Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл препарат та жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін, бірақ бәрінде бірдей бола бермейді.
Кейбір жағымсыз әсерлер ауыр болуы және шұғыл медициналық көмекті қажет етуі мүмкін: кейбір пациенттерде осындай елеулі жағымсыз әсерлер байқалған (1000 адамның 1-еуінде болуы мүмкін). Мынадай симптомдар: бөртпе, қышыну, беттің, еріннің немесе тілдің ісінуі, тыныс алудың қиындауы, артериялық қысымының төмендеуі (өзін нашар сезіну, бас айналу) сияқты симптомды аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда тезірек дәрігерге хабарлау керек.
Валодип препаратының болуы ықтимал басқа жағымсыз әсерлер:
Жиі (10 адамның 1-еуінде болуы мүмкін)
- назофарингит, тұмауға ұқсас симптомдар, гипокалиемия, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, жүректің қатты соғуы, бетке қан тебу, іш аймағындағы жайсыздық, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, жүрек айнуы, табан буынының ісінуі, астения, шаршау, беттің ісінуі, бетке қан тебулер, ысыну сезімі, ісінулер, домбыққандық
Жиі емес (100 адамның 1-еуінде болуы мүмкін)
• анорексия, гиперлипидемия, гиперурикемия, гипонатриемия, депрессия, ұйқысыздық/ұйқы бұзылыстары, көңіл-күйдің ауытқуы, қимыл – қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, постуральді бас айналу, дисгевзия, парестезиялар, естен тану, тремор, гипестезия, визуальді бұзылулар, көрудің бұзылуы, құлақтағы шуыл, вертиго, тахикардия, гипотензия, ортостаздық гипотензия, жөтел, диспноэ, ринит, дефекация ырғағының өзгеруі, іш қату, диарея, ауыздың құрғауы, диспепсия, құсу, алопеция, эритема, экзантема, гипергидроз, фотосезімталдық реакциялары, қышыну, пурпура, бөртпе, тері түсінің өзгеруі, артралгия, арқаның ауыруы, буындардың ісінуі, бұлшықет түйілуі, миалгия, несеп шығарудың бұзылуы, никтурия, поллакиурия, импотенция, гинекомастия, жайсыздық, дімкәстік, жүрекпен байланысты емес, кеуденің ауыруы, ауыру, салмақтың төмендеуі, салмақтың артуы
Сирек (1000 адамның 1-еуінде болуы мүмкін)
- аса жоғары сезімталдық, үрейлену, сананың шатасуы, естен тану, ауырлық сезімі, полиурия, эректильді дисфункция
Өте сирек (10000 адамның 1-еуінде болуы мүмкін)
- лейкопения, тромбоцитопения, кейде пурпурамен, гипергликемия, гипертония, шеткері нейропатия/нейропатия, аритмия (брадикардияны, қарыншалық тахикардияны және жүрекше фибрилляциясын қоса), миокард инфарктісі, васкулит, гастрит, қызылиек гиперплазиясы, панкреатит, қан билирубині деңгейінің жоғарылауын қоса, бауыр функциясының атиптік сынамалары, гепатит, бауырішілік холестаз, сарғаю, ангионевроздық ісіну, мультиформалы эритема, есекжем және бөртпенің басқа түрлері, эксфолиативті дерматит, Стивен-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- гемоглобин мен гематокрит деңгейінің төмендеуі, нейтропения, экстрапирамидтік синдром, буллездік дерматит, уытты эпидермальді некролиз, қан креатинині деңгейінің жоғарылауы, бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек функциясының бұзылуы, қан калий деңгейінің жоғарылауы
Егер жоғарыда аталған құбылыстардың кез келгені күрделі әсер етсе, емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Тек амлодипинді немесе валсартанды қолдану кезінде пайда болатын, Валодипті қолдану кезінде байқалмаған немесе біріктірілген препаратты қолданғанға қарағанда жоғары жиілікпен байқалған жағымсыз әсерлер
АмлодипинПрепаратты қабылдағаннан кейін өте сирек кездесетін және ауыр жағымсыз реакциялардың кез-келгені пайда болса, дереу дәрігерге жүгіну керек:
- кенеттен ентігу, кеудедегі ауырсыну, тез немесе қиын тыныс алу
- қабақтың, беттің немесе еріннің ісінуі
- тыныс алуда қатты қиындықтар туғызатын тіл мен тамақтың ісінуі
- терінің қатты реакциясы, соның ішінде терінің қатты бөртпесі, есекжем, бүкіл денеде терінің қызаруы, қатты қышу, күлдіреуіктің түзілуі, терінің қабыршақтануы және ісінуі, шырышты қабаттардың қабынуы (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз) немесе басқа аллергиялық реакциялар
- жүрек ұстамасы, жүректің тұрақсыз соғуы
- өзін нашар сезінумен қатар жүретін іште және арқада қатты ауырсынуды тудыруы мүмкін ұйқы безінің қабынуы.
Келесі жағымсыз әсерлер туралы хабарлар болған. Егер аталған құбылыстардың кез-келгені денсаулыққа зиян келтірсе немесе бір аптадан көпке созылған болса дәрігерге жүгіну керек.
Жиі (10 адамның 1-еуінде болуы мүмкін): бас айналу, ұйқышылдық; жүрек соғысының жиілеуі (жүрек соғысын сезіну); қызару, тобық ісінуі (ісіну); іштің ауыруы, өзін нашар сезіну (жүрек айнуы).
Жиі емес (100 адамның 1-еуінде болуы мүмкін): көңіл-күйдің өзгеруі, мазасыздық, депрессия, ұйқысыздық, діріл, дәмнің бұзылуы, естен тану, ауырсынудың төмендеуі; визуалды бұзылулар, көрудің бұзылуы, көрінімділік бұзылулар, құлақтағы шуыл; артериялық қысымның төмендеуі; мұрын қуысы (ринит) шырышты қабықтың қабынуынан туындаған түшкіру/тұмау, іш айналасының жайсыздығы, құсу (жүрек айну); шаштың түсуі, қатты терлеу, терінің қышынуы, тері түсінің өзгеруі; несеп шығуының бұзылуы, түнде несепке қысылулардың жиілеуі; несеп шығуының жиілеуі, эрекцияға жету мүмкін еместігі, еркектерде сүт бездерінің жайсыздығы немесе ұлғаюы, ауырсыну, өзін нашар сезіну, бұлшықет ауыруы, бұлшықет түйілуі; салмақтың артуы немесе азаюы.
Сирек (1000 адамның 1-еуінде болуы мүмкін): сананың шатасуы
Өте сирек (10000 адамның 1-еуінде болуы мүмкін): лейкоциттер санының төмендеуі, тромбоциттер санының азаюы, бұл өздігінен қанталауға немесе қан кетуге (эритроциттердің зақымдалуына) әкелуі мүмкін; қандағы қант деңгейінің жоғарылауы (гипергликемия); қызылиектің ісінуі, іштің кебуі (гастрит); зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін бауыр сынамалары көрсеткішінің өзгеруі, бауырдың қабынуы (гепатит), терінің сарғаюы (сарғаю), бауыр ферменттерінің көбеюі; бұлшықет кернеуінің жоғарылауы; қан тамырларының қабынуы, көбінесе тері бөртпелерімен қатар жүреді, жарыққа сезімталдық; сіреспелік, дірілді және/немесе қозғалыс бұзылыстарын біріктіретін бұзылулар.
Валсартан
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілікті анықтау мүмкін емес): эритроциттер санының төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы, тамақ ауыруы немесе инфекцияға байланысты ауыз қуысында ойық жараның түзілуі; кенеттен қан кету немесе қанталау; қандағы калий деңгейінің жоғарылауы; бауыр сынамасы көрсеткіштерінің өзгеруі; бүйрек функциясының бұзылуы; негізінен бет пен тамақтың ісінуі; бұлшықет ауыруы; қызыл дақтар түріндегі бөртпе, тері бөртпесі; қышыну; аллергиялық реакция; теріде күлдіреуіктің пайда болуы (буллезді дерматит деп аталатын аурудың белгісі)
Жоғарыда сипатталған белгілердің қандай да бірі бар болса тездетіп емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz