Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Спрей назальный дозированный
Дозировка
25 мкг/доза
Торговое наименование
Тимоген
Действующее вещество
Иммуностимуляторы другие
Назначение
Жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы вирустық және бактериялық ауруларының профилактикасы және кешенді емдеу
Производитель
МБНПК "Цитомед"
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Препараттың бір дозасы (0.1 мл) құрамында:
белсенді зат – альфа-глутамил-триптофан (Тимоген натрий тимогенге шаққанда) 25.000 мкг.
қосымша заттар: натрий хлориді, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз мөлдір сұйықтық. Бензалконий хлоридіне тән иісі болуына жол беріледі.
• жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы вирустық және бактериялық ауруларының профилактикасы және кешенді емдеу;
• иммунитет бәсеңдеуінің, қан түзілуінің, жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі кезеңдерде регенерация процестерінің профилактикасы;
• сәулелік терапия, химиотерапия және антибиотикпен терапия кезінде салдарлы иммун тапшылығын түзету мақсатында кешенді адъювантты ем;
• иммунитеттің төмендеуімен қатар жүретін жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларын кешенді емдеу.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Фармакодинамикалық әсерлері
Препарат жасушалық, гуморальдық иммунитет реакцияларына және организмнің спецификалық емес резистенттілігіне реттеуші әсер етеді. Олар басылған жағдайда регенерация процестерін стимуляциялайды. Жасушалық метаболизм процестерінің ағымын жақсартады. Лимфоциттердегі дифференциациялық рецепторлардың экспрессиясын күшейтеді, Т-хелперлердің, цитоуытты Т-лимфоциттердің мөлшерін және әртүрлі иммундық тапшылығы жағдайы бар пациенттерде олардың қатынасын қалыпқа келтіреді.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Тимоген препараты «пайда-қауіп» қолайлы арақатынасына ие. Тимоген препаратын қолданудың клиникалық тәжірибесі жоғары емдік құндылығын көрсетті, бұл препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі бейінінің алдыңғы бағалауларымен сәйкес келеді.
Препарат жасушалардағы метаболизмдік процестерге модуляциялық әсер етеді, иммундық жүйе жасушаларының пролиферациясы мен функционалды белсенділігін стимуляциялайды, антиоксидантты әсер бар, тіндердің регенерация процестерін көтермелейді, жараларды емдеуді тездетеді, зақымдану ошағында дәнекер тін жасушаларының, эндотелиоциттердің, макрофагтардың және лейкоциттердің функциясын белсендіреді, қабыну кезінде гистамин мен серотонин өнуін тежейді. Эксперименттік және клиникалық зерттеу кезінде анықталған альфа-глутамил-триптофанның фармакологиялық қасиеттері дипептид қабыну ауруларының бірыңғай патогенетикалық механизмдеріне (қабыну, іріңдеу, сауығу, тыртық) және ең алдымен Т-жасушалық иммунитет жүйесіне әсерін көрсетеді.
Тимоген - бұл тиімді иммуномодулятор, оны терінің және тері асты шелінің көптеген ауруларын емдеуде қолдануға болады, әсіресе салдарлы иммун тапшылығы жағдайының қалыптасуымен бірге жүреді. Тимоген вирустық гепатиттерді, туберкулезді, псевдотуберкулезді, тұмау мен ЖРВИ, кандидоздарды, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба мен бактериялық және вирустық этиологияның басқа аурулары кешенді емінде қолдануға келетін тиімді препарат болды. Қолданыстағы қолдану көлемі кезінде Тимоген препараты үшін сәйкестендірілген қауіптер «пайда-қауіп» арақатынасына елеулі әсер ете алмайды, қоғамдық денсаулыққа әсер етпейді және маңыздылар санатына жатпайды.
Балалар
Бронх обструкциялық синдромы (БОС) бар балаларды кешенді емдеуде Тимоген препаратын пайдалану ЖРВИ жиілігі мен ұзақтығының одан әрі қысқаруына әкеледі, БОС көріністері санын азайтады және олардың ағымын жеңілдетеді.
Дозалау режимі
Препаратты мынадай дозада интраназальді (мұрынға) енгізеді:
Ересектерге: әрбір мұрын жолына тәулігіне 2 рет 1 дозадан (бір бүрку) емдік мақсатта 10 күн бойы немесе профилактикалық мақсатта 3-5 күн бойы.
Балаларға: 1-ден 6 жасқа дейін бір мұрын жолына 1 доза тәулігіне 1 рет, 7-ден 14 жасқа дейін әрбір мұрын жолына 1 дозадан тәулігіне 1 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті.
Құтыны бас бармағымен негізден, ал дозалау құрылғысының саптамасын ортаңғы және сұқ саусақтар арасында ұстау керек. Дозалау құрылғысының саптамасын мұрын жолына тігінен жоғары қалыпта салыңыз. Саптаманы бір рет басыңыз.
Емдеу ұзақтығы
Препарат емдік мақсатта 10 күн бойы немесе профилактикалық мақсатта 3-5 күн бойы қолданылады. Тимоген препаратының қайталау курсы 1 ай өткеннен кейін ғана жүргізіледі.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер препаратты соңғы рет қабылдауды өткізіп алған болса, екі еселенген дозаны қабылдауға болмайды, емдеуді нұсқаулықта жазылғандай жалғастыру немесе ұсынылу қажет.
Ұсынылған дозадан жоғары дозаның ұлғаюы емдік әсердің ұлғаюына әкелмейді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Қажет болса, препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- 1 жасқа дейінгі балаларға.
Өте сирек (0,01%-дан азында кездеседі):
- аллергиялық ринит.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Бірінші қабылдау кезінде және оны тоқтатқанда препараттың әсер ету ерекшеліктері жоқ. Созылмалы аурулары бар балалар мен ересектердің дәрілік препаратты қолдануында ерекшеліктер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тимоген көлік құралдарын басқару және психомоторлық реакциялардың жоғары концентрациясы мен жылдамдығын талап ететін басқа да қауіпті іс-шаралармен айналысу қабілетіне әсер етпейді.
Клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты, егер ана үшін болжамды пайда шаранаға немесе балаға төнетін ықтимал қауіптен асып кетсе, жүктілік кезеңінде және бала емізу кезінде препаратты қабылдау дәрігердің тағайындауы бойынша ғана мүмкін болады. Препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесіңіз.
Химиотерапиялық дәрілік препараттардың (цитостатикалық, бактерияға қарсы дәрілік препараттар) және сәулелік емнің тиімділігін арттырады. Глюкокортикостероидты дәрілік препараттардың үлкен дозаларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Көрсетілген препараттар үлкен дозаларының иммунодепрессиялық әсері альфа-глутамил-триптофанның иммуностимуляциялық әсерін теңестіреді.
Сақтау мерзімі
2.5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2 оС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.