Өте жиі
- конъюнктива гиперемиясы
Жиі
- бас ауыруы
- нүктелік кератит, мөлдір қабықтың эрозиясы, ашыту сезімі, конъюнктиваның тітіркенуі, көздің қышынуы, көздің шаншу сезімі, бөгде денені сезіну, көздің құрғауы, қабақтардың эритемасы, көздің ауыруы, көздің қарығуы, көзден бөліністер, көру қабілетінің бұзылуы, қабақтардың қышынуы, көру өткірлігінің нашарлауы, блефарит, қабақтың ісінуі
, көздің тітіркенуі, көз жасы ағуының артуы, кірпіктердің өсуі
- ринит
-қабақтардың пигментациясы, гирсутизм, терінің гиперпигментациясы (периокулярлық)
Жиі емес
- ирит, конъюнктиваның ісінуі, қабақтардың ісінуі, көздегі әдеттен тыс сезіну, астенопия, трихиаз, нұрлы қабықтың гиперпигментациясы, қабақ ойығының тереңдеуі, қабақтың тартылуы, кірпіктер түсінің өзгеруі (күңгірттенуі)
- ентігу
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- аллергиялық дерматиттің, ангионевроздық ісінудің, көзге аллергияның белгілерін немесе симптомдарын қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары
- ұйқысыздық, түнде шым-шытырық түстер көру
- дисгевзия, бас айналуы
- кисталы макулярлық ісіну, көздің ісінуі, анық көрмеу, көздегі жайсыздық
- брадикардия
- гипертония
- бронх түйілуі (көбінесе, бұрын бронхоспастикалық ауруы болған пациенттерде), демікпе
- шаршау.
Жергілікті қолданылатын басқа офтальмологиялық препараттар сияқты, биматопрост / тимолол жүйелі қан ағымына сіңеді. Тимололдың сіңуі жүйелі бета-блокаторларды қолданғанда байқалатынға ұқсас жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. Жергілікті офтальмологиялық енгізуден кейінгі жүйелі жағымсыз реакциялардың жиілігі, жүйелі енгізу кезіндегіге қарағанда төмен.
Белсенді заттарының кез келгенін (биматопрост немесе тимолол) қолданғанда байқалған немесе препаратты қолданғанда да туындауы ықтимал қосымша жағымсыз реакциялар
- анафилаксияны қоса, жүйелі аллергиялық реакциялар
- гипогликемия
- депрессия, естен тану, елестеулер
- естен тану, ми қанайналымының бұзылуы, миастенияның белгілері мен симптомдарының күшеюі, парестезия, церебральді ишемия
- мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, диплопия, птоз, фильтрациялық операциядан кейін хориоидеяның қатпарлануы, кератит, блефароспазм, торқабыққа қан құйылу, увеит
- атриовентрикулярлық блокада, жүректің тоқтап қалуы, аритмия, жүрек жеткіліксіздігі, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, кеуденің ауыруы, жүрек қағуы, ісіну
- гипотония, Рейно феномені, аяқ-қолдардың мұздауы
- демікпенің өршуі, ӨСОА өршуі, жөтел
- жүрек айнуы, диарея, диспепсия, ауыздың құрғауы, іш ауыруы, құсу
- псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі, тері бөртпесі
- миалгия
- сексуалдық дисфункция, либидо төмендеуі
- астения
- бауырдың функционалдық тестілерінің бұзылуы
Құрамында фосфаттар бар көзге тамызатын дәрілерді қолданғанда жағымсыз реакциялар туралы хабарланған
Мөлдір қабығы елеулі зақымданған кейбір пациенттерде, құрамында фосфаттар бар көзге тамызатын дәрілерді пайдаланғандағы мөлдір қабық кальцификациясы жағдайлары туралы өте сирек хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz