Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат – жатаған теміртікен шөбінің құрғақ экстрактісі (Tribulus terrestris herba extractum siccum (35-45:1)) 250 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (101 тип), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон К25, кросповидон, тальк, магний стеараты.
Үлбірлі қабықтың құрамы: Опадрай AMB қоңыр 80W26601 - ішінара гидролизденген поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы (Е171), соялық лецитин (Е322), ксантан шайыры (Е415), темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) қара тотығы (Е172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, өзіне тән иісі бар, диаметрі 13 мм, қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Кешенді емдеуде:
- либидо төмендегенде, белсіздікте, бедеулікте
- дислипопротеинемияда
- әйелдерде климактериялық және кастрациядан кейінгі синдромда
Әсер ету механизмі
Трибестан препаратының әсер ету механизмі протодиосциннің құрамында болуына байланысты. Протодиосцин организмде дегидроэпиандростеронға (ДГЭА) дейін метаболизденеді, ол жасушалық жарғақшаның өткізгіштігіне, эректильді функцияға, холестерин метаболизміне және иммунитетке қолайлы әсер етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Трибестан құрамында фуростанол типті стероидты сапониндер басым болатын Tribulus terrestris L. өсімдігінің жер бетіндегі бөлігінен алынған табиғи өнім болып табылады. Трибулус террестрис өсімдігінің сығындысы құрамына кіретін басқа белсенді фуростанолды сапониндер протодиосциннің әсерін түрлендіруі ықтимал.
Трибестанның жалпы сергітетін және жыныс жүйесінің кейбір функцияларын көтермелейтін әсер береді.
Еркектерде либидоны және эрекцияны қалпына келтіреді және жақсартады. Сперматозоидтардың мөлшерін және олардың қозғалысын арттыра отырып, сперматогенезге көтермелегіш әсер етеді, тестостеронның деңгейін жоғарылатады.
Трибестан әйелдерде де либидоны жақсартады, овуляцияны көтермелейді. Табиғи және гормональді статусты қалпына келтірудің нәтижесіндегі кастрациядан кейінгі климактериялық синдромда вазомоторлық көріністерге жағымды әсер етеді.
Дені сау еріктілерге жүргізілген зерттеулер нәтижелері Трибестанның гипофизарлы-гонадты жүйе гормондарының сарысу деңгейіне бүйрекүсті безі гормондары мен адренокортикотропты гормонның деңгейлерін айтарлықтай өзгертпестен әсер ететінін көрсетті.
Трибестан гиполипидемиялық әсерге ие, оның үстіне дислипопротеинемиясы бар емделушілерде қан сарысуындағы триглицеридтердің және тығыздығы жоғары липопротеиндердің (ТЖЛП) мөлшеріне анық әсер етпей, жалпы холестеринді мен тығыздығы төмен липопротеиндерді (ТТЛП) елеулі төмендетеді.
Трибестан антигипертензиялық және диуретикалық әсерге ие.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Еркектерде либидо мен эрекцияны қалпына келтіреді және жақсартады. Сперматозоидтар санын және олардың қозғалғыштығын арттыру арқылы сперматогенезге стимуляциялаушы әсер етеді, тестостерон деңгейін арттырады.
Әйелдерде Трибестан либидоды жақсартады, овуляцияны көтермелейді. Гормональді статусты қалпына келтіру нәтижесінде табиғи және посткастрациалық климактериялық синдромда вазомоторлық көріністерге жағымды әсер етеді.
Балалар
Препаратты 18 жасқа дейінгі пациенттерге қолдану ұсынылмайды.
Дозалау режимі
Ересектерге мынадай дозалар ұсынылады:
Либидо төмендегенде, белсіздікте және бедеулікте:
Еркектерде либидо төмендегенде, белсіздікте және бедеулікте дозасы 1-2 таблеткадан күніне 3 рет. Емдеу ұзақтығы – 90 күннен кем болмау керек. Емдеу курсын қанағаттанарлық емдік әсер алғанға дейін қайталауға болады.
Әйелдер бедеулігінде дозалануы етеккір циклінің 1-шіден 12-ші күніне дейін 1-2 таблеткадан күніне 3 рет. Осы курсты жүкті болғанға дейін мезгіл-мезгіл қайталауға болады.
Дислипопротеинемияда:
2 таблеткадан күніне 3 рет. Емдеу ұзақтығы - 3 айдан кем болмау керек.
Әйелдерде климактериялық және кастрациядан кейінгі синдромда:
1-2 таблеткадан күніне 3 рет, 60-90 күн бойы. Жағдай жақсарғаннан кейін біртіндеп демеуші дозаға ауысу керек – күніне 2 таблеткадан 1-2 жыл бойы.
Енгізу жолы және тәсілі
Таблеткаларды тамақтан соң, ішке қабылдайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Жіберіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Қолдануды нұсқаулыққа немесе дәрігердің тағайындауына сәйкес жалғастырыңыз.
• Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдануға байланысты кез келген қосымша сұрақтар болса, өзіңіздің дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгініңіз.
- белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- ауыр жүрек-қантамыр аурулары
- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
- қуық асты безінің аденомасы
- жүктілік және емшек емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау жасау мүмкін емес):
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.
- асқазанның шырышты қабығына тітіркендіретін әсері.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қазіргі сәтке дейін Трибестан® препаратымен артық дозалану жағдайлары байқалмаған. Өнімнің көп мөлшерін қабылдағанда белсендірілген көмір қолданылады, асқазанды шаяды және симптоматикалық ем тағайындалады.
Климактериялық синдромы бар әйелдерді емдегенде емдеуден демеуші дозаға ауысу біртіндеп болуы тиіс. Тиімді дозаны күрт төмендеткеннен немесе тоқтатқаннан кейін климактериялық симптомдардың екінші қайтара көрінісі болуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Трибестан® көлік құралдарын жүргізу және машиналармен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жануарларға жүргізілген тәжірибелік зерттеу эмбриоуыттылық және тератогендік әсерлерін көрсетпеген. Адамдардағы ықтимал қаупі белгісіз. Жүкті әйелдерге клиникалық зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан Трибестан® жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолданылмайды.
Жүктілік анықталғанда препарат қабылдауды тоқтату керек.
Трибестан® овуляцияны көтермелейтін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда олардың әсері өзара күшеюіне әкеледі.
Трибестан® қолдану диуретиктердің әсерін күшейтуі және гипертензияға қарсы препараттардың гипотензивтік әсерін үдетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.