Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
- Кумбстың оң реакциясы
Жиі
- анемия
- диарея
- бөртпе
Жиі емес
- оральді кандидоз
- жүрек айнуы, құсу, стоматит
- бас ауыруы
- эритема, есекжем, терінің қышынуы
- енгізген жердегі тітіркенулер, флебит және тромбофлебит, инъекция орнында ауыру және қабыну
Сирек
- спецификалық емес кандидоз, гематокриттің төмендеуі, панцитопения, қан кетулер, эритема, диспепсия, қан сарысуында билирубиннің артуы, холестазды қоса, бауыр функциясының бұзылуы, мочевинаның, қан сарысуында креатининнің артуы, уытты нефропатия, бүйрек жеткіліксіздігі, ентігу, енгізген орынның тітіркенуі, қан сарысуында сілтілік фосфатазаның, фосфаттардың, кальцийдің, калийдің артуы, қан сарысуында кальций концентрациясының азаюы
- эозинофилия, нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, протромбин уақытының және белсендірілген ішінара тромбопластин уақытының пролонгациясы, қан сарысуында сілтілік фосфатазаның, фосфаттардың, кальцийдің, калийдің артуы, қан сарысуында кальций концентрациясының азаюы
- аллергиялық реакциялар, қышыну, есекжем және қызба
- құрысулар, парестезия, дәм сезудің бұзылуы, бас айналуы
- тиннит (құлақтың шуылы)
- трансаминазалар (АсТ, АлТ) деңгейінің елеулі және өтпелі жоғарылуы, қан сарысуында билирубиннің артуы, холестазды қоса, бауыр функциясының бұзылуы
- ісіну, аллергиялық реакциялар, эритема.
- мочевинаның, қан сарысуында креатининнің артуы, уытты нефропатия, бүйрек жеткіліксіздігі, қалтырау, несепте глюкозаға жалған оң реакция
- спецификалық емес кандидоз
Өте сирек
- артериялық гипотензия
- ентігу
- вазодилатация
- іштің ауыруы, колит, жалған жарғақшалы колит, іш қатуы
- буындардың ауыруы
- вагинит
- қан сарысуында фосфат концентрациясының төмендеуі
Жиілігі белгісіз
- апластикалық анемия, гемолиздік анемия, агранулоцитоз
- анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну
- несепте глюкозаға жалған оң реакция
- кома, мелшею, энцефалопатия, сананың бұзылуы, миоклонус
- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz