Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Порошок для приготовления раствора для инъекций
Дозировка
1 г
Торговое наименование
Цефобоцид
Действующее вещество
Цефоперазон
Назначение
Тыныс жолдарының жоғарғы және төменгі бөліктерінің инфекциясы
Производитель
ПАО НПЦ «Борщаговский ХФЗ»
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір құтының ішінде
1 г цефоперазон (стерильді цефоперазонның натрий тұзы түрінде).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ашық сары түске дейінгі кристалл ұнтақ.
Монотерапия
Цефобоцид ересектерде, жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде, балаларда және жасөспірімдерде цефоперазонға сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларды емдеуге арналған:
• тыныс жолдарының жоғарғы және төменгі бөліктерінің инфекциясы
• несеп шығару жолдарының жоғарғы және төменгі бөліктерінің инфекциясы
• перитонит, холецистит, холангит және басқа интраабдоминальді инфекциялар
• сепсис
• менингит
• тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары
• сүйек және буындардың инфекциялары
• кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары
• эндометрит, соз және несеп-жыныс жүйесінің басқа инфекциялары.
Профилактикасы
Цефоперазон пациенттерде абдоминалды, гинекологиялық, жүрек-қан тамырлары және ортопедиялық операциялардан кейінгі инфекциялардың профилактикасы үшін қолданылуы мүмкін.
Біріктірілген терапия
Цефоперазонның әсер ету ауқымы кеңдігіне байланысты инфекциялардың көпшілігін осы антибиотикпен монотерапия түрінде дұрыс емдеуге болады. Алайда, егер мұндай біріктірілім көрсетілсе, цефоперазонды басқа антибиотиктермен бір уақытта қолдануға болады.
Аминогликозидтермен бір мезгілде қолданғанда ем уақытында бүйрек функциясын бақылау керек.
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану бойынша ресми ұсыныстарды ескеру қажет.
Әсер ету механизмі
Цефоперазон-тек парентералды қолдануға арналған, әсері кең спектрлі ІІІ буынды жартылай синтетикалық цефалоспоринді антибиотик.
Жасуша қабырғасының мукопептидінің биосинтезін бәсеңдету арқылы белсенді көбею кезінде сезімтал микроорганизмдерге бактерицидтік әсер етеді.
Фармакодинамикалық әсерлер
Цефобоцид препараты клиникалық маңызды микроорганизмдердің кең ауқымына қарсы in vitro белсенді және көптеген бета-лактамазалардың бұзылуына төзімді.
Сезімтал штаммдар мыналарды қамтиды:
Грамоң микроорганизмдер:
• Staphylococcus aureus, пенициллиназны өндіретін және өндірмейтін
• Staphylococcus epidermidis
• Streptococcus pneumoniae (бастапқы Diplococcus pneumoniae)
• Streptococcus pyogenes (А тобындағы бета-гемолитикалық стрептококк)
• Streptococcus agalactiae (В тобындағы бета-гемолитикалық стрептококк)
• басқа бета-гемолитикалық стрептококктардың басқа штаммдарының көпшілігіне
• Streptococcus faecalis (Enterococcus) көптеген штаммдары.
Грамтеріс микроорганизмдер:
• Escherichia coli
• Klebsiella spp.
• Enterobacter spp.
• Citrobacter spp.
• Haemophilus influenzae
• Proteus mirabilis
• Proteus vulgaris
• Morganella morganii (ескі атауы Proteus morganii)
• Providencia rettgeri (ескі атауы Proteus rettgeri)
• Serratia spp. (S. marcescens қоса)
• тектес Salmonella және Shigella
• Pseudomonas aeruginosa және кейбір басқа Pseudomonas spp.
• Acinetobacter calcoaceticus
• Neisseria gonorrhoeae
• Neisseria meningitides
• Bordetella pertussis
• Yersinia enterocolitica.
Анаэробты микроорганизмдер:
• Грамоң және грамтеріс кокктар (оның ішінде Peptococcus, Peptostreptococcus және Veillonella species)
• Грамоң таяқшалар (оның ішінде және тектес Clostridium, Eubacterium және Lactobacillus)
• Грамтеріс таяқшалар (оның ішінде Fusobacterium species, көптеген Bacteroides fragilisи тектес басқа штаммдар Bacteroides)
Дозалау режимі
Ересектерде Цефобоцид препаратын 1-2 г тәуліктік дозада қолдану ұсынылады. Тәуліктік дозаны тең бөліктерге бөлу және әр 12 сағат сайын енгізу керек.
Ересектер үшін ең жоғары бір реттік доза 2 г.
Ауыр немесе рефрактерлі инфекцияларда Цефобоцид препаратының тәуліктік дозасы 4 г дейін ұлғайтылуы мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балаларда Цефобоцид препараты бұлшықет ішіне тәулігіне 50 мг/кг есебімен қолдану ұсынылады. Дозаны тең бөліктерге бөлу және әр 6-12 сағат сайын енгізу керек. Балалар үшін ең жоғары бір реттік доза 50 мг/кг.
Препараттың 100 мг/мл концентрациядағы ерітіндісін вена ішіне баяу енгізу керек.
Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттер
Гемодиализ кезінде препараттың қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңі біршама төмендейтіндіктен, Цефобоцид препаратын енгізуді диализден кейін жоспарлау керек.
Бауыр жеткіліксіздігінде қолданылуы
Өт түтікшелерінің бітелуі, бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың қандағы концентрациясына мониторингтеу жүргізу және қажет болған жағдайда дозаны түзету қажет. Егер препараттың концентрациясын бақылау жүргізілмесе, қолданылатын доза тәулігіне 2 г аспауы тиіс.
Бауыр мен бүйректің қатарлас жеткіліксіздігінде қолданылуы
Егер пациенттерде бір мезгілде бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы байқалса, қан сарысуындағы цефоперазон концентрациясын бақылап, қажет болған жағдайда дозаны түзету керек. Егер препараттың концентрациясын бақылау жүргізілмесе, қолданылатын доза тәулігіне 2 г аспауы тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін, әдетте бауыр, бүйрек немесе жүрек функциясының төмендеу жиілігінің үлкендігін және қатарлас ауруларды немесе басқа дәрілік емді ескерумен, дозалау диапазонының төмен дозаларынан бастай отырып, дозаны таңдауды сақтықпен жүргізу ұсынылады.
Енгізу әдісі және жолы
Цефобоцид препараты вена ішіне және бұлшықет ішіне қолданылады.
Ересектер мен балаларға вена ішіне енгізу
Бір реттік венаішілік инфузия үшін әрбір 1 г Цефобоцид құтысын 20-100 мл венаішілік енгізуге арналған үйлесімді стерильді ерітіндімен сұйылту керек және 15 минуттан 1 сағатқа дейінгі уақыт бойы енгізу керек.
Егер инъекцияға арналған стерильді су сұйылту үшін пайдаланылса, 20 мл-ден асырмай қосу керек.
Үздіксіз венаішілік инфузияны дайындау үшін әрбір грамм цефоперазонды 5 мл стерильді инъекцияға арналған суда немесе инъекцияға арналған бактериостатикалық суда ерітіп және бұл ерітіндіні қолайлы венаішілік сұйылтқыштың қажетті көлеміне қосу керек. Вена ішіне енгізуге арналған ең жоғары дозасы ересек пациенттер үшін 2 г цефоперазон және балалар үшін - 50 мг/кг болуы тиіс. Препаратты 100 мг/мл соңғы концентрацияға дейін сұйылтуға арналған қолайлы ерітіндіде еріту керек және кем дегенде 3-5 минут бойы енгізу керек.
Препаратты енгізу алдында қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық
Венаішілік енгізу
Цефобоцид стреильді ұнтағын бастапқыда 1 г цефоперазонға вена ішіне енгізуге жарамды кез келген үйлесімді еріткіштің (төмендегі кестеде келтірілген) кем дегенде 2,8 мл қолданумен құтыда сұйылту керек. Дайындықты жеңілдету үшін 1 г цефоперазонға 5 мл үйлесімді ерітіндіні қолдану ұсынылады.
Бастапқы сұйылтуға арналған ерітінді
Инъекцияға арналған 5% глюкоза ерітіндісі
Инъекцияға арналған 10% глюкоза ерітіндісі.
Инъекцияға арналған 0,9% (9 г/л) NaCl изотониялық ерітіндісіндегі 5% глюкоза ерітіндісі
Парентералды енгізуге арналған 0,9% (9 г/л) NaCl изотониялық ерітіндісі
Инъекцияға арналған 5% глюкоза ерітіндісіндегі Нормосол М
Инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,2% ерітіндісіндегі 5% глюкоза ерітіндісі
Нормосол Р
инъекцияға арналған стерильді су
Бастапқы сұйылтудан кейін алынған ерітіндінің жалпы мөлшерін одан әрі енгізер алдында қосымша венаішілік инфузияға арналған тиісті еріткішке қосу керек (төмендегі кестеде келтірілген).
Венаішілік инфузияға арналған еріткіштер
Инъекцияға арналған 5% глюкоза ерітіндісі
Инъекцияға арналған 10% глюкоза ерітіндісі.
Натрий лактаты бар Рингер ерітіндісіндегі 5 % глюкоза
Натрий лактаты бар Рингер ерітіндісі
Инъекцияға арналған 0,9% (9 г/л) NaCl изотониялық ерітіндісі
Инъекцияға арналған 0,9% (9 г/л) NaCl изотониялық ерітіндісіндегі 5% глюкоза ерітіндісі
Инъекцияға арналған 5% глюкоза ерітіндісіндегі Нормосол М
Нормосол Р
Инъекцияға арналған 0,2% натрий хлориді ерітіндісіндегі 5% глюкоза ерітіндісі
Бұлшықет ішіне енгізу
Цефобоцид ерітіндісін дайындау үшін инъекцияға арналған стерильді суды қолдануға болады. Егер концентрациясы 250 мг/мл-ден асатын ерітіндіні енгізу болжанса, онда сұйылту үшін лидокаин ерітіндісін қолдану керек, ал лидокаиннің соңғы концентрациясы 0,5% болуы тиіс. Мұндай ерітінді инъекцияға арналған стерильді суды және 2% лидокаин ерітіндісін қолдану жолымен дайындалады.
Көрсетілген компоненттік арақатынаспен екі сатылы еріту ресімі ұсынылады (төмендегі кесте): алдымен құтыға инъекцияға арналған стерильді судың қажетті мөлшерін қосыңыз, оны Цефобоцид ұнтағы толығымен ерігенше шайқап араластыра отырып, содан кейін тиісті мөлшерде 2% лидокаин ерітіндісін қосып және араластыру керек. Бөксенің үлкен бұлшықетінің жоғарғы сыртқы шаршысына немесе санның алдыңғы беткейіне терең енгізіңіз.
Цефоперазонның соңғы концентра-циясы — I саты Стерильді судың көлемі — II саты 2 % лидокаиннің көлемі — Енгізуге арналған көлем*
Құты 1 г — 250 мг/мл — 2,6 мл — 0,9 мл — 4 мл
333 мг/мл — 1,8 мл — 0,6 мл — 3 мл
* Артық көлем көрсетілген көлемдегі шприцті толығымен толтыруға мүмкіндік береді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдану қажет.
- цефоперазонға аса жоғары сезімталдық
- цефалоспориндерге аса жоғары сезімталдық
- бета-лактамды антибиотиктерге ауыр аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Өте жиі ≥1/10
- гемоглобиннің төмендеуі,
- гематокриттің азаюы
- анемия
Жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін)
- нейтропения
- Кумбстың оң тікелей реакциясы
- эозинофилия
- тромбоцитопения*
- флебит (инфузия орнындағы)
- диарея
- аспартатамин-трансфераза белсенділігінің жоғарылауы, қандағы аланинамин-трансфераза
- сілтілік фосфатазаның белсенділігінің жоғарылауы
- сарғаю
- тері қышынуы*
- есекжем
- макулопапулезді бөртпе
Жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін)
- құсу
- енгізу орнындағы ауырсыну
- қызба
Сирек (≥ 1/10000 -< 1/1000 дейін)
- гипопротромбинемия
- қан кету*
Белгісіз (қолдағы мәліметтердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- коагулопатия*
- анафилаксиялық шок*, анфилаксиялық реакция*, анафилактоидты реакция (шокты қоса)
- аса жоғары сезімталдық *
- жалғанжарғақшалы колит*
- уытты эпидермалық некролиз*
- Стивенс-Джонсон синдромы*
- эксфолиативті дерматит*
- гематурия.
* Маркетингтен кейінгі анықталған жағымсыз реакциялар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: Цефоперазон натрийдің жедел уыттылығы туралы ақпарат шектеулі. Бұл препарат артық дозаланған жағдайда ол негізінен оның қолданылуына байланысты хабарланған жағымсыз әсерлердің өршуі болып табылатын симптомдарды тудыратынын күтуге болады. Жұлын сұйықтығындағы бета-лактамды антибиотиктердің жоғары концентрациясы кейбір неврологиялық біліністерді тудыруы және құрысу ықтималдығын жоғарылатуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Артық дозалануды болдырмау үшін дозалау бойынша нұсқауларды мұқият орындау керек
Емі пациенттің клиникалық жағдайына байланысты демеуші және симптоматикалық болуы тиіс. Арнаулы антидоты белгісіз.
Цефоперазонды гемодиализ арқылы қан ағымынан шығаруға болатындықтан, бұл емшара бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде цефоперазонның артық дозалануы пайда болған кезде препараттың адам организмінен шығарылуын тездетуі мүмкін.
Аминогликозидтер
Цефоперазон мен аминогликозидтердің ерітінділерін бірге араластыруға болмайды, өйткені олар физикалық тұрғыдан үйлеспейді. Цефобоцид препаратымен және аминогликозидтермен біріктірілген емдеу кезінде әрбір препарат инфузиялық жиынтығын ауыстыра отырып және енгізілген инені, вена ішіне канюляны немесе катетерді әрбір препарат арасында тиісті ерітіндінің жеткілікті мөлшерімен сақтықпен жуып-шайып, жеке инфузиямен бірізді енгізіледі. Цефобоцидті аминогликозидтердің алдында енгізу ұсынылады.
Арнайы сақтандырулар
Аса жоғары сезімталдық.
Бета-лактамды антибиотиктерді немесе цефоперазонды қоса, цефалоспориндерді қабылдаған пациенттерде ауыр, ал кейде тіпті өлімге әкелетін аса жоғары сезімталдық реакциялар (анафилаксиялық реакция) сипатталған. Мұндай реакциялардың пайда болуы анамнезінде бірнеше аллергендерге сезімталдығы жоғары адамдарда болуы ықтимал.
Цефоперазонмен емдеуді бастамас бұрын пациенттің бұрын цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа препараттарға аллергиялық реакциялары бар-жоғын мұқият тексеру керек. Цефоперазон анамнезінде, әсіресе дәрілерге аллергиялық реакциясы бар барлық пациенттерге сақтықпен тағайындалуы керек.
Аллергиялық реакция пайда болған жағдайда препаратты одан әрі енгізуді дереу тоқтатып және тиісті емдеуді бастау қажет. Ауыр анафилаксиялық реакциялар адреналинді жедел енгізуді, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етуді, болжамды интубацияны, оттегі беруді және кортикостероидтарды вена ішіне енгізуді талап етеді.
Цефоперазон қабылдаған пациенттерде уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы және эксфолиативнті дерматит сияқты күрделі, кейде өліммен аяқталатын тері реакциялары туралы хабарланды. Терінің ауыр реакциясы пайда болғанда цефоперазонды қолдануды тоқтатып және тиісті емдеуді бастау керек.
Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде қолдану
Цефоперазон өтпен қарқынды түрде шығарылады. Бауыр аурулары және/немесе өт жолдарының обструкциясы бар пациенттерде цефоперазонның плазмадан жартылай шығарылу кезеңі ұзарады, ал несеппен шығарылуы артады. Тіпті бауырдың ауыр дисфункциясы кезінде де өттегі цефоперазонның емдік концентрациясына қол жеткізіледі, ал оның жартылай шығарылу кезеңі тек 2-4 есе ұзарады
Жалпы ескертулер
Цефоперазонмен емдеу кезінде күрделі қан кету, соның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлар туралы хабарланды. Дұрыс тамақтанбаған, мальабсорбция жағдайлары бар пациенттерде, ұзақ уақыт парентералды тамақтануда болған пациенттерде және антикоагулянттармен ем қабылдайтын пациенттерде жоғары қауіп бар. Бұл пациенттерді қан кету, тромбоцитопения және гипопротромбинемия белгілері болуына бақылау керек. Тоқтамастан қан кету жағдайында, басқа себебі анықталмағанда, цефоперазонды қабылдауды тоқтату керек.
Басқа антибиотиктер жағдайындағы сияқты, цефоперазонды ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің көбеюіне әкелуі мүмкін, сондықтан пациенттер емдеу кезінде осы тұрғыдан да мұқият бақылауда болуы тиіс.
Басқа жүйелік жоғары тиімді препараттар сияқты, сондай-ақ ұзақ мерзімді емдеу кезінде кейбір жүйелер мен ағзалардың, әсіресе бүйректің, бауырдың және қан түзу жүйесінің жұмысында бұзылулар бар-жоғын үнемі тексеріп отыру ұсынылады. Бұл бақылау әсіресе жаңа туған нәрестелерде, әсіресе шала туған нәрестелер мен емшек жасындағы сәбилерде маңызды.
Clostridium difficile-байланысты диарея (CDAD) барлық дерлік антибиотиктерді, соның ішінде цефоперазонды қолданғанда тіркелген. Көріністердің ауырлығы жеңіл диареядан өлімге әкелетін колитке дейін ауытқуы мүмкін. Антибиотиктермен емдеу қалыпты ішек флорасын өзгертеді және C. difficile шамадан тыс өсуіне әкеледі.
C. difficile CDAD дамуына ықпал ететін А және В токсиндерін өндіреді. Гипертоксин өндіретін C. difficile штаммдары аурушаңдық пен өлім жағдайын көбейтеді, өйткені бұл инфекциялар антибиотиктермен емдеуге төзімді болуы және колэктомияны қажет етуі мүмкін. CDAD антибиотиктерді қабылдағаннан кейін диарея дамыған барлық пациенттерде күдіктену керек. Әсіресе егжей-тегжейлі анамнез маңызды, өйткені CDAD пайда болуы туралы антибиотиктерді қолданғаннан кейін 2 айдан астам уақыт өткен соң хабарланған.
Цефобоцид 1 г инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтағының әрбір құтысында 34,4 мг натрий болады, бұл ересек адам үшін ДДҰ ұсынған 2 г натрий ең жоғары тәуліктік дозасының 1,72%-на сәйкес келеді.
16 г ең жоғары тәуліктік доза 550,4 мг натрийді тұтынуға әкеледі, бұл ДДҰ ұсынған 2 г натрий ең жоғары тәуліктік дозасының 27,5%-на сәйкес келеді.
Цефобоцид 1 г инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтағы натрий құрамы жоғары дәрі болып саналады. Өнімдегі натрийдің құрамын, әсіресе оны тұз құрамы төмен диетадағы пациенттерге тағайындаған кезде ескеру керек.
Педиатрияда қолдану
Цефоперазон балаларда қолданғанда тиімді екендігі дәлелденді. Препаратты шала туған нәрестелер мен жаңа туған нәрестелерде қолдану кеңінен зерттелмеген, сондықтан емдеуді бастамас бұрын бұл пациенттерде емдеудің күтілетін пайдасы мен ықтимал қауіптерін таразылау керек. Ядролық сарғаюы бар жаңа туған нәрестелерде цефоперазон билирубинді оның плазма ақуыздарымен байланысатын орнынан ығыстырмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цефоперазонды қолданудың клиникалық тәжірибесі оны қолдану пациенттің көлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі екіталайлығын көрсетеді.
Жүктілік
Цефоперазон плацентарлы бөгет арқылы өтеді. Жүкті әйелдердің қатысуымен талапқа сай және тиісті түрде бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондықтан бұл препарат жүктілік кезінде аса қажет болған жағдайда ғана қолданылуы керек.
Бала емізу
Емшек сүтіне цефоперазонның тек өте аз мөлшері ғана өтеді. Цефоперазон емшек сүтіне жақсы енбесе де, препаратты емізу кезеңінде сақтықпен тағайындау керек. Нәрестеге емшек сүтімен емізудің пайдасы мен әйелге емдеудің пайдасын ескере отырып, емшекпен емізуді тоқтату немесе цефоперазонмен емдеуді тоқтату/болдырмау туралы шешім қабылдау керек.
Фертильділік
Жыныстық тарапынан жетілген егеуқұйрықтардағы клиникаға дейінгі зерттеулерде фертильділікке ешқандай әсері байқалмады. Алайда, жыныстық жетілуге дейінгі егеуқұйрықтарды зерттеуде аталық безде жағымсыз әсерлер байқалды. Еркектер мен әйелдердің фертильділігі туралы клиникалық деректер жоқ. Жануарларға әсер ету әрқашан адамның реакциясын болжай бермейтіндіктен, ер немесе әйел баланы жоспарлағанда абай болуы керек.
Алкоголь
Цефоперазонмен емдеу кезінде немесе оны тоқтатқаннан кейін 5 күн ішінде алкогольдік ішімдіктерді қолданған пациенттерде дисульфирам қабылдағанға ұқсас симптомдар пайда болды: ысынулар және гиперемия, тершеңдік, бас ауыруы, тахикардия. Осыған ұқсас реакция кейбір басқа цефалоспориндерді қолданғанда байқалды, сондықтан пациенттерге цефоперазонмен емдеу кезінде алкогольдік сусындарды қабылдамауға кеңес беру керек. Егер пациенттерге пероральді немесе парентералды жасанды тамақтану қажет болса, құрамында этанол бар ерітінділерді енгізуге болмайды.
Зертханалық көрсеткіштерге әсері
Бенедикт немесе Фелинг ерітіндісін қолданатын несептегі қант болуына тест жалған оң болуы мүмкін.
Аминогликозидтер
Цефалоспориндер аминогликозидтердің нефроуытты әсерін күшейтуі мүмкін. Нефроуыттылыққа байланысты аминогликозидтерді және цефалоспориндерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерді жоғары мониторингтеу талап етіледі.
Антикоагулянттар (К дәруменінің антагонистері)
Цефоперазон К дәрумені антагонистерінің, оның ішінде варфариннің антикоагулянттық әсерін күшейте алады. Егер К дәруменінің антагонисін цефоперазонмен біріктіріп қолданса, ХҚҚ мәнін және қан кету көрсеткіштерін бақылау керек.
Тірі вакциналар
Антибиотиктер иммундық жауап берілуіне қажетті вакцинадағы штамның өсіп-көбеюін болдырмауы мүмкін және осылайша вакцинаның емдік әсерін төмендетуі мүмкін. Тірі аттенуирленген вакциналар мен антибиотиктерді бір мезгілде қолданудан аулақ болыңыз.
Диарея
Цефоперазонды қоса, барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды қолданған кезде Clostridium difficile-мен байланысты диарея туралы хабарланды. Цефоперазоннан туындаған диареяның дамуына байланысты пероральді және ректальді препараттардың емдік тиімділігінің төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Қалпына келтірілген ерітінді:
Төменде келтірілген парентералды еріткіштер мен цефоперазонның шамамен концентрациясы келесі көрсетілген мәндер мен уақыт аралықтары сақталған жағдайда ерітіндінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Көрсетілген сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған ерітінді жойылуы тиіс.
Цефоперазонның сұйылтылған ерітінділері парентералды ерітінділерге арналған шыны немесе пластик шприцтерде, шыны немесе пластик ыдыстарда сақталады.
15°C-25°C бақыланатын температурада 24 сағат бойы сақтау.
Еріткіш — Жуық концентрациялары
Инъекцияға арналған стерильді су — 300 мг/мл
Инъекцияға арналған 5 % глюкоза — 2 мг - 50 мг/мл дейін
Инъекцияға арналған 5 % глюкоза және инъекцияға арналған лактатты Рингер ерітіндісі — 2 мг - 50 мг/мл дейін
5 % глюкоза және инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі — 2 мг - 50 мг/мл дейін
5 % глюкоза және инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,2 % ерітіндісі — 2 мг - 50 мг/мл дейін
Инъекцияға арналған 10 % глюкоза — 2 мг - 50 мг/мл дейін
Инъекцияға арналған лактатты Рингер ерітіндісі — 2 мг/мл
инъекцияға арналған 0,5 % лидокаин (лидокаин қауіпсіздігі туралы ақпаратты ескеру керек) — 300 мг/мл
инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі — 2 мг - 300 мг/мл дейін
Инъекцияға арналған 5% глюкоза ерітіндісіндегі Нормосол М — 2 мг - 50 мг/мл дейін
Нормосол Р — 2 мг - 50 мг/мл дейін
Тоңазытқышта 2 °C-ден 8 °C-ге дейінгі температурада 5 күн сақтау.
Еріткіш — Жуық концентрациялары
Инъекцияға арналған стерильді су — 300 мг/мл
Инъекцияға арналған 5 % глюкоза — 2 мг - 50 мг/мл дейін
5 % глюкоза және инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі — 2 мг - 50 мг/мл дейін
5 % глюкоза және инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,2 % ерітіндісі — 2 мг - 50 мг/мл дейін
Инъекцияға арналған лактатты Рингер ерітіндісі — 2 мг/мл
Инъекцияға арналған 0,5 % лидокаин (лидокаин қауіпсіздігі туралы ақпаратты ескеру керек) — 300 мг/мл
Инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі — 2 мг - 300 мг/мл дейін
Инъекцияға арналған 5% глюкоза ерітіндісіндегі Нормосол М — 2 мг - 50 мг/мл дейін
Нормосол Р — 2 мг - 50 мг/мл дейін
Мұздатқыш камерада -20 °C-ден -10 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек
Еріткіш — Жуық концентрациялары
3 апта бойы
Инъекцияға арналған 5 % глюкоза — 50 мг/мл
5 % глюкоза және инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі — 2 мг/мл
5 % глюкоза және инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,2 % ерітіндісі — 2 мг/мл
5 апта бойы
Инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі — 300 мг/мл
Инъекцияға арналған стерильді су — 300 мг/мл
Мұздатып қатырылған ерітінділерді қолданар алдында 15°С-25°С температурада мұзын еріту керек, мұздан ерітілген ерітіндінің пайдаланылмаған бөлігін утилизациялау керек. Қайталап мұздатып қатыруға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.