Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозировка
20 мг
Торговое наименование
Шүйгіншөп экстрактісі
Действующее вещество
Валерианы корневище с корнями
Назначение
Неврастенияда және ұзаққа созылған жүйке-психикалық қозуымен байланысты жай-күйлер
Производитель
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Страна
Беларусь
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – шүйгіншөп қою экстрактісі – 20 мг,
қосымша заттар: негізгі магний карбонаты (ауыр), картоп крахмалы, тальк, желатин;
қабықтың құрымы: негізгі магний карбонаты (жеңіл), өндірістік ара балауызы, титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), сахароза, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, желатин, тазартылған күнбағыс майы, қатты парафин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі жақ беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабаттан тұратыны көрініп тұрады.
Кешенді ем құрамында:
- неврастенияда және ұзаққа созылған жүйке-психикалық қозуымен байланысты жай-күйлер
- қатты қозудың, жүйке стрессі салдарынан ұйқының бұзылуы
- жүрек-қантамыр жүйесі мен ас қорыту жүйесі тарапынан жеңіл функционалдық бұзылулар
Өсімдік дәрісі. Тыныштандыратын әсер көрсетеді.
Әсер етуі оның құрамындағы эфир майларына байланысты (0,2-2,8 %), көпшілік бөлігі борнеол мен изошүйгіншөп қышқылының күрделі эфирі - борнеол ацетатын құрайды. Шүйгіншөптің тамырындағы мына сексвитерпендер мен монотерпендер: β-кариофиллен, валеранон, валеренал, шүйгіншөп қышқылы, сондай-ақ валепотриаттар (0,05-067%) - валтрат және изовалтрат препараттың маңызды компоненттері болып табылады. Валепотриаттар деградациясының негізгі өнімдері - балдринал, гомобалдринал және валтроксал болып саналады. Шүйгіншөп экстрактісі γ-аминмай қышқылының әсеріне ГАМҚ- рецепторларының (гамма-аминмай қышқылының рецепторлары) сезімталдығын арттырады, ол өз тарапынан ми қыртысындағы тежелу үдерістерін күшейтеді. Бір уақытта ми қыртысы нейрондарының синапстарында ГАМҚ синтезі мен секрециясының артқаны байқалады. Мұндай әсер шүйгіншөп экстрактісінің құрамындағы заттар қосындысының әсер етуінен ғана көрінеді және эфир майын, сексвитерпендерді немесе валепотриттарды оқшаулап енгізу кезінде қалпына келтіру мүмкін емес.
Шүйгіншөпті пайдалану кезінде тыныштандыратын әсері баяу басталады, бірақ тұрақты түрде және толық дамиды және мұндай әсерге жүйелі түрде, ұзақ уақыт бойы дәріні курспен пайдаланғанда ғана қол жеткізуге болады. Сыртқы ортаның тітіркендіруші күштеріне организм реакциясы жылдамдығы төмендеп, табиғи ұйқының орын алуы жеңілдейді.
Әсіресе өт шығару жолдарының гипермоторлы дискинезиясы мен түйілуі орын алғанда валепотриаттар мен шүйгіншөп қышқылының спазмолитикалық әсері бар болғандықтан, аздаған өт айдайтын әсер көрсетеді.
Шүйгіншөптің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар кешені нейрогуморальді механизмдер арқылы миокардттың өткізгіш жүйесіне әсер етіп жүрек қызметін реттеп, жүректің соғу жылдамдығын азайтады, коронарлық қантамырларды аздап кеңейтеді.
Дозалау режимі
Ересектерге күніне 40-80 мг (2-4 таблетка) 3 рет. Қажет болған жағдайда тәуліктік доза бірнеше (әдетте 4-5) қабылдауларда 1000 мг дейін көтерілуі мүмкін. Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған адамдарда дозаны түзету қажет емес.
Емдеу курсы – 1 айға дейін.
- шүйгіншөпке немесе қосымша заттардың кез келгеніне (оның ішінде ара шаруашылығы өнімдеріне) аса жоғары сезімталдық;
- сахараза/изомальтаза тапшылығы, лактаза тапшылығы, фруктоза жақпаушылығы, лактоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- жүктілік (I триместр);
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар.
Жиі
- сылбырлық
- жабырқау
- әлсіздік
- еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі
- іш қату
Сирек:
- аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: шамадан тыс жоғары дозаларды (ең жоғары ұсынылған дозадан 20 есе артық) пайдаланған кезде орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуімен байланысты спецификалық емес симптомдар: сылбырлық, мәңгіру, ұйқышылдық туындауы мүмкін. Ауыр жағдайларда брадикардия мен аритмия пайда болуы мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату, белсендірілген көмірді пайдалана отырып, асқазан-ішек лаважын жүргізу, препараттың ішекте сіңірілуін болдырмау және іш жүргізетін әсерді қамтамасыз ету үшін ішке магний сульфатын қабылдау керек. Арнайы антидоты жоқ.
- жүктілік (II және III триместр);
- созылмалы энтероколит.
Арнайы ескертулер
Нан бірлігінің (НБ) болуы:
- препараттың бір реттік дозасында (1 таблетка) – 0.01 НБ;
- препараттың ең жоғары тәуліктік дозасында (6 таблетка) – 0.06 НБ.
Үлкен дозаларда ұзақ қолданған кезде психомоторлық реакциялар төмендеуі мүмкін.
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 4 аптадан артық қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды, өйткені құрамында хинолинді сары бояғыш (E 104) бар.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Шүйгіншөп препараттарынан туындаған сылбырлық және сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияның төмендеуі, әдетте, пациенттің көлік құралын басқару қабілетіне немесе басқа операторлық қызметіне әсерін тигізбейді. Дегенмен, әсіресе шүйгіншөпті құрамында алкоголь бар сусындармен немесе орталық жүйке жүйесіне әсер ететін өзге дәрілермен бірге қолданған кезде сақ болу керек.
Препаратты жүктіліктің I триместрінде қолдануға болмайды. Препаратты жүктіліктің II және III триместрінде және бала емізу кезеңінде, егер ана үшін күтілетін пайда шарана мен бала үшін потенциалды қауіптен жоғары болса ғана қолдануға болады. Дәрігермен кеңесу қажет.
Шүйгіншөп басқа тыныштандыратын және ұйықтайтын дәрілердің, наркозға арналған дәрілердің, психотроптық препараттардың, сондай-ақ спазмолитикалық дәрілердің әсерін қуаттандырады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.