Әсер ету механизмі
Гипоксияға қарсы, жарғақшапротекторлы, ноотропты, құрысуға қарсы, анксиолитикалық әсер етеді, организмнің стреске төзімділігін арттырады. Цитопросан организмнің негізгі зақымдаушы факторлардың әсеріне, оттегіне тәуелді патологиялық жағдайларға (шок, гипоксия және ишемия, ми қан айналымының бұзылуы, алкогольден және психозға қарсы препараттардан (нейролептиктерден) уыттану) резистенттілігін жоғарылатады.
Цитопросан ми метаболизмін және мидың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, микроциркуляцияны және қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады, тромбоциттер агрегациясын азайтады. Гемолиз кезінде қан жасушаларының жарғақшалық құрылымын (эритроциттер және тромбоциттер) тұрақтандырады. Гиполипидемиялық әсер көрсетеді, жалпы холестерин мен тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) деңгейін төмендетеді.
Жедел панкреатит кезінде қанның ферментативті токсемиясын және эндогендік уыттануды төмендетеді.
Цитопросанның әсер ету механизмі оның антигипоксантты, антиоксидантты және жарғақша-протекторлық әсеріне байланысты. Ол липидтердің асқын тотығу үдерістерін тежейді, супероксиддисмутаза белсенділігін арттырады, липид-ақуыз арақатынасын жоғарылатады, жарғақша тұтқырлығын азайтады, оның ағымдылығын ұлғайтады. Жарғақшалы-байланысқан ферменттердің (кальцийге тәуелсіз фосфодиэстераза, аденилатциклаза, ацетилхолинэстераза), рецепторлық кешендердің (бензодиазепиндік, гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ), ацетилхолин) белсенділігін түрлендіреді, бұл олардың лигандтармен байланысу қабілетін күшейтеді, биологиялық жарғақшалардың құрылымдық-функционалдық ұйымдасуының сақталуына, нейромедиаторлар тасымалына және синапстық берілістің жақсаруына көмектеседі. Цитопросан мидағы дофамин мөлшерін арттырады. Аэробтық гликолиздің компенсаторлық белсенділігінің күшеюін және аденозинтрифосфат (АТФ), креатинфосфат мөлшерінің көбеюімен, митохондрияның энергия синтездеуші функцияларының белсенуімен, гипоксия жағдайында Кребс циклында тотығу үдерістерінің бәсеңдеу дәрежесінің төмендеуін, жасушалық жарғақшалардың тұрақтануын тудырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Антигипоксиялық, жарғақшапротекторлы, ноотропты, құрысуға қарсы, анксиолитиктік әсер етеді, организмнің стресске төзімділігін жоғарылатады. Препарат организмнің негізгі зақымдаушы факторлардың әсеріне, оттекке тәуелді патологиялық жағдайларға (шок, гипоксия және ишемия, ми қан айналымының бұзылуы, алкогольмен және психозға қарсы препараттармен (нейролептиктермен) улану) төзімділігін жоғарылатады. Гемолизде қан жасушаларының жарғақшалық құрылымдарын (эритроциттер және тромбоциттер) тұрақтандырады.
Цитопросан ми метаболизмі мен мидың қанмен қамтылуын жақсартады, қанның микроциркуляциясы мен реологиялық қасиеттерін жақсартады, тромбоциттер агрегациясын азайтады. Гиполипидемиялық әсер етеді, жалпы холестерин мен тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) деңгейін төмендетеді.
Цитопросан ишемияланған миокардтағы метаболизмдік үдерістерді қалыпқа келтіреді, некроз аймағын азайтады, миокардтың электрлік белсенділігін және жиырылуын қалпына келтіреді және жақсартады, сондай-ақ ишемия аймағында коронарлық қан ағысын ұлғайтады, жедел коронарлық жеткіліксіздік кезінде реперфузиялық синдромның салдарын азайтады. Нитропрепараттардың антиангинальді белсенділігін жоғарылатады. Цитопросан себептері созылмалы ишемия және гипоксия болып табылатын үдемелі нейропатия кезінде тор қабықтың ганглиоздық жасушаларының және көру жүйкесі талшықтарының сақталуына ықпал етеді. Көру өткірлігін ұлғайта отырып, торқабық пен көру жүйкесінің функционалдық белсенділігін жақсартады.
Жедел панкреатитте ферментативті токсемияны және эндогенді уыттануды азайтады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Жедел және ерте қалпына келтіру кезеңдеріндегі жарты шарында ишемиялық инсульт алған пациенттерде III фазалы (ЭПИКА) ұзақ бірізді ем кезінде этилметилгидроксипиридин сукцинатың тиімділігі мен қауіпсіздігін параллельді топтарда рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо бақыланатын зерттеу 40-тан бастап 79 жасқа дейінгі жастағы 150 пациенттің қатысуымен жүргізілді. Пациенттер 2 топқа рандомизацияланды: бірінші топ этилметилгидроксипиридин сукцинатымен тәулігіне 500 мг-ден в/і тамшылатып 10 күн бойы ем алды, содан кейін 8 апта бойы тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан (125 мг) қабылдады. Этилметилгидроксипиридин сукцинатымен ем тобында плацебомен салыстырғанда симптомдар мен функциялық бұзылулардың нақты азайғаны көрсетілген. Этилметилгидроксипиридин сукцинатын қолдану кезінде плацебомен салыстырғанда тіршілік әрекетінің нақты айқынырақ жақсаруы байқалды: ем аяқталған сәтте өзгертілген түрлендірудің Рэнкин шкаласы (тРШ) бойынша орташа балл этилметилгидроксипири-
дин сукцинатын қолдану тобында төмен болды (p = 0,04); сондай-ақ, бұл топта тРШ бойынша орташа баллдың азаю динамикасы айқынырақ болды (p = 0,023). Ем аяқталғанда тРШ бойынша 0-2 баллға сәйкес келетін қалпына келтіруге қол жеткізген пациенттердің үлесі этилметилгидроксипиридин сукцинатын қолдану тобында плацебо-
мен салыстырғанда – 59 (96,7 %) және 53 (84,1%) сәйкесінше анық жоғары болды (p = 0,039). Ем аяқталған кезде неврологиялық тапшылық этилметилгидроксипиридин сукцинатымен ем тобында анық төмен болды: терапия аяқталғанда Ұлттық денсаулық институтының инсульт шкаласы бойынша тестілеу кезінде этилметилгидроксипиридин сукцинатымен ем тобында орташа мән төмен болды (p = 0,035). Этилметилгидроксипиридин сукцинатымен қолдану жақсы функциялық қалпына келтіруге ықпал етті: кеңістікте қозғалу проблемалары жоқ пациенттердің үлесі сенімді түрде жоғары болды (p = 0,022). Субанализ нәтижелері бойынша этилметилгидроксипиридин сукцинатының барлық қолданылатын шкалалардағы тиімділігі барлық жас топтарында тең болды. Екі топтағы пациенттерде жағымсыз реакциялардың жиілігінде нақты айырмашылықтар анықталған жоқ, этилметилгидрок-
сидроксипиридин сукцинатымен ұзақ бірізді емнің қауіпсіздік бейіні әртүрлі жас топтарындағы пациенттердегі плацебомен салыстырарлық болды.
Созылмалы ми ишемиясы бар пациенттерде этилметилгидроксипиридин сукцинатмен (в/і;б/і) және этилметилгидроксипиридин сукцинаты (250 мг, пероральді) III фазалы (МЕМО) бір ізді емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауға арналған халықаралық көп орталықты рандомизацияланған жасырын салыстырмалы плацебо бақыланатын зерттеу 40–тан 90 жасқа дейінгі жастағы 318 пациенттің қатысуымен жүргізілді. Пациенттер 2 топқа рандомизацияланды: бірінші топ 10 мл –ден (500 мг) этилметилгидроксипиридин сукцинатмен емді тәулігіне 1 рет в/і тамшылатып немесе вена ішіне баяу сорғалатып 14 күн бойы қабылдады, содан кейін келесі 60 күн ішінде тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан 250 этилметилгидроксипиридин сукцинатты қабылдады. Зерттеу нәтижелері бойынша ем аяқталған кезде пациенттер этилметилгидроксипиридин сукцинаты (в/і;б/і)/ этилметилгидроксипиридин сукцинаты (250 мг, пероральді) және Плацебо препараттары топтары арасындағы динамиканы салыстыру кезінде Монреаль когнитивті функцияны бағалау шкаласы (MоCA) бойынша баллдардың статистикалық елеулі өзгерістерін анықтады (p < 0,000001, тәуелсіз үлгілерге арналған t-критерий).
Этилметилгидроксипиридин сукцинаты (в/і;б/і)/этилметилгидроксипиридин сукцинаты
(250 мг, пероральді) және Плацебо препараттары топтарындағы орташа негізгі тиімділік көрсеткіштерінің айырмашылығы үшін 95% сенімділік аралығының төменгі шегі 1,51 құрады. Бұл шекара этилметилгидроксипиридин сукцинаты (в/і;б/і) және этилметилгидроксипиридин сукцинаты (250 мг, пероральді) плацебодан тиімділігінің жоғарылығын белгілеуге мүмкіндік беретін оң мән болып табылады. Сондай-ақ, пациенттің емді аяқтау сатысында Монреаль MоCA шкаласымен баллдың статистикалық елеулі өзгерістерінің зерттеу нәтижелері бойынша барлық жас топтары үшін субанализ жүргізуде пациенттер этилметилгидроксипиридин сукцинаты (в/і;б/і)/ этилметилгидроксипиридин сукцинаты (250 мг, пероральді) және Плацебо препараттары топтары арасындағы динамиканы салыстыру үшін анықталды, бұл барлық жас топтарында этилметилгидроксипиридин сукцинаты (в/і;б/і) және этилметилгидроксипиридин сукцинатының (250 мг, пероральді) бірдей тиімділігін айғақтайды. Этилметилгидроксипиридин сукцинаты (в/і;б/і)/ этилметилгидроксипиридин сукцинатының (250 мг, пероральді) тиімділігінің салдарлы соңғы нүктелерін бағалау нәтижелері бойынша ем барысында плацебомен салыстырғанда келесі көрсеткіштер бойынша статистикалық елеулі айырмашылықтар алынды: MoCA шкаласы бойынша когнитивтік бұзылулардың айқындылық динамикасы; цифрлық символдарды ауыстыру тесті бойынша когнитивтік бұзылулардың айқындылық динамикасы; MFI-20 астения шкаласы бойынша астениялық бұзылулардың айқындылық динамикасы; вегетативтік өзгерістердің Вейн сауалнамасы бойынша динамикасы; Бек шкаласы бойынша мазасыздық деңгейінің динамикасы; Тинетти шкаласы бойынша қозғалыс өзгерістерінің динамикасы; жалпы клиникалық әсер шкаласы бойынша жалпы клиникалық әсер динамикасы (The Clinical Global Impressions Scale); SF-36 сауалнамасы бойынша пациенттердің өмір сапасының динамикасы (денсаулықтың психологиялық компоненті). Жағымсыз құбылыстардың пайда болу жиілігін статистикалық талдау нәтижелері, зертханалық талдау, денесін ұстап, тыңдап тексеру көрсеткіштері негізгі қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша салыстырылатын топтар арасында айтарлықтай айырмашылықтардың жоқтығын көрсетеді, бұл зерттелетін этилметилгидроксипиридин сукцинаты (в/і;б/і) және этилметилгидроксипиридин сукцинаты (250 мг, пероральді) және Плацебо препараттарының қауіпсіздік бейіндерінің салыстырмалы сипатын көрсетеді. Субанализ жүргізу кезінде әртүрлі жас топтарындағы пациенттерде этилметилгидрокси-
пиридин сукцинаты (в/і;б/і) және этилметилгидроксипиридин сукцинаты (250 мг, пероральді) және Плацебо препараттарының қауіпсіздік бейіндерінің ұқсас сипаты дәлелденді.
Балалар
Қатысты емес.