Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозировка
300мг/3мг
Торговое наименование
Токсивенол
Действующее вещество
Троксерутин, комбинации
Назначение
Веналық жеткіліксіздік пен капиллярлар жарылғыштығының артуымен байланысты жағдайларды симптоматикалық емдеу
Производитель
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Страна
Турция
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: троксерутин 300 мг, карбазохром 3 мг,
қосымша заттар: жүгері крахмалы, повидон К30, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,
қабықтың құрамы:
Опадри® ақшыл сары 85F270028: ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/ПЭГ, тальк, темірдің (III) сары тотығы (Е 172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (II, III) қара тотығы (Е 172);
Опадри® мөлдір 85F190000: ішінара гидролизденген поливинил спирті, макрогол/ПЭГ, тальк;
Тазартылған су1.
1- дайын өнімде жоқ
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сүт түстес-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Веналық жеткіліксіздік пен капиллярлар жарылғыштығының артуымен байланысты жағдайларды симптоматикалық емдеу.
Препараттың әсері оның құрамына кіретін троксерутин мен карбазохромға байланысты.
Троксерутин (тригидроксиэтилрутозид), сонымен қатар P4 дәрумені ретінде де белгілі, биофлавоноид болып табылады, ол тамырлар қарсыластығын (капилляропротекторлық әсер) арттырады және олардың өткізгіштігін төмендетеді, қанның сұйық компонентінің тіндерге шамадан тыс енуіне жол бермейді, ісінуге қарсы әсерін қамтамасыз етеді.
Биофлавоноидтардың әсер ету механизмін көп факторлы гипотеза түсіндіреді:
• прекапиллярлық сфинктерге вазоконстрикторлық әсер;
• адреналиннің әсерін күшейту;
• тікелей емес антиоксиданттық әсер ету арқылы С дәруменінің белсенділігін күшейту;
• гистаминнің антагонизмі;
• гиалуронидазаны басу.
Троксерутин катехин-о-метилтрансфераза арқылы нейротрансмиттердің катаболизмін басу арқылы адреналиннің болу ұзақтығын және оның айналымдағы концентрациясын оңтайландырады деген гипотеза қазіргі уақытта ең сенімді болып табылады. Адреналин, тиісінше, прекапиллярлық сфинктердің бітелуімен артериолалар мен метаартериолаларға шеткері тамыр тарылтатын әсер етуі мүмкін, нәтижесінде вакуумдық қуыстар күйінде болатын қан ағымының айтарлықтай төмендеуі байқалады, бұл тіндерде плазманың терлеу мүмкіндігін жояды.
Норадреналин катаболизміне әсер етуден басқа, жарғақшаның өткізгіштігіне қорғаныс әсері бар С дәруменінің әсерін күшейтеді және гиалуронидазаны тежейді, ол белсендірілгеннен кейін гиалурон қышқылын (тамыр қабырғаларының тұрақтылығына жауап беретін мукополисахарид) метаболиздейді. Сонымен қатар, гистаминнің босап шығуын бәсеңдетеді (оның тамыр тарылтатын және ісінуге қарсы әсерін жояды), бұл капиллярлардың резистенттілігі мен өткізгіштігінің жақсаруына әкелуі мүмкін.
Карбазохром (адренохрома семикарбазон), бүйірлік тізбектерді тотықтыру және циклизациялаумен алынған адреналин туындысын білдіретін ортохинон функционалды қайталама амин тобы мен орто-дифенол тобының болмауына байланысты симпатомиметикалық әсерден мүлдем айырылады және қан кету аймағының ұсақ тамырларына жергілікті тамыр тарылтатын әсері арқылы қан кету уақытын азайта отырып, әрекет етеді. Бұл құбылыс артериялық қысымның жоғарылауына әкелмейді. Карбазохром үшін капиллярлардың төзімділігі мен өткізгіштігіне, тамырлардың тонусына және тамырлардың жиырылу қабілетіне тікелей әсер ету де расталды.
Троксерутин-карбазохромның біріктірілімі қан кетуін тоқтатуды және ангиопротекцияны қамтамасыз ететін өзара әсерге негізделген, бұл олардың фармакологиялық және емдік әсерін өзара толықтырады.
Дозалау режимі
Емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес тәуліктік доза 2-4 таблетканы құрайды.
Препараттың өткізіп алған дозасын толықтыру үшін екі еселенген дозаны қабылдауға болмайды.
Балалар
Пациенттердің осы жас санатында қолдану туралы деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат тамақтану кезінде ішке қабылданады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Препараттың әдетте жағымдылығы жақсы. Сирек жағдайларда жүрек айнуымен асқазанға жақпаушылығы туралы хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Арнайы ескертулер
Препаратты қолдану кезінде осы уақытқа дейін алынған тәжірибе оның қолданылуын шектейтін дәлелдерді көрсетпеді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік кезеңінде препаратты қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды, өйткені шаранаға және емшек сүтімен қоректенетін балаға зиянды әсер ету қаупі жоққа шығарылмайды.
Препарат аскорбин қышқылының қантамыр жақтауларының құрылымы мен өткізгіштігіне әсерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.