Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
5 мл шәрбаттың құрамында:
белсенді заттар: жатаған теміртікен жемістері экстрактісі 91 мг, шашыраңқы бурхавия тамырлары экстрактісі 67 мг, тілдік тасжарған тамырлары экстрактісі 53 мг, жер бадам түйнектері экстрактісі 42 мг, шашақгүлді қасқыржем тамырлары экстрактісі 21 мг, отты ат бұршақ дәндері экстрактісі 21 мг, ветивер тамырлары экстрактісі 21 мг, куркума зедоария тамырсабағы экстрактісі 14 мг, трикату тамырсабақтары мен жемістері экстрактісі 20 мг, калий нитраты 42.5 мг, аммоний хлориді 2.5 мг, калий карбонаты 5 мг, натрий хлориді 50 мг
қосымша заттар: қант S30, сорбитол 70%, Sun 528 хош иістендіргіші, лимон қышқылы, натрий цитраты, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий бензоаты, тазартылған су QS
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар дәмі тәтті, қоңыр түсті шәрбат тәрізді сұйықтық.
ДП ересектерге қолдануға арналған:
- дисметаболизмдік нефропатияда, кристаллурияда
- несептас ауруында (уролитиаз)
- тас түзілудің қайталануының профилактикасы үшін
- несеп шығару жолдарының инфекцияларын (цистит, пиелонефрит, уретрит) кешенді емдеуде
Әсер ету механизмі
Цистон бүйректегі кальций оксалаты тастарын еріту арқылы, несепте тас түзілуін тудыратын химиялық заттардың шөгуінің, жинақталуының және суперсатурациясының алдын алады. Бұдан өзге, Цистон оксамидтің ішек жолынан сіңуін бақылауда ұстайды. Цистон кристаллоид-коллоидтық теңгерімсіздікті түзетеді, несептегі тастардың бөлшектерін және калькулогенді субстанцияларды байланыстыратын муцинді ерітеді, осылайша литиазға қарсы және литотриптикалық белсенділік таныта отырып калькулогенезді бәсеңдетеді. Цистон диуретикалық әсер береді және несеп шығару жолдарынан ұсақ тастар мен құмды шайып шығарады. Цистон «инфекциялық тастардың» түзілуіне алып келетін, несеп шығару жолдарының (НЖИ) қайталанатын инфекциялары үшін жауапты, несептегі қарапайым патогендерге қарсы бактерияға қарсы әсер береді.
Препараттың қабынуға қарсы әсері несеп шығару жолдарының шырышты қабығындағы қабыну өзгерістерін азайтуға ықпал етеді, бұл әдетте НЖИ кезінде байқалады. Цистон несеп шығару жолдарының тітіркенген және қабынған ішкі тіндерін тыныштандырады және қорғайды. Препараттың түйілуге қарсы әсері дизурияны әлсіретуге көмектеседі.
Цистон несеп шығару жүйесіне салқындатқыш әсер береді және несептің рН балансын қалыпқа келтіру арқылы несеп шығару кезіндегі ашытуды басады.
Дозалану режимі
Дисметаболизмдік нефропатия
Ересек пациенттер: тәулігіне 3 рет тамақтанудан кейін 2 шәй қасықтан, емдеу курсы 3 ай.
Несептас ауыруы кезінде (уролитиазда)
Ересек пациенттер – 4-6 ай бойы тәулігіне 3 рет тамақтанудан кейін 2 шәй қасықтан.
Несеп шығару жолдарының инфекцияларын (цистит, пиелонефрит, уретрит) кешенді емдеу
Ересек пациенттер – 1 ай бойы тәулігіне 3-4 рет 2 шәй қасықтан.
Бүйрек конкременттері түзілуінің қайталануының профилактикасы
Ересек пациенттер – 4-5 ай бойы тәулігіне 3 рет 1 шәй қасықтан.
Балалар
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Енгізу тәсілі мен жолы
Ішке қолдануға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Сізде осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай-да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.
- әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезінде
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған дозасын екі есе арттырмау ұсынылады. Алайда, мұндай жоғары доза қандай-да бір елеулі жағымсыз әсерді тудырмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда туындаған жағымсыз әсерлер туралы өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарлау және дәрілік препаратты тоқтатқаннан кейін симптоматикалық ем жүргізу керек.
Обструкциялық уропатиясы (несеп шығару жолдарының бітелуі) бар пациенттерге Цистон дәрілік препаратын тағайындау ұсынылмайды.
Қосымша заттар
Препараттың құрамында S30 қанты бар, тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарда қолдануға болмайды.
Қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Препараттың құрамында сорбитол бар, тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды, іш жүргізетін орташа әсері болуы мүмкін.
Препараттың құрамында натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты бар, олар баяу типті аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және бала емізу кезінде әйелдерге қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен елеулі өзара әрекеттесулері туралы хабарланған жоқ. Препаратты антибиотиктермен бірге қолдану терапияның тиімділігін арттырады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.