Әсер ету механизмі
Цефтриаксонның бактерицидтік белсенділігіне бактериялардың жасуша қабырғасы синтезінің тежелуі түрткі болады. In vitro цефтриаксонның грамтеріс және грамоң микроорганизмдерге қатысты белсенділік ауқымы кең. Грамоң және грамтеріс бактериялар өндіретін β-лактамазалардың көпшілігіне (пенициллиназаларға да, цефалоспориназаларға да) қатысты цефтриаксонның төзімділігі жоғары.
In vitro цефтриаксон, әдетте, келесі микроорганизмдерге қатысты белсенді (4.1 бөлімін қараңыз):
Грамоң аэробтар — Медианалық мәні
ЕТБК50*(мг/л) — ЕТБК90**(мг/л)
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал) — 4 — 4
Коагулаза-теріс стафилококтар — 4 — 16
Streptococcus pyogenes (β – гемолиздік, A тобы) — 0,03 — 0,03
Streptococcus agalactiae (β – гемолиздік, B тобы) — ≤ 0,06 — 0,06
ß- гемолиздік стрептококтар (A және B топтарына жатпайтындары) — ≤ 0,06 — 0,06
Streptococcus viridans — 0,125 — 0,5
Streptococcus pneumoniae — ≤ 0,06 — 0,06
*ЕТБK50 = зерттеудегі штамдардың 50%-ы үшін ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясы
**ЕТБК90 = зерттеудегі штамдардың 90%-ы үшін ең төменгі бәсеңдеткіш концентрация
Грамтеріс аэробтар — Медианалық мәні
ЕТБК50*(мг/л) — ЕТБК90**(мг/л)
Acinetobacter lwoffi — 2 — 8
Acinetobacter anitratus1 (көбінесе A. baumanii) — 8 — 32
Aeromonas hydrophila — 0,25 — 4
Alcaligenes faecalis — 1 — 8
Alcaligenes odorans — ≤ 0,25 — 0,5
Alcaligenes тобындағы бактериялар — ≤ 0,25 — 0,5
Borrelia burgdorferi — ≤ 0,06 — ≤ 0,06
Burkholderia cepacia — 2 — 16
Capnocytophaga spp. — ≤ 0,06 — 4
Citrobacter diversus (C. amalonaticus қоса) — 0,125 — 0,125
Citrobacter freundii1 — 0,125 — 16
Escherichia coli — ≤ 0,06 — 0,125
Enterobacter aerogenes1 — 2 — 16
Enterobacter cloacae1 — 0,5 — 16
Enterobacter spp. (басқа да)1 — 0,25 — 32
Haemophilus ducreyi — 0,004 — 0,004
Haemophilus influenzae — ≤ 0,008 — 0,06
Haemophilus parainfluenzae — 0,016 — 0,06
Klebsiella oxytoca — ≤ 0,06 — 0,125
Klebsiella pneumoniae2 — ≤ 0,06 — 0,125
Moraxella catarrhalis (бұрында Branhamella catarr.) — 0,125 — 0,5
Moraxella osloensis — ≤ 0,25 — ≤ 0,25
Moraxella spp. (басқа да) — ≤ 0,25 — ≤ 0,25
Morganella morganii — 0,06 — 1
Neisseria gonorrhoeae — ≤ 0,008 — 0,06
Neisseria meningitidis — ≤ 0,008 — 0,008
Pasteurella multocida — ≤ 0,06 — 0,06
Plesiomonas shigelloides — ≤ 0,06 — 0,06
Proteus mirabilis — ≤ 0,06 — 0,06
Proteus penneri1 — 1 — 64
Proteus vulgaris — ≤ 0,06 — 2
Pseudomonas fluorescens1 — 16 — 64
Pseudomonas spp. (басқа да)1 — 8 — 16
Providencia rettgeri — ≤ 0,06 — 2
Providencia spp. (басқа да) — ≤ 0,06 — 0,5
Salmonella typhi — ≤ 0,06 — 0,125
Salmonella spp. (enteritidis типi) — ≤ 0,06 — 0,06
Serratia marcescens — 0,5 — 2
Serratia spp. (басқа да) — 0,25 — 16
Shigella spp. — 0,03 — 0,25
Vibrio spp. — ≤ 0,06 — 0,25
Yersinia enterocolitica — ≤ 0,125 — 0,125
Yersinia spp. (басқа да) — 0,25 — 2
Анаэробтар — Медианалық мәні
ЕТБК50*(мг/л) — ЕТБК90**(мг/л)
Bacteroides spp.3 (өтке сезімтал) — 2 — 16
Clostridium spp. (C. perfringens тобынан басқасы) — 2 — 16
Fusobacterium nucleatum — 1 — 2
Fusobacterium spp. (басқа да) — 0,125 — 0,25
Gaffkia anaerobica (бұрында Peptococcus) — 0,125 — 1
Peptostreptocoques — 0,125 — 1
Цефтриаксонға сезімталдықты диск-диффузия әдісінің көмегімен немесе агарда немесе сорпада сериялап сұйылту әдісімен, мысалы, Клиникалық және зертханалық стандарттар институты (КЗСИ) ұсынған, резистенттілікті тестілеудің стандартты әдістемесін пайдалана отырып анықтауға болады. КЗСИ цефтриаксонға арналған сынама нәтижелерін бағалаудың келесі критерийлерін белгіледі:
Сезімтал — Сезімталдығы орташа — Резистентті
Сұйылту әдісі
Бәсеңдеткіш концентрациясы, мг/л — ≤ 8 — 16-32 — ≥ 64
Диффузиялық тест (30 мкг цефтриаксонмен сіңдірілген диск)
Өсуі тежелген аймақтың диаметрі, мм — ≥ 21 — 20-14 — ≤ 13
Анықтау үшін цефтриаксон жағылған дискілерді пайдалану керек, өйткені in vitro зерттеулерден, цефтриаксонның цефалоспориндердің барлық топтарына арналған дискілерді пайдаланғанда резистенттілік анықталған жекелеген штамдарға қатысты белсенді екендігі көрсетілді.
КЗСИ стандарттарынан өзге, микроорганизмдердің сезімталдығын анықтау үшін басқа, мысалы, Неміс стандарттау институты мен Біріккен зерттеу тобының стандарттандырылған ұсынымдарын да пайдалануға болады.
Резистенттілік
1) Жоғарыда көрсетілген микроорганизмдердің кейбір изоляттары хромосомалармен кодталған βлактамазалардың түзілетіндігі салдарынан цефтриаксонға резистентті.
2) Плазмид-түрткі болатын βлактамазалардың тұтас бір қатары түзілетіндігі салдарынан, Klebsiella pneumoniae кейбір изоляттары цефтриаксонға резистентті.
3) Bacteroides spp. кейбір изоляттары цефтриаксонға резистентті.
β-лактамаза түзейтін Bacteroides spp. көптеген штамдары (атап айтқанда, B. fragilis) цефтриаксонға төзімді.
Clostridium difficile цефтриаксонға резистентті.
Метициллинге резистентті Staphylococcus spp. цефалоспориндерге, соның ішінде цефтриаксонға резистентті. Әдетте, Enterococcus faecalis, Enterococcus faecium мен Listeria monocytogenes-тің де резистенттілігі бар.
Аминопенициллиндер мен уреидопенициллиндер, бірінші және екінші буын цефалоспориндері және аминогликозидтер сияқты басқа антибиотиктерге жартылай резистентті грамтеріс аэробтардың көптеген штамдары цефтриаксонға сезімтал. Treponema pallidum in vitro және жануарлардағы эксперименттерде цефтриаксонға сезімтал. Клиникалық зерттеулер, цефтриаксонның алғашқы және салдарлы мерезге қатысты тиімділігінің жақсы екендігін көрсетті.
Сирек кездесетін жағдайларды қоспағанда, Pseudomonas aeruginosa клиникалық изоляттары цефтриаксонға резистентті.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Қатысты емес.