Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Торговое наименование
Цистон
Действующее вещество
Урологические препараты другие
Назначение
Несептас ауруында, кристаллурияда
Производитель
Хималайя Велнесс Компани
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Сабақты қосжеміс жапырақтары экстрактісі 65.0 мг
Тілдік тасжарған тамырлары экстрактісі 49.0 мг
Жүрекжапырақты риян тамырлары экстрактісі 16.0 мг
Түйнек жер бадамы тамырсабағы экстрактісі 16.0 мг
Кедір-бұдыр сабангүл дәндері экстрактісі 16.0 мг
Ілмешекті айлауық сабағы экстрактісі 16.0 мг
Күлгін верония шөбі экстрактісі 16.0 мг
Тазартылған мумие 13.0 мг
Кальций силикаты 16.0 мг
Келесі өсімдік шикізаттарының қоспасынан алынған экстрактінің буымен өңделген: хош иісті насыбайгул, отты ат бұршақ, жатаған теміртікен, ұяң мимоза, хош иісті павония, дала қырықбуыны, тик ағашының дәндері
қосымша заттар: натрий карбоксиметилцеллюлозасы (натрий кармеллозасы), микрокристалды целлюлоза, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңес, крем реңдіден қоңыр түске дейінгі, теңбілдері бар таблеткалар.
- несептас ауруында, кристаллурияда
- несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде (циститте, спецификалық емес уретритте, пиелитте) қосымша дәрі ретінде
- тас түзілудің қайталануының профилактикасы үшін
- әйелдердегі несепті ұстай алмаушылықта
- несеп шығару кезіндегі күйдіріп ашытуда
- подаграда, гиперурикемияда
Әсер ету механизмі
Біріктірілген өсімдік препараты Цистон ішектің литогендік заттармен шамадан тыс қанығуына кедергі жасайды, ішектен оксамидтердің (тас түзілуін жеделдететін заттар) сіңуін азайтады және кристаллоид-коллоидтық тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Цистон тастардың, кристалдардың түзілуін бәсеңдетеді, тас түзетін заттардың: қымыздық қышқылының, кальций гидроксипролинінің және басқалардың мөлшерін азайтып, олардың ыдырауына және ұсақталған күйде шығарылуына ықпал етеді. Цистон бөлшектерді байланыстыратын муцинге әсер ете отырып, конкременттер мен кристалдардың ыдырауын тудырады.
Микробқа қарсы қасиеттері болғандықтан, препарат несеп шығару жолдарының инфекцияларын емдеген кезде жағымды әсер етеді.
Сабақты қосжеміс – осы өсімдіктің жапырақтарында халкондар, хинохалкондар және флавондар бар, олар бүйректе және қуықта тас болғанда қолданылады, литотрипсиялық әсерін тигізеді. Бұл өсімдіктен алынған эфир майларының микробқа қарсы белсенділігі бар.
Тілдік тасжарған – тұтқырлық, сергітетін және түйілуді басатын әсері бар және дизурияда және несеп шығару жолдарының басқа да бұзылуларында қолданылады. Түйілуді басатын және қабынуға қарсы әсерінің арқасында бүйрек шаншуларын жеңілдетеді, несеп шығарған кездегі күйдіріп ашуы және ауыруды азайтады.
Жүрекжапырақты риян – оның тамырлары антрахинондарға және олардың гликозидтеріне бай, олардың ішінде өте маңыздысы урогенитальді бұзылуларда қолданылатын пурпурин және мунджистин болып табылады. Тамырынан алынған экстрактісінің мына микробтарға қатысты (Escheria coli, Bacillus subtilis, Klebsiella pneumonia, Proteus vulgaris, Psuedomonas aeruginosa) белсенділігі бар.
Кедір-бұдыр сабангүлде акирантин алкалоиды бар, ол бүйректе тас болғанда қолданылады, осы өсімдіктің сулы экстрактісі Staphylococcus aureus сияқты микроорганизмдерге қарсы микробқа қарсы белсенділік танытады.
Күлгін верония несептің бөлінуі қиындаған кезде қуық түйілуін бәсеңдету үшін қолданылады. Жалпы алғанда, өсімдікте бета амирин тритерпен, люпеол ацетаты, бета амирин және калий хлориді бар, олар дизурияда, қуықтың спазмында және несептің бөлінуі қиындағанда қолданылады.
Тазартылған мумие – несеп шығару жолдарының бұзылуларын, толғақ тәрізді ауыруларды емдеуге пайдаланылады.
Кальций силикаты – литотрипсиялық қасиеті және ықтимал диурездік әсері бар.
Дозалау режимі
Несеп шығару жолдарының инфекцияларында (циститте, спецификалық емес уретритте, пиелитте)
Ересектер: 7 күннен бастап қабыну үдерісі жойылғанға дейін тамақтан кейін күніне 3 рет 2 таблеткадан.
Балалар:
6 жастан 11 жасқа дейін: тамақтан кейін күніне 3 рет 1 таблеткадан, 12-15 жасқа 7 күннен немесе қабыну үдерісі жойылғанға дейін тамақтан кейін күніне 2-3 рет 2 таблеткадан.
Несептас ауруы, кристаллурия кезінде
Ересектер
3-4 ай бойы күніне 2-3 рет2 таблеткадан, содан кейін тастар шыққанша күніне 2 рет 1 таблеткадан.
Балалар:
6-11 жасқа 1 таблеткадан күніне 3 рет, содан кейін күніне 1 таблеткадан, емдеу курсы 4 ай;
11- 15 жасқа тастар шыққанша күніне 3 рет 2 таблеткадан.
Подагра кезінде
1-ден 2 айға дейін күніне 3 рет 2 таблеткадан.
Хирургиялық араласымнан және тастарды алып тастағаннан кейін, қашықтықтан жүргізілетін литотрипсиядан соң бүйрек конкременттерінің қайтадан түзілуінің профилактикасы үшін
4-5 ай бойы күніне 3 рет 1 таблеткадан.
Балалар
Тұншығу қаупіне байланысты, 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қолдануға арналған.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Егер пациент препараттың дозасын уақытында қабылдамаса, пациент мұны еске түсіргеннен кейін препаратты қабылдау керек. Екі есе дозасын қолданбау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай-да бір қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну) болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Конкременттің өлшемі үлкен болуы салдарынан несепағардың обструкциясы қаупі болған жағдайда, Цистонды қолданбаған дұрыс.
Несептас ауруы және кристаллурия кезінде препаратты қолдану тастың және несептің рН құрамына байланысты емес, препарат оксалатты, уратты, фосфатты уролитиаз кезінде тиімді.
Цистон препаратын сұйықтықты көп, тәулігіне 2-2,5 литрге дейін қабылдау аясында қолдану ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Тұншығу қаупіне байланысты, 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға болады.
Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.