Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для приема внутрь
Торговое наименование
Уролесан®
Действующее вещество
Урологические препараты другие
Назначение
Несеп шығару жолдары мен бүйректің жедел және созылмалы инфекцияларында (циститтер мен пиелонефриттер)
Производитель
ПАО Галичфарм
Страна
Украина
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: самырсын майы - 67,60 мг, бұрыш жалбызы майы - 16,90 мг, жабайы сәбіз жемістері сұйық экстрактісі (1:1) - 194,35 мг, құлмақ бүршігі сұйық экстрактісі (1:1) - 278,80 мг, жұпаргүл шөбі сұйық экстрактісі (1:1) - 192,95 мг;
қосымша заттар: динатрий эдетаты, майсана майы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалбызға тән иісі бар, жасыл-қоңырдан қоңыр түске дейінгі сұйықтық.
Кешенді ем құрамында:
- несеп шығару жолдары мен бүйректің жедел және созылмалы инфекцияларында (циститтер мен пиелонефриттер);
- несеп-тас ауруы және несеп-қышқыл диатезде (оларды алып тастағаннан кейін конкременттер түзілуінің профилактикасында);
- созылмалы холециститтерде (оның ішінде калькулезді), өт жолдарының дискинезиясында.
Өсімдік тектес біріктірілген препарат. Уролесан препаратының құрамдас бөліктері несеп шығару жолдары мен бүйректердегі қабынуды азайтады, бүйрек пен бауырдың қанмен қарқынды қамтамасыз етілуіне ықпал етеді, диурездік, бактерияға қарсы, өт айдайтын әсер көрсетеді, несепте қорғаныстық коллоид түзеді және жоғарғы несеп жолдары мен өт қабының тегіс бұлшықеттерінің тонусын қалыпқа келтіреді.
Уролесан мочевина мен хлоридтердің бөлінуін арттырады, қуық пен бүйректен ұсақ конкременттер мен құмның шығарылуына ықпал етеді.
Дозалау режимі
Бір реттік дозаны, емдеу жиілігі мен ұзақтығын дәрігер жекелей анықтайды.
Ересектерге ұсынылатын доза: 8-10 тамшыдан (қантқа, қант диабеті бар пациенттерге – нанға) тәулігіне 3 рет. Бүйрек және бауыр шаншуларында бір реттік доза 15-20 тамшыны құрайды. Қабылдау ұзақтығы 5-тен 7 күнге дейін, созылмалы жағдайларда 7 күннен 1 айға дейін.
7-14 жастағы балаларға ұсынылатын доза: 5-6 тамшыдан (қантқа, қант диабеті бар пациенттерге – нанға) тәулігіне 3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты тамақ алдында ішке қабылдайды.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Қажет болса, препаратты қабылдауға дейін дәрігермен кеңесуіңізді өтінеміз.
- Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- гастриттер, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы;
- 7 жасқа дейінгі балалар
- анамнезінде құрысулары бар балалар (фибрильді немесе жоқ).
Әдетте Уролесан® жақсы көтерімді.
Жағымсыз реакциялардың жіктелу жиілігі: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000).
Жиілігі белгісіз:
- диспептикалық құбылыстар (жүрек айнуын, құсуды, диареяны, іштің ауыруын қоса алғанда);
- қышыну сезімін, беттің қызаруы, тері бөртпесі, ангионевроздық ісіну (ауызды күйдіру сезімі, тыныс алудың қиындауы, беттің, тілдің ісінуі), анафилаксиялық шокты қоса алғанда, аллергиялық реакциялар;
- бас айналу, жалпы әлсіздік, бас ауруы, атаксия, бұлшықет треморы;
- артериялық гипотензия, гипертензия, брадикардия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Емі: жылы сұйықтықты көп мөлшерде ішу, тыныштық, белсендірілген көмір, атропин сульфаты (0,0005-0,001 г).
Ерекше талаптар жоқ.
Арнайы ескертулер
Егер конкременттердің диаметрі 3 мм-ден артық болса, препаратты қолдануға болмайды.
Бронх демікпесі бар науқастарда бронх түйілуінің туындау қаупіне байланысты сақтықпен қолданыңыз.
Препараттың құрамына майсана майы кіреді, сондықтан қабылдау кезінде асқазан-ішек жолдарының бұзылуы және диарея пайда болуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттелмеген.
Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану зерттелмеген.
Зерттелмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.