Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозировка
125 мг
Торговое наименование
Тилаксин®
Действующее вещество
Тилорон
Назначение
Кешенді емнің құрамында: тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (ЖРВИ) емдеуде және профилактикада
Производитель
ВИВА ФАРМ
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 125 мг тилорон,
қосымша заттар: кальций гидрофосфаты дигидраты, гипромелоза, микрокристалды целлюлоза, повидон, коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы, натрий кроскармелозасы, полиэтиленгликоль, кальций стеараты, тальк,
қабығының құрамы: «Aquarius Preferred white» үлбірлі қабығы (гипромелоза, коповидон, полидекстроза, полиэтиленгликоль, орта тізбекті триглицеридтер, титанның қостотығы (Е171)), кандурин (титанның қостотығы (Е171), калий алюмосиликаты (Е555)), «күн батар түстес сары» бояғыш (Е110).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар, сынған жерінде екі қабат көрінеді.
кешенді емнің құрамында
• тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (ЖРВИ) емдеуде және профилактикада
• герпестік инфекцияларды емдеуде
Тилаксин (тилорон) - иммуномодуляциялайтын және вирустарға қарсы дәрі. Организмде α, β, γ-интерферондар түзілуін көтермелейді. Препаратты енгізгенге жауап ретінде интерферонның негізгі продуценттері ішек эпителийінің жасушалары, гепатоциттер, Т-лимфоциттер, нейтрофилдер және гранулоциттер болып табылады. Ішке қабылдағаннан кейін интерферон өнімінің ең көбі «ішек-бауыр-қан» бірізділігімен 4-24 сағаттан соң анықталады. Сүйек кемігінің дің жасушаларын көтермелейді, дозасына байланысты антиденелер түзілуін күшейтеді, иммунодепрессия деңгейін төмендетеді, Т-супрессорлар/Т-хелперлер арақатынасын қалпына келтіреді. Кең ауқымды вирустық инфекцияларға, сонымен бірге тұмау, басқа жедел респираторлық вирустық инфекцияларға, А, В, С гепатиттеріне және герпес вирустарға қатысты тиiмдi. Вирустарға қарсы әсер ету механизмі инфекция жұқтырған жасушаларда вирустық-спецификалық ақуыздардың тасымалдануын тежеуге байланысты, салдарларынан вирустардың репродукциясы бәсеңдейді.
Жануарларға жасалған зерттеулерді жүргізген кезде (тауық және үйрек эмбриондарында) H5N1 штаммының жоғары патогендік құс тұмауы (ЖПҚТ) қоздырғышына қатысты препараттың жоғары вирусқа қарсы белсенділігі, сондай-ақ (тауықтарға тәжірибе жүргізген кезде) ЖПҚТ қоздырғышының антигендеріне қатысты елеулі иммуностимуляциялайтын және адъювантты белсенділігі дәлелденген.
Дозалау режимі
Тұмауды және ЖРВИ емдеуде: емдеудің алғашқы 2 күнінде – күніне 1 таблеткадан (125 мг), содан соң – әрбір 48 сағат сайын 1 таблеткадан (125 мг). Курстық дозасы – 10 күн бойы 6 таблетка (750 мг).
Тұмау және ЖРВИ профилактикасында: аптасына 1 рет 1 таблеткадан (125 мг) 6 апта бойы.
Герпестік инфекцияны емдеуде: емдеудің алғашқы 2 күнінде – күніне 1 таблеткадан (125 мг), содан соң – әрбір 48 сағат сайын 1 таблеткадан (125 мг). Курстық дозасы – 38 күн бойы 20 таблетка (2,5 г).
Енгізу жолы және әдісі
Ішке қабылдауға арналған. Препаратты ішке, тамақтанудан кейін қабылдайды.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• жүктілік және лактация кезеңі
• балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
• аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну)
• диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, қыжыл, іштегі ауырлық және кебу сезімі)
• қысқа мерзімді қызба
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені күшейсе немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерді байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тилаксин® препаратының артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша медициналық қызметкерден кеңес алуға ұсыныстар
Бұл препаратты қолдану бойынша сұрақтар бар болса, емдеуші дәрігерге немесе медициналық қызметкерге жүгініңіз.
Тилаксин® препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Арнайы ескертулер
Егер препараттың келесі дозасын қабылдау уақытын өткізіп алсаңыз, онда уақыт аралығын ескерусіз мүмкіндігінше жылдам және дозаны қосарламай Тилаксин® препаратын қабылдау курсын басталған сызбамен жалғастырған жөн.
Егер Тилаксин® препаратымен тұмау және басқа ЖРВИ емдеу кезінде ем басталғаннан бастап 5 күн ішінде емдік әсері байқалмаса, дәрігерге қаралған жөн.
Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде пайдалануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тилаксин® көлік құралдарын басқару және жоғары зейінділікті және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді.
Тилорон антибиотиктермен, вирустық және бактериялық ауруларды дәстүрлі емдеу дәрілерімен үйлесімді.
Тилоронның антибиотиктермен, вирустық және бактериялық ауруларды дәстүрлі емдеу дәрілерімен, сондай-ақ алкогольмен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.