдайлары туралы ұқсас хабарламалар жоқ.
Еріткіш құрамындағы лидокаин
Жиі
- күйгелектік, мазасыздық, эйфория, сананың шатасуы
- бас айналу, парестезия, ұйқышылдық, жанасуға сезімталдықтың жоғарылауы, тремор, дизартрия, құрысулар, естен айырылу
- көрудің бұлыңғырлануы, көзге қос көріну
- құлақтағы шуыл
- брадикардия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия
- тыныстың тарылуы, тыныс алу жеткіліксіздігі
- жүрек айнуы, құсу
- бұлшықеттің тартылуы
- ісіну, суықты және/немесе қызуды сезіну
Жиі емес
- гиперакузия
Сирек
- анафилаксиялық реакциялар
- нейропатия
- аритмиялар, жүрек-қантамыр коллапсы, жүректің тоқтап қалуы
Жиілігі белгісіз
- тері зақымданулары, есекжем
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz