Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы
Торговое наименование
Уролесан®
Действующее вещество
Урологические препараты другие
Назначение
Жедел және созылмалы бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекцияларында (циститтер мен пиелонефриттер)
Производитель
Киевмедпрепарат
Страна
Украина
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: жабайы сәбіз жемістерінің (Daucus carota)/ құлмақ бүршігінің (Lupuli flos)/ жұпаргүл шөбінің (Origani herba) (1/1,4/1)Уролесан қою экстрактісі (10-26:1), экстрагент - 96 % этанол (к./к.), 10 % ылғалға шаққанда - 10.70мг; бұрыш жалбызы майы (Aetheroleum menthae piperitae) - 7.46 мг; сібір самырсын майы (Abietis sibiricae aetheroleum) - 25.50 мг.
қосымша заттар: магний алюмометасиликаты, майсана майы, ауыр магний карбонаты, тальк, лактоза моногидраты, динатрий эдетаты (трилон Б), картоп крахмалы.
Желатинді капсуланың құрамы: капсула корпусы - патенттелген көк V (Е 131), хинолинді сары (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин; капсула қақпағы- патенттелген көк V (Е 131), хинолинді сары (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Корпусы мен қақпағы жасыл түсті, «0» нөмірі бар, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – теңбілдері және бұрыш жалбызы мен самырсын майларының иісі бар жасылдау реңді сары-сұрдан сұр-қоңыр түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ және/немесе нығыздалған масса. Басқан кезде шашылатын агломераттар болуына жол беріледі.
- жедел және созылмалы бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекцияларында (циститтер мен пиелонефриттер);
- несептас ауруында және несеп қышқыл диатезінде (оларды жойғаннан кейінгі конкременттер түзілуінің профилактикасы);
- созылмалы холециститтер (соның ішінде калькулезді), өт жолдарының дискинезиясы, өт-тас ауруларында.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Урологиялық препараттар. Басқа урологиялық препараттар.
АТХ коды G04BX
Өсімдік тектес біріктірілген препарат. Уролесан препаратының құрамдастары несеп шығару жолдары мен бүйректегі қабынуды азайтады, бүйрек пен бауырдың қанмен қамтамасыз етілуіне ықпал етеді, диуретикалық, бактерияға қарсы, өт айдайтын әсер береді, несепте қорғаныш коллоид түзеді және жоғары несеп жолдары мен өт қалтасы тегіс бұлшықеттерінің тонусын қалыпқа келтіреді.
Уролесан мочевина мен хлоридтердің шығарылуын арттырады, қуық және бүйректен майда конкременттер мен құмның шығарылуына ықпал етеді.
Дозалау режимі
Препаратты тамақтанар алдында ішке қабылдау керек.
Ересектер үшін ұсынылатын доза 1 капсуладан тәулігіне 3 рет. Жедел жағдайларда (оның ішінде бүйрек және бауыр шаншуы кезінде) емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 7 күнге дейін, созылмалы жағдайларда –7 күннен 1 айға дейін. Бүйрек және бауыр шаншуы пайда болған кезде бір реттік дозаны бір рет 2 капсулаға дейін арттыруға болады, содан кейін келесі қабылдауда әдеттегі бір реттік дозаға (1 капсула) оралған жөн.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне жүгіну ұсынылады.
-препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық;
-гастрит( секреторлық жеткіліксіздігі бар гастриттен басқа), асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы;
-жүктілік және лактация кезеңі;
-18 жасқа дейінгі балалар.
Әдетте Уролесан® жақсы көтерімді. Препаратты қолданғанда болуы мүмкін:
• ас қорыту жолы тарапынан:диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуын, құсуды қоса);
• аллергиялық реакциялар, оның ішінде гиперемия, есекжем, қышыну сезімі, беттің қызаруы, тері бөртпесі, ангионевроздық ісіну (тамақтың жыбырлау сезімін, тыныс алудың қиындауын, беттің, тілдің ісінуін қоса);
• орталық және перифериялық жүйке жүйесінен: бас айналу, жалпы әлсіздік;
• жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық гипертензия, гипотензия, жүрек аумағындағы ауырсыну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға күтілетін реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http:// www.ndda.kz
Артық дозаланғанда болуы мүмкін: жүрек айну, бас айналу, препараттың тыныштандыратын әсерінің күшеюі.
Емі:Симптоматикалық ем. Жылы сұйықты көп мөлшерде ішу, тыныштық, белсендірілген көмір, атропин сульфаты (0,0005-0,001 г).
Арнайы ескертулер
Егер конкременттердің диаметрі 3 мм асатын болса, препаратты қолдануға болмайды.
Препарат құрамында қосымша заттар лактоза және жүгері крахмалы бар, сондықтан сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығының түрлері, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе жоғары сезімталдық немесе глютен жақпаушылығы бар пациенттерге препараттың бұл түрін қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Препарат 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балаларға қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жағымсыз әсерлерінің дамуы мүмкіндігін ескере отырып, абай болу керек.
Препараттың жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданылуы зерттелмеген.
Зерттелген жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.