Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы
Торговое наименование
Ультрацензин
Действующее вещество
Другие психостимулирующие и ноотропные средства
Назначение
Атеросклероз бен артериялық гипертензия кезіндегі ми қанайналымының созылмалы және латентті жеткіліксіздігі; мидың ангиодистониялық ишемиялық инсульті және ми инсультін бастан…
Производитель
Минскинтеркапс УП
Страна
Беларусь
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: пирацетам – 400 мг, циннаризин – 25 мг,
қосымша заттар: кальций стеараты, негізгі магний карбонаты,
капсула қабығының құрамы: желатин, тазартылған су, титанның қостотығы Е 171, натрий лаурилсульфаты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндр пішінді, ұштары жартылай сфера тәрізді ақ түсті, қатты желатинді капсулалар № 0.
Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ
ДП ересектерде , 6 жастан бастап балаларда қолдануға көрсетілген
- атеросклероз бен артериялық гипертензия кезіндегі ми қанайналымының созылмалы және латентті жеткіліксіздігі; мидың ангиодистониялық ишемиялық инсульті және ми инсультін бастан өткергеннен кейінгі жай-күйлер
- жарақаттан кейінгі церебрастения
- жадының бұзылуы мен басқа когнитивтік функциялардың басымдығымен немесе эмоциялық ерік-жігер бұзылуларымен жүретін психоорганикалық синдромда
- генезі әр түрлі энцефалопатияларда
- генезі әр түрлі лабиринтопатияларда (бас айналуы, құлақтағы шуыл, жүрек айнуы, құсу, нистагм)
- Меньер синдромында
- кинетоздар профилактикасында
Әсер ету механизмі
Ультрацезин – гипоксияға қарсы және тамырды кеңейтетін, ми қанайналымы мен ми метаболизмін жақсартатын айқын әсері бар біріктірілген (пирацетам + циннаризин) ноотроптық препарат.
Фармакодинамикалық әсерлері
Пирацетам мидың зат алмасу үдерістеріне оң әсер беретін ноотроптық заттар класына жатады. Ол ми тініндегі АТФ концентрациясын жоғарылатады, рибонуклеин қышқылы мен фосфолипидтердің биосинтезін күшейтеді, гликолиздік үдерістерді стимуляциялайды, глюкозаның утилизациясын күшейтеді. Пирацетам мидың интеграциялық қызметін жақсартады, жады консолидациясына ықпал етеді, церебральді гипоксияның алуан түрлерінде қорғағыш әсер береді, оқып-үйрену үдерісін жеңілдетеді.
Циннаризин мидағы, шеткері және коронарлық қанайналымды және микроциркуляцияны жақсартады, эритроциттердің деформацияға қабілеттілігін арттырады, қан тұтқырлығының жоғарылығын азайтады және тіндердің гипоксияға төзімділігін арттырады.
Сонымен қатар ол қан тамырларына тікелей спазмолизистік әсер береді, олардың тамырды тарылтатын биогендік заттарға (адреналин, норадреналин, вазопрессин, ангиотензин) реакциясын азайтады, ми қантамырларына СО2 әсерін күшейтеді. Жүйелі артериялық қысымға, жүректің жиырылу жиілігіне, жүректің жиырылғыштығы мен өткізгіштігіне циннаризин айтарлықтай әсер етпейді.
Циннаризиннің орташа антигистаминдік белсенділігі бар, вестибулярлық аппараттың қозғыштығын азайтады (нистагмды бәсеңдетеді).
Циннаризиннің фармакологиялық қасиеттері оның жарғақшалық кальций өзекшелерін бөгеу қабілетімен елеулі дәрежеде шартталған. Ол жасушаларға кальций иондарының түсуін тежейді және олардың плазмолеммалар депосындағы мөлшерін азайтады.
Пирацетам мен циннаризинді біріктірген кезде екі компонент те уыттылықтың артуынсыз, бір-бірін өзара күшейтеді, өйткені біріктірілімінің уыттылығы жекелеген компоненттерінің уыттылығынан аспайды.
Екі компонент те бір-бірінің әсерін өзара күшейтеді. Препараттың орталық жүйке жүйесіне әсер етуіне қатысты циннаризиннің тыныштандыратын әсері басым түседі. Біріктірілімінің уыттылығы жекелеген компоненттерінің уыттылығынан аспайды. Емдік әсері 1-6 сағаттан соң білінеді.
Дозалау режимі
Ересектерге препаратты аурудың ауырлығына байланысты 1-3 ай бойы тәулігіне 3 рет, тамақтан кейін 1-2 капсуладан тағайындайды.
6 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 рет, тамақтан кейін 1-2 капсуладан тағайындайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолданылу жиілігі
Тәулігіне 2-3 рет
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың сипатына және пациенттің жеке ерекшеліктеріне байланысты әр пациент үшін жеке анықтайды.
Препаратты 3 айдан артық қабылдауға болмайды!
Бір жылға 2-3 курс өткізуге болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Ультрацезин препараты қабылдауды, әсіресе, егер ол бір рет тағайындалса, өткізіп алмаған дұрыс. Бір дозаны қабылдауды өткізіп алған жағдайда келесі дозаны әдеттегі сызба бойынша қабылдау керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін препараттың қос дозасын қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Егер сізде препарат қолдану туралы сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- паркинсонизм
- геморрагиялық инсульт
- жүктілік және лактация
- ажитациямен жүретін депрессия
- 6 жасқа дейінгі балалар.
Өте сирек
– бөртпе, қышыну, фотосезімталдық
Жиілігі белгісіз
– сілекей бөлінуінің күшеюі, жүрек айну, құсу
– мазасыздық және қозу, ұйқының бұзылуы.
– егде жастағы пациенттерде ұзақ қолдану тремордың дамуына әкелуі
мүмкін.
• эпигастрийдің ауыруы, диспепсия
– бас ауыруы, ауыздың құрғауы, ашушаңдық
– аяқ-қолдардың треморы, бұлшықет тонусының жоғарылауы.
Симптомдары: абдоминальдік ауыру, қан аралас диарея, балаларда қозу реакциялары – ұйқысыздық, ашушаңдық, мазасыздық, эйфория, тремор басым болады, сирек – шым-шытырық түстер, елестеулер, құрысулар.
Емі: құсуды индукциялау, асқазанды шаю, симптоматикалық ем, гемодиализ (тиімділігі 50-60 %). Арнайы антидоты жоқ.
Көзішілік қысымның жоғарылауымен байланысты жағдайларда немесе Паркинсон ауруы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Ауырлығы дәрежесі жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі жағдайларында (әсіресе, егер креатинин клиренсі 60 мл/мин аз болса) емдік дозаны азайту немесе қабылдау аралықтарын ұлғайту керек.
Бұл препаратты бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ерекше сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде бауыр ферменттерінің мәндерін қадағалау қажет.
Емделу кезінде алкогольді тұтынудан аулақ болған жөн.
Препарат спортшыларда допингтік заттарды бақылағанда жалған оң реакцияның себебі болуы мүмкін.
Бұл дәрілік препараттың құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығының сирек проблемалары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы керек.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Препарат 6 жастан асқан балаларға қолдануға арналған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде қолдану ұсынылмайды.
Ультрацезин жүктілік пен лактация кезінде қолдануға қарсы көрсетілімде.
Ультрацезин препаратын бір мезгілде қабылдаған кезде ұйықтататын және тыныштандыратын препараттардың, трициклдық антидепрессанттардың, ноотропты және гипотензивті дәрілердің, сондай-ақ этанолдың әсері күшеюі мүмкін. Тамырды кеңейтетін препараттармен бірге қолдану оның әсерін күшейтеді, ал циннаризиннің болуы гипотензивті дәрілердің белсенділігінің жоғарлауына әкеледі.
Препарат қалқанша безі гормондарының белсенділігін күшейтеді және тремор мен мазасыздықты туғызуы мүмкін. Сондай-ақ пероральді антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.