Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозировка
50 мг + 450 мг
Торговое наименование
Венарус®
Действующее вещество
Диосмин, комбинации
Назначение
Венарус® ересектердегі венаның созылмалы ауруларының симптомдарын емдеу үшін (симптомдарды жою және жеңілдету) қолдануға арналған
Производитель
АО АЛИУМ
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: гесперидин (100% затқа шаққанда) – 50 мг, диосмин (100% затқа шаққанда) - 450 мг;
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилкрахмалы (натрий крахмалы гликоляты), желатин, тальк, магний стеараты;
қабықтың құрамы: гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), макрогол 6000 (полиэтиленгликоль 6000), натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, титанның қостотығы, темірдің қызыл тотығы бояғышы, темірдің сары тотығы бояғышы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сызығы бар, ұштары дөңгелек ұзынша пішінді, екі беті дөңес, қызыл сары - қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең кескінінде ядросы сұрғылт-сарыдан қоңырқай-сұр түске дейін.
Венарус® ересектердегі венаның созылмалы ауруларының симптомдарын емдеу үшін (симптомдарды жою және жеңілдету) қолдануға арналған.
• Веналық-лимфалық жеткіліксіздік симптомдарын емдеу:
• ауыру
• аяқтың құрысулары
• аяқтағы ауырлық және кернеу сезімі
• аяқтың «шаршауы».
• Веналық-лимфалық жеткіліксіздік көріністерін емдеу:
• аяқтың ісінуі
• тері және тері асты шелінің трофикалық өзгерістері
• веналық трофикалық ойық жаралар.
• Жедел және созылмалы геморройды симптоматикалық емдеу.
Егер жақсару болмаса немесе Сіз нашарлауды сезінсеңіз, дәрігерге жүгіну керек.
Әсер ету механизмі
Гесперидин + диосмин біріктірілімі венатонустық және ангиопротекторлық қасиеттерге иеленген. Веналардың созылуын және веналық іркілісті азайтады, капиллярлардың сынғыштығы мен өткізгіштігін төмендетеді. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері веналық гемодинамика көрсеткіштеріне қатысты гесперидин + диосмин біріктірілімінің фармакологиялық белсенділігін растайды.
Фармакодинамикалық әсерлер
Келесі веналық плетизмографиялық параметрлер үшін статистикалық сенімді дозаға тәуелді әсер көрсетілді: веналық сыйымдылық, вена созылғыштығы және венаның босатылу уақыты. Веналардың созылмалы ауруларын емдеу кезінде оңтайлы "доза – әсер" қатынасы 1000 мг қабылдау кезінде байқалады. Гесперидин + диосмин біріктірілімі веналық тонусты арттырады: веналық окклюзиялық плетизмография әдісімен веналық босау уақытының азаюы көрсетілді. Микроциркуляцияның айқын бұзылуының белгілері бар пациенттерде емдеуден кейін ангиостереометрия әдісімен бағалау кезінде плацебомен салыстырғанда капиллярлардың резистенттілігінің статистикалық елеулі жоғарылауы байқалды.
Аяқтың веналарының созылмалы ауруларын емдеуде, сондай-ақ геморройды емдеуде емдік тиімділігі дәлелденді.
Дозалау режимі
Веналық-лимфалық жеткіліксіздік кезінде ұсынылатын доза - тәулігіне 2 таблетка (бір немесе екі қабылдауда): таңертең, күндіз және/немесе кешке, тамақтану кезінде.
Емдеу курсының ұзақтығы бірнеше айды (тіпті 12 айға дейін) құрауы мүмкін. Симптомдар қайта пайда болған жағдайда дәрігердің ұсынысы бойынша емдеу курсы қайталануы мүмкін.
Жедел геморрой кезінде ұсынылатын доза - тәулігіне 6 таблетка: 4 күн бойы таңертең 3 таблеткадан және кешке 3 таблеткадан, содан кейін тәулігіне 4 таблеткадан: таңертең 2 таблеткадан және келесі кешке 2 таблеткадан 3 күн бойы.
Созылмалы геморрой кезінде ұсынылатын доза - тамақтану кезінде тәулігіне 2 таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке. Таблеткаларды сумен іше отырып, тұтастай жұту керек. Сындыру сызығы (сызық) таблетканы сындыруға арналмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Бұл препаратты әрдайым дәрігеріңіздің нұсқауы бойынша қолданыңыз. Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар пайда болса, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Жиі
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
- диарея, диспепсия, жүрек айнуы, құсу
Жиі емес
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
- колит
Сирек
Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
- бас айналу, бас ауруы, жалпы дімкәстік
Тері мен тері асты шелі тарапынан бұзылулар
- тері бөртпесі, терінің қышынуы, есекжем
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
- іштің ауыруы
Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
- құрысулар
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар
- тамақтың жыбырлауы, кеуденің ауыруы
Тері мен тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
- аллергиялық дерматит, гиперемия, беттің, еріннің, қабақтың оқшауланған ісінуі, ерекше жағдайларда ангионевроздық ісіну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz.
Симптомдары
Венарус® препаратының артық дозалану жағдайлары туралы деректер шектеулі. Артық дозаланған жағдайда едәуір жиі жағымсыз реакциялар асқазан-ішек бұзылулары (диарея, жүрек айну, іштің ауыруы) және тері реакциялары (қышыну, бөртпе) болды.
Емі
Венарус® препаратын қабылдауды бастамар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Геморройды емдеу кезінде Венарус® препаратын тағайындау тік ішектің және анустық өзектің басқа ауруларын спецификалық емдеуді алмастырмайды. Препаратты өз бетінше қолданған кезде 4.2-бөлімде көрсетілген ең көп мерзімнен және ұсынылған дозалардан асырмаңыз. Егер геморрой симптомдары ұсынылған ем курсынан кейін сақталған жағдайда проктологтан тексеруден өту керек, ол одан әрі қарайғы емді таңдайды.
Веналық қанайналымның бұзылуы
Веналық қанайналым бұзылулары болған кезде, емдеудің ең жоғары әсері емді қосымша емдік-профилактикалық шаралармен/салауатты (теңдестірілген) өмір салтымен біріктіру арқылы қамтамасыз етіледі: күнде ұзақ уақыт бойы болудан, көп жүруден аулақ болу, сондай-ақ дененің артық салмағын төмендету ұсынылады. Жаяу серуендеу және кейбір жағдайларда арнайы шұлық кию қанайналымын жақсартуға көмектеседі.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Жүкті әйелдерде тазартылған микрондалған флавоноидты фракцияны қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивті уыттылықты анықтаған жоқ.
Ескерту шарасы ретінде жүктілік кезінде Венарус® препаратын қолданбаған жөн.
Тазартылған микрондалған флавоноидты фракция (метаболиттер) адамның емшек сүтіне енетін-енбейтіні белгісіз.
Жаңа туған нәрестелер мен сәбилер үшін қауіп жоққа шығарылмайды. Нәресте үшін емшек емізудің пайдасын және әйел үшін емнің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе Венарус® препаратымен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.
Венарус® дәрілік препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін зерттеу бойынша клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы уақытқа дейін препаратты тіркеуден кейінгі қолдану кезінде клиникалық елеулі дәрілік өзара әрекеттесулер туралы хабарланған жоқ.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.