Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозировка
500 мг
Торговое наименование
Цераксон®
Действующее вещество
Цитиколин
Назначение
Инсультта және оның зардаптарында, бассүйек-ми жарақатында және оның салдарында
Производитель
Феррер Интернасьональ, С.А.
Страна
Испания
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 522,5 мг натрий цитиколині (500 мг цитиколинге баламалы)
қосымша зат – тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, гидрогенизделген майсана майы, микрокристалды целлюлоза
үлбірлі қабықтың құрамы: тальк, магний стеараты, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 6000, эудрагит Е (12.5 %)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті, сопақша келген, үлбірлі қабықпен қапталған, «С500» деген бедері бар таблеткалар
• инсультта және оның зардаптарында
• бассүйек-ми жарақатында және оның салдарында
• мидың дегенерациялық және қан тамырлық бұзылуларынан туындаған когнитивтік, сезімталдық және қозғалыстық неврологиялық бұзылыстарда
Әсер ету механизмі
Цитиколин нейрондар жарғақшасында құрылымдық фосфолипидтер биосинтезін көтермелейді, бұл магнит резонансты спектроскопияны қолдану арқылы зерттеулерде расталған. Осы әсер ету арқылы цитиколин иондық-алмасу сорғылары мен оларға қатысатын рецепторлардың жұмысы сияқты жарғақшалардың қызметін жақсартады, олардың модуляциясы жүйке сигналдарын беру кезінде қажет.
Цитиколин жарғақшаға тұрақтандыратын әсері арқасында ми ісінуінің реабсорбциясына ықпал етеді.
Тәжірибелік зерттеулерде цитиколиннің кейбір фосфолипазалар (А1, А2, С және D) белсенділігін тежейтіні, бос радикалдардың түзілуін төмендететіні, жарғақша жүйелерінің зақымдануын болдырмайды және антиоксидантты қорғаныс жүйелерін, мысалы, глутатион сақталуын қамтамасыз етеді.
Цитиколин нейронды қуат қорын сақтайды, апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін стимуляциялайды.
Цитиколин мидың фокальді ишемиясы үлгілерінде профилактикалық нейропротекторлық әсері бар екендігі эксперименталды түрде расталды.
Клиникалық зерттеулерде цитиколин ишемиялық инсульттан кейін пациенттер функциясының қалпына келуін жақсартатыны расталды, бұл нейровизуализация тесттерінде мидың ишемиялық зақымдануының төмендеуімен байланысты.
Бассүйек-ми жарақаттары бар пациенттерде цитиколин қалпына келу процесін жеделдетеді және ұзақтығын, сондай-ақ жарақаттан кейінгі синдром қарқындылығын төмендетеді.
Цитиколин зейін мен сана деңгейін жоғарылатады, сондай-ақ амнезия, ми ишемиясымен байланысты когнитивті және неврологиялық бұзылулар кезінде жағымды әсер етеді.
Дозалау режимі
Препаратты әрқашан Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіздің ұсыныстарына толық сәйкестікте қабылдаңыз. Күмән пайда болса, Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Ұсынылатын доза аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 500 мг-нан 2000 мг-ға дейінді (1-4 таблетка) құрайды.
Егер Сіз Цераксон® препаратын керектісінен көбірек қабылдап қойсаңыз, бұл туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлаңыз.
Препаратты қабылдауды ұмытып кетсеңіз, препараттың кезекті дозасын еске түсірген бойда бірден қабылдаңыз.
Өткізіп алған дозаны өтеу үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Емдеу ұзақтығы
Жедел фаза кезінде 6 аптаға дейін қолданылады
Созылмалы фаза барысында әрбір 6 ай сайын бағалау жүргізу талап етіледі
Препаратты емдеуші дәрігермен кеңессіз қабылдауды тоқтатпаңыз.
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- цитиколинге немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия
- парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусы
- 6 жасқа дейінгі балалар
Цераксон® препараты барлық дәрілік препараттар сияқты жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында пайда болмайды.
Өте сирек (10 000 адамның, көп дегенде, 1-де): елестеулер, бас ауыруы, бастың айналуы, артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, ентігу, жүрек айнуы, құсу, кезеңдік диарея, гиперемия, есекжем, бөртпе, пурпура, қалтырау, ісіну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы ескертулер
Егер дәрілік затты қолдану кезінде симптомдар сақталса немесе жай-күйі нашарласа, дәрілік препаратты қолдануды тоқтату және дәрігерге жүгіну қажет.
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану тәжірибесінің шектеулі деректеріне байланысты Цераксон® препаратын емдеуші дәрігер мұны қажет деп тапқан жағдайда ғана қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цераксон® препаратының көлік құралдарын басқару қабілетіне және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері байқалмаған.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз, жүкті болып қалдым деп ойласаңыз немесе бала көтеруді жоспарлап жүрсеңіз, препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Цераксон® препаратын жүктілік кезінде, мүмкін болатын жүктілік кезінде немесе бала емізу кезеңінде, егер сіздің емдеуші дәрігер мұны қажет деп таппаса, қабылдауға болмайды.
Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге қандай да бір басқа препараттарды қабылдап жүргеніңізді, жақында қабылдағаныңызды немесе қабылдай бастайтыныңыз туралы хабарлаңыз.
Цераксон® L-дигидроксифенилаланиннің (L-ДОФА) әсерін күшейтеді. Егер сіз Цераксон® қабылдағанға дейін құрамында L-ДОФА бар препаратты қабылдасаңыз, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Құрамында L-ДОФА бар дәрілік заттар әдетте Паркинсон ауруын емдеуде қолданылады.
Цераксон® препаратын ми қызметін стимуляциялайтын меклофеноксат бар препараттармен бір мезгілде қабылдамаңыз.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі 3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
15º C -ден 30º C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.