Әсер ету механизмі
Тезепелумаб тимустық стромалық лимфопоэтинге (TSLP - thymic stromal lymphopoietin) онымен жоғары тектестік иеленетін моноклонды антидене (IgG2λ) түрінде болады, тезепелумаб TSLP гетеродимерлі рецепторымен байланысады және онымен өзара әрекеттесуін болдырмайды. Бронх демікпесінде және мұрын полиптерімен созылмалы риносинуситте TSLP аллергиялық және аллергиялық емес триггерлер әсер етуімен өндіріледі. Тезепелумабпен TSLP бөгелуі бронх демікпесінде және мұрын полиптерімен созылмалы риносинусит кезіндегі тыныс жолдары мен шырышты қабық қабынуының дамуымен байланысты биомаркерлер мен цитокиндердің (мысалы, қандағы эозинофилдер, тыныс жолдарының шырыш астындағы қабатындағы эозинофилдер, IgE, FeNO, ИЛ-5 және ИЛ-13) кең ауқымды деңгейін төмендетеді, алайда, бронх демікпесінде және мұрын полиптерімен созылмалы риносинуситте тезепелумабтың әсер ету механизмі түпкілікті анықталмады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Қандағы эозинофилдерге, қабындыратын биомаркерлер мен цитокиндерге әсері
Клиникалық зерттеулер жүргізу барысында бронх демікпесі бар пациенттер арасында әр 4 апта сайын тері астына тезепелумабты 210 мг дозада енгізу, плацебомен салыстырғанда, бастапқы деңгейге қатысты қандағы эозинофилдер, FeNO деңгейін, сарысудағы ИЛ-5, ИЛ-13 және IgE концентрацияларын төмендетті. Емдеудің 2 аптасы өткенде бұл маркерлер, баяу төмендеген IgE деңгейін қоспағанда, ең жоғары төмендеуіне жуық болды. Бұл әсерлері бүкіл емдеу курсы бойына сақталды.
Клиникалық зерттеулер жүргізу барысында мұрын полиптерімен созылмалы риносинусит бар пациенттер арасында әр 4 аптада тері астына 210 мг дозада тезепелумаб енгізу қабыну биомаркерлері деңгейінің төмендеуіне әкелді (қандағы эозинофилдер деңгейі, FeNO [қатарлас бронх демікпесі бар пациенттерде] және сарысудағы IgE концентрациясы).
Тыныс жолдарының шырыш астындағы қабығының эозинофилдеріне әсері
Клиникалық зерттеу барысында әр 4 апта сайын тері астына тезепелумабты 210 мг дозада енгізу, плацебо қабылдағанда байқалған 25% төмендеуімен салыстырғанда, шырыш астындағы қабықтағы эозинофилдер деңгейін 89% төмендетті. Төмендеу бастапқы қабыну биомаркерлеріне байланыссыз тұрақты болды.
Иммуногенділік
NAVIGATOR зерттеуінде бронх демікпесі бар пациенттер арасында дәрілік препаратқа антиденелер (ДПА) 52-апталық зерттеу кезеңінің ішінде ұсынылған қолдану сызбасы бойынша тезепелумаб қабылдаған 527 пациенттің 26-нан (4.9%) уақыттың кез келген сәтінде табылды. Осы 26 пациент арасында 10 пациенттен (тезепелумабпен ем қабылдаған пациенттердің 1.9%-ы) жүргізілген ем аясында пайда болған ДПА анықталды, ал 1 пациенттен (тезепелумабпен ем қабылдаған пациенттердің 0.2%-ы) бейтараптандырушы антиденелер анықталды. ДПА титрлері, жалпы алғанда, төмен және жиі өткінші болды. Фармакокинетикасына, фармакодинамикасына, тиімділігіне немесе қауіпсіздігіне ДПА әсер ету дәлелдері алынбады.
WAYPOINT зерттеуінде мұрын полиптерімен созылмалы риносинусит бар пациенттерде ем аясында пайда болған ДПА 52-апталық емдеу кезеңінің ішінде тезепелумабты әр 4 аптада 210 мг дозада тері астына қабылдаған 164 пациенттің 6-нан (4%) табылды. Бейтараптандырушы антиденелер ДПА оң нәтижесі бар пациенттердің 1-нен анықталды. Фармакокинетикасына, фармакодинамикасына, тиімділігіне немесе қауіпсіздігіне айқын ДПА әсері анықталмаса да, ем аясында пайда болған ДПА бар пациенттердің саны мұрын полиптерімен созылмалы риносинусит бар пациенттер тобында бейресми бағалау жүргізуге жеткіліксіз болды.
Клиникалық тиімділігі
Бронх демікпесі
Тезепелумаб тиімділігі рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын 2 клиникалық зерттеу (PATHWAY және NAVIGATOR) барысында 52 аптаға созылған қатарлас топтарда ауыр бронх демікпесімен 12 жастан бастап және одан үлкен 1609 пациентте бағаланды.
Екі зерттеуге де пациенттер қандағы эозинофилдердің ең төмен бастапқы деңгейінің талаптарынсыз және басқа қабындыратын биомаркерлерсіз (FeNO немесе IgE) қосылды.
PATHWAY зерттеуі - тері астына 1 рет/4 аптада 70 мг дозада тезепелумабпен, тері астына 1 рет/4 аптада 210 мг дозада тезепелумабпен, тері астына 1 рет/2 аптада 280 мг дозада тезепелумабпен ем немесе плацебо тағайындалған бақыланбайтын ауыр бронх демікпесі бар 550 пациент (18 жастағы және одан үлкен) қамтылған бронх демікпесінің өршу жиілігі анықталатын 52-апталық зерттеу. Пациенттер анамнезінде пероральді немесе жүйелі кортикостероидтармен емдеу қажет болған немесе соңғы 12 ай ішінде ауруханаға жатуға алып келген 2 немесе одан көп бронх демікпесінің өршуі болуы тиіс.
NAVIGATOR зерттеуі - тері астына 1 рет/4 апта 210 мг тезепелумабпен ем немесе плацебо тағайындалған бақыланбайтын ауыр бронх демікпесі бар 1061 пациент (ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер) қамтылған бронх демікпесінің өршу жиілігі анықталатын 52-апталық зерттеу. Пациенттер анамнезінде пероральді немесе жүйелі кортикостероидтармен емдеу қажет болған немесе соңғы 12 ай ішінде ауруханаға жатуға алып келген 2 немесе одан көп бронх демікпесінің өршуі болуы тиіс.
PATHWAY зерттеуінде де, NAVIGATOR зерттеуінде де қосылу критерийлері скрининг кезіндегі бронх демікпесінің бақылануын бағалау сауалнамасына (ACQ-6) сай 1.5 немесе одан көп балл және бастапқы деңгейінен төмендеген өкпе функциясы (бронхолитик қолдануға дейінгі ҚДК1 ересектерде болжанған мәнінен 80% төмен, ал жасөспірімдерде болжанған мәнінен 90% төмен) болды. Пациенттер ингаляциялық кортикостероидтардың (ИКС) жүйелі орташа немесе жоғары дозаларын және пероральді кортикостероидтармен (ПКС) немесе оларсыз бронх демікпесін бақылауға арналған, кем дегенде, бір қосымша препаратты қабылдауы тиіс. Жоғары ИКС дозасы күніне > 500 мкг флутиказон пропионаты немесе оған баламалы препарат болып белгіленді. Орташа ИКС дозасы болып PATHWAY зерттеуінде флутиказон пропионаты немесе баламалы препараттың тәулігіне > 250-500 мкг, ал NAVIGATOR зерттеуінде флутиказон пропионаты немесе баламалы препараттың тәулігіне 500 мкг дозасы көзделді. Пациенттер бүкіл зерттеу кезеңі бойына бронх демікпесінің бастапқы базистік емін жалғастырды.
Осы екі зерттеуде пациенттердің демографиялық және бастапқы сипаттамалары 2 кестеде ұсынылды.
2 кесте. Бронх демікпесінің зерттеулеріндегі демографиялық және бастапқы сипаттамалар
PATHWAY зерттеуі — NAVIGATOR зерттеуі
N = 550 — N = 1059
Орта жас (жыл) (СА) — 52 (12) — 50 (16)
Әйелдер (%) — 66 — 64
Еуропоидтық нәсіл (%) — 92 — 62
Қара нәсіл немесе афроамерикандықтар (%) — 3 — 6
Азиялықтар (%) — 3 — 28
Испан тілді немесе латын-америкалық тектестер (%) — 1 — 15
Бронх демікпесінің орташа ұзақтығы (жыл) (СА) — 17 (12) — 22 (16)
Ешқашан шылым шекпеген пациенттер (%) — 81 — 80
ИКС жоғары дозаларын пайдалану (%) — 49 — 75
ПКС пайдалану (%) — 9 — 9
Алдыңғы жыл ішіндегі өршулерінің орташа саны (СА) — 2.4 (1.2) — 2.8 (1.4)
Болжамды ҚДК1 орташа бастапқы % мәні (СА) — 60 (13) — 63 (18)
Бронхолитик қолдануға дейінгі ҚДК1 орташа мәні (л) (СА) — 1.9 (0.6) — 1.8 (0.7)
Бронхолитик қолданудан кейінгі ҚДК1 орташа өзгерісі (%) (СА) — 23 (20) — 15 (15)
Қандағы ЭОЗ орташа бастапқы саны (жасуша/л) (СА) — 371 (353) — 340 (403)
Қандағы ЭОЗ мөлшері ≥ 150 жасуша/мкл (%) — 76 — 74
Оң аллергиялық статус (%)a — 46 — 64
FeNO орташа мәні (ppb) (СА) — 35 (39) — 44 (41)
FeNO ≥ 25 ppb (%) — 44 — 59
ACQ-6 (СА) орташа мәні — 2.7 (0.8) — 2.8 (0.8)
Қандағы ЭОЗ мөлшері ≥ 150 жасуша/мкл және FeNO ≥ 25 ppb (%) — 38 — 47
a Оң аллергиялық статус FEIA панеліндегі кез келген тұрақты аэроаллергенге спецификалық сарысулық IgE оң нәтижесімен айқындалады.
ACQ-6 - бронх демікпесі симптомдарының бақылануын бағалау сауалнамасы; ЭОЗ - эозинофилдер; FEIA - флуоресцентті иммуноферменттік талдау; FeNO – деммен шығарылатын ауадағы азот тотығының фракциясы; ҚДК1 - 1 секунд ішінде жеделдетіп дем шығару көлемі; ИКС - ингаляциялық кортикостероид; IgE - E класты иммуноглобулин; ПКС - пероральді кортикостероид; ppb – миллиардқа шағылатын бөлшектер; СА - стандартты ауытқу.
Төменде берілген нәтижелер 1 рет/4 аптада тері астына ұсынылатын тезепелумабты 210 мг дозада қолдану сызбасына қатысты болады.
Өршулер
PATHWAY және NAVIGATOR зерттеулеріндегі бастапқы соңғы нүкте 52 апта ішінде бағаланатын бронх демікпесінің ауыр клиникалық мәнді өршулер жиілігі болды. Бронх демікпесінің клиникалық мәнді өршулері кемінде 3 күн бойы пероральді немесе жүйелі кортикостероидтарды қолдануды немесе дозасын арттыруды немесе кортикостероидтардың депо-түрлерін бір рет енгізуді талап ететін бронх демікпесі ағымының нашарлауы және/немесе пероральді немесе жүйелі кортикостероидтарды пайдалануды және/немесе ауруханаға жатуды талап ететін кезек күттірмейтін көмек бөліміне қаралу болып белгіленді.
PATHWAY зерттеуінде де, NAVIGATOR зерттеуінде де тезепелумабпен ем қабылдаған пациенттерде, плацебомен салыстырғанда, бронх демікпесінің ауыр өршулерінің жыл сайынғы жиілігінің елеулі төмендеуі байқалды (3 кесте және 4 кесте). Бұдан бөлек, тезепелумаб қабылдаған пациенттерде, плацебомен салыстырғанда, кезек күттірмейтін көмек бөліміне қаралуды және/немесе ауруханаға жатуды талап ететін өршулер аз білінді. PATHWAY және NAVIGATOR зерттеулерінің барысында кезек күттірмейтін көмек бөліміне қаралуды және/немесе ауруханаға жатуды талап ететін бронх демікпесінің ауыр өршулерінің жиілігі әр 4 аптада тезепелумабты 210 мг дозада тері астына енгізгенде, тиісінше, 85% және 79% төмендеді.
3 кесте. NAVIGATOR зерттеуінде 52 аптадағы ауыр клиникалық мәнді өршулер жиілігіа
Тезепелумаб (N = 528) — Плацебо (N = 531)
Бронх демікпесінің ауыр өршулерінің жыл сайынғы жиілігі
Жиілігі — 0.93 — 2.10
Жиілік қатынасы (95% СА) — 0.44 (0.37; 0.53)
Р мәні — < 0.001
a Қауіп уақыты жаңа өршу болуы мүмкін жалпы уақыт ұзақтығы болып белгіленеді (яғни, өршу кезіндегі уақытты алып тастағанда, жалпы кейінгі қадағалау уақыты және одан кейінгі 7 күн).
СА – сенім аралығы
4 кесте. PATHWAY зерттеуінде 52 аптадағы ауыр клиникалық мәнді өршу жиілігіа
Тезепелумаб (N = 137) — Плацебо (N = 138)
Бронх демікпесінің ауыр өршулерінің жыл сайынғы жиілігі
Жиілігі — 0.20 — 0.72
Жиілік қатынасы (95% СА) — 0.29 (0.16; 0.51)
Р мәні — < 0.001
a Қауіп уақыты жалпы кейінгі қадағалау уақыты болып белгіленеді.
СА – сенім аралығы
Қосалқы топтардағы талдау
NAVIGATOR зерттеуінде тезепелумаб қандағы эозинофилдердің, FeNO бастапқы деңгейіне, сондай-ақ аллергиялық статусқа (жыл бойғы аэроаллерген-спецификалық IgE бойынша айқындалатын) қарамастан бронх демікпесінің ауыр өршулері жиілігінің төмендеуін көріністеді. Осыған ұқсас нәтижелер PATHWAY зерттеуінде де болды (1 сурет).
NAVIGATOR зерттеуінде бронх демікпесінің ауыр өршулері жиілігінің төмендеуі қандағы эозинофилдердің бастапқы деңгейінің және FeNO мәндерінің артуымен өте айқын білінді (қандағы эозинофилдердің бастапқы деңгейі < 150 жасуша/мкл және FeNO бастапқы деңгейі < 25 ppb пациенттер үшін жиілік қатынасы (ЖҚ) = 0.79 [95% СА: 0.48; 1.28]; қандағы эозинофилдердің бастапқы деңгейі ≥ 150 жасуша/мкл және FeNO бастапқы деңгейі ≥ 25 ppb пациенттер үшін ЖҚ = 0.30 [95% СА: 0.23; 0.40]).
1 сурет. Талдауға арналған толық іріктеуде әртүрлі бастапқы биомаркерлер бойынша 52 апта ішінде бронх демікпесі өршулерінің жыл сайынғы жиілігінің арақатынасы (NAVIGATOR және PATHWAY зерттеулерінің біріктірілген деректері)a
Тезепелумаб 210 мг 1 рет/4 апта n/бағалау — Плацебо n/бағалау — Жиілік қатынасы (95% СА)
Барлығы — 665/0.78 — 669/1.92 — 0.40 (0.34; 0.48)
Бастапқы деңгейдегі эозинофилдер саны (жасуша/мкл.)
< 300 — 379/0.84 — 382/1.62 — 0.52 (0.41; 0.66)
≥ 300 — 286/0.68 — 287/2.35 — 0.29 (0.22; 0.38)
Бастапқы деңгейдегі эозинофилдер саны (жасуша/мкл.)
< 150 — 166/0.88 — 171/1.70 — 0.52 (0.36; 0.73)
150 – 300 — 213/0.81 — 211/1.56 — 0.52 (0.38; 0.72)
300 – 450 — 127/0.81 — 116/2.03 — 0.40 (0.26; 0.60)
≥ 450 — 159/0.57 — 171/2.56 — 0.22 (0.15; 0.33)
Бастапқы деңгейдегі FeNO деңгейі (ppb)
< 25 — 291/0.84 — 294/1.39 — 0.60 (0.46; 0.79)
25 – 50 — 191/0.76 — 181/2.00 — 0.38 (0.27; 0.53)
≥ 50 — 175/0.67 — 189/2.77 — 0.24 (0.17; 0.34)
Аллергиялық статусb
Оң аллергиялық статус — 410/0.72 — 405/1.92 — 0.38 (0.30; 0.47)
Теріс аллергиялық статус — 241/0.89 — 243/1.95 — 0.46 (0.34; 0.62)
Бастапқы деңгейдегі эозинофилдер (жасуша/мкл.) және FeNO (ppb) деңгейі
Эозинофилдер < 150 және FeNO < 25 — 106/0.91 — 99/1.43 — 0.63 (0.40; 1.00)
Эозинофилдер ≥ 150 және FeNO < 25 — 185/0.80 — 195/1.37 — 0.58 (0.41; 0.82)
Эозинофилдер < 150 және FeNO ≥ 25 — 57/0.86 — 69/2.19 — 0.39 (0.22; 0.69)
Эозинофилдер ≥ 150 және FeNO ≥ 25 — 309/0.69 — 301/2.43 — 0.28 (0.22; 0.37)
Тезепелумаб пайдасына — Плацебо пайдасына
Жиілік қатынасы (95% СА)
a Қауіп уақыты жаңа өршу болуы мүмкін жалпы уақыт ұзақтығы болып белгіленеді (яғни, өршу кезіндегі уақытты алып тастағанда, жалпы кейінгі қадағалау уақыты және одан кейінгі 7 күн).
b Аллергиялық статус FEIA панеліндегі кез келген тұрақты аэроаллерген үшін спецификалық сарысулық IgE нәтижесі бойынша белгіленеді.
Өкпе функциясы
Бастапқы деңгейге қатысты ҚДК1 өзгеруі NAVIGATOR зерттеуінде екінші соңғы нүкте ретінде бағаланды. Плацебомен салыстырғанда, тезепелумаб бастапқы деңгейге қатысты ҚДК1 орташа өзгерісінің клиникалық мәнді жақсаруын қамтамасыз етті (5 кесте).
Пациенттер хабарлаған нәтижелер
Бронх демікпесінің бақылануын бағалау сауалнамасы (ACQ-6) және бронх демікпесі кезіндегі өмір сапасын бағалаудың стандартталған сауалнамасы бойынша 12 жастағы және одан үлкен пациенттерде [AQLQ(S)+12] бастапқы деңгейге қатысты нәтижелер өзгерісі және бронх демікпесі симптомдарын тіркеу күнделігіндегі апта сайынғы орташа баллдар (ASD) NAVIGATOR зерттеуінде екінші соңғы нүктелер ретінде бағаланды. Сырылдар, ентігу, жөтелу және кеуде қысылуының айқындылығы тәулігіне екі рет (таңертең және кешкілік) бағаланды. Түнгі ояну мен белсенділік күн сайын бағаланды. ASD шкаласы бойынша жалпы балл 10 тармақ бойынша орташа мән болып есептелді (5 кесте).
ACQ-6 және AQLQ(S)+12 бойынша клиникалық мәнді жақсару тезепелумаб енгізуден кейін, тиісінше, 2 апта және 4 апта өткен соң-ақ байқалды, әрі екі зерттеуде де 52-ші аптаға дейін сақталды.
5 кесте. NAVIGATOR зерттеуіндегі 52 аптада негізгі екінші соңғы нүктелерді бағалау нәтижелеріа
Тезепелумаб — Плацебо
Бронхолитик қабылдауға дейінгі ҚДК1
N — 527 — 531
Бастапқы деңгейге қатысты ЕАК әдісі бойынша есептелген орташа өзгеріс (л) — 0.23 — 0.10
ЕАК әдісі бойынша есептелген орташа айырма, плацебомен салыстырғанда (л) (95% СА) — 0.13 (0,08; 0.18)
Р мәні — < 0.001
AQLQ(S)+12 жалпы балл
N — 525 — 526
Бастапқы деңгейге қатысты ЕАК әдісі бойынша есептелген орташа өзгеріс — 1.48 — 1.14
Плацебодан ерекшелігі (95% СА) — 0.33 (0.20; 0.47)
Р мәні — < 0.001
ACQ-6 бойынша бағалау
N — 527 — 531
Бастапқы деңгейге қатысты ЕАК әдісі бойынша есептелген орташа өзгеріс — −1.53 — −1.20
Плацебодан ерекшелігі (95% СА) — −0.33 (−0.46; −0.20)
Р мәні — < 0.001
ASD
N — 525 — 531
Бастапқы деңгейге қатысты ЕАК әдісі бойынша есептелген орташа өзгеріс — −0.70 — −0.59
Плацебодан ерекшелігі (95% СА) — −0.11 (−0.19; −0.04)
Р мәні — 0.004
a Бағалар, емді тоқтатудан кейінгі деректерді қоса, бастапқы деңгейден кемінде 1 өзгерісі бар пациенттердің барлық қолжетімді деректері пайдаланылатын қайталап өлшеулердің аралас моделі (MMRM) негізінде алынды.
12 жастағы және одан үлкен пациенттер үшін ACQ-6 - бронх демікпесінің симптомдарының бақылануын бағалау сауалнамасы; AQLQ(S)+12 - бронх демікпесі кезіндегі өмір сапасын бағалаудың стандартталған сауалнамасы; ASD - бронх демікпесі симптомдарын тіркеу күнделігіі; СА – сенім аралығы; ҚДК1 - бір секундта жеделдетіп дем шығару көлемі; ЕАК - ең аз квадрат; N – талдауда қамтылған (FA) бастапқы деңгейден кемінде 1 өзгерісі бар пациенттер саны.
Егде жастағы пациенттер (≥ 65 жас)
PATHWAY және NAVIGATOR зерттеулерінің шеңберінде 1 рет/4 аптада тері астына тезепелумабпен 210 мг дозада ем қабылдаған бронх демікпесі бар 665 пациенттен, жалпы жиынтығы, 119 пациент 65 жаста және одан асқан шамада болды, оның ішінде 32 пациент 75 жаста және одан асқан шамада болды. Осы жас топтарындағы қауіпсіздік бейіні жалпы зерттелетін қауыммен ұқсас болды. Осы жас топтарындағы тиімділігі NAVIGATOR зерттеуінде жалпы зерттелетін қауымдағысына ұқсас болды. PATHWAY зерттеуінде осы жас тобындағы тиімділігін айқындауға жеткілікті 65 жастағы және одан асқан пациенттер саны қамтылмады.
Мұрын полиптерімен созылмалы риносинусит
Тезепелумаб тиімділігі стандартты ем қабылдаған мұрын полиптерімен созылмалы риносинусит бар 18 жастағы және одан асқан 408 пациенттің қатысуымен 52-апталық емдеу кезеңінің ішінде қатарлас топтарда жүргізілген WAYPOINT рандомизацияланған салыстырмалы жасырын көп орталықтық плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуінде бағаланды. Зерттеуге қосылу алдындағы 12 ай кезеңінде жүйелі глюкокортикостероидтардың қолданылуына қарамастан, симптомдарының болуымен мұрын полиптерімен созылмалы риносинуситке шалдыққан және/немесе анамнезінде мұрынның қосалқы қойнауларына хирургиялық араласу жасалған және/немесе көрсетілген емдеу әдістерінен кез келгенінің қарсы көрсетілімдері немесе жақпаушылығы болған пациенттер зерттеуде қамтылды.
Пациенттер мұрын полиптерімен созылмалы риносинуситті емдеу үшін глюкокортикостероидтармен (мысалы, мұрынға арналған мометазон фуроаты спрейімен) мұрын ішін емдеуге қосымша 52 апта бойы әр 4 апта сайын тері астына 210 мг дозада тезепелумаб немесе плацебо қабылдады.
WAYPOINT зерттеуіндегі демографиялық және бастапқы сипаттамалары 6 кестеде ұсынылған.
6 кесте. WAYPOINT зерттеуіндегі демографиялық және бастапқы сипаттамалары
WAYPOINT зерттеуі N = 408a
Орта жас (жыл) (СА) — 50 (14)
Ер жыныс (%) — 65
Мұрын полиптерімен созылмалы риносинуситтің орташа ұзақтығы (жыл) (СА) — 13 (10)
≥1 хирургиялық араласу жасалған пациенттер (%) — 71
Алдыңғы жыл бойына мұрын полиптерімен созылмалы риносинуситті емдеу үшін жүйелі глюкокортикостероидтар қабылдаған пациенттер (%) — 58
NPSb шкаласы бойынша орташа балл (СА), 0-8 диапазон — 6.1 (1.2)
2 аптада бір рет бағалау кезіндегі NCSb, c шкаласы бойынша орташа балл (СА), 0-3 диапазон — 2.6 (0.5)
Лунд-Маккей шкаласы бойынша мұрынның қосалқы қойнауларын КТ бағалау кезіндегі орташа балл (СА), 0-24 диапазон — 19 (4)
2 аптада бір рет бағалау кезіндегі иіс сезбей қалу көріністерінің орташа саныb, d (СА), 0-3 диапазон — 2.9 (0.4)
SNOT-22b шкаласы бойынша орташа балл (СА), 0-110 диапазон — 69 (18)
Қандағы эозинофилдердің орташа саны (жасуша/мкл) (СА) — 360 (235)
Жалпы IgE ХБ/мл орташа концентрациясы (СА) — 176 (285)
Бронх демікпесі/Ацетилсалицил қышқылы индукциялаған респираторлық ауру/ҚҚСПe (%) — 61
Ацетилсалицил қышқылы индукциялаған респираторлық ауру/ҚҚСП (%) — 17
Аллергиялық ринит (%) — 14
a NPS шкаласы (Nasal polyps score, мұрын полиптерін эндоскопиялық бағалауға арналған шкала) бойынша орташа балл бағалауына арналған пациенттер саны (N) = 407; NCS шкаласы (Nasal Congestion Score, мұрын бітелуін бағалауға арналған шкала) бойынша орташа баллын 2 аптада бір рет бағалау және иіс сезбей қалуды 2 аптада бір рет бағалау үшін N = 406; Лунд-Маккей шкаласы бойынша (орташа балл) мұрынның қосалқы қойнауларын және қандағы эозинофилдердің орташа санын КТ бағалау үшін N = 404; жалпы IgE концентрациясының орташа мәнін бағалау үшін N = 389.
b Өте жоғары мәні аурудың көп ауырлығын немесе өте айқын симптомдарын көрсетеді.
c Мұрын полиптері симптомдарының күнделігі (NPSD, Nasal Polyposis Symptom Diary) құрамында бағаланды.
d Иіс сезудің қиындауы туралы NPSD бойынша бағаланды.
e Осы қосалқы топқа қосылған ацетилсалицил қышқылымен немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) индукцияланған респираторлық ауруы бар 3 пациенттің бәрінде де бронх демікпесі білінді.
КТ – компьютерлік томография; IgE - иммуноглобулин E; ХБ – халықаралық бірліктер; NCS - мұрын бітелуін бағалауға арналған шкала (Nasal Congestion Score); NPS - мұрын полиптерін эндоскопиялық бағалауға арналған шкала (Nasal polyp score); СА – стандартты ауытқу; SNOT-22 – 22 тармақтан құралатын мұрын және мұрын маңы қойнаулары ауруларының нәтижесін бағалау тестісі (22-item Sino-Nasal Outcome Test).
Тиімділігінің бастапқы соңғы нүктелері зерттелетін емнің ашып көрсетілуінсіз тәуелсіз сарапшылар жүргізген 52-ші аптадағы мұрынға арналған эндоскопия деректері бойынша мұрын полиптерін бағалау шкаласы (NPS) бойынша жалпы мәнінің бастапқы деңгейден өзгерісі және 52-ші аптадағы Мұрын полиптері симптомдарының күнделігіне (NPSD) кірген 2 аптада бір рет мұрын бітелуін бағалау шкаласы (NCS) бойынша орташа мәнінің бастапқы деңгейден өзгерісі болды. NPS жалпы мәні санаттық шкала (0-8) бойынша бағаланды. Мұрын бітелу айқындылығын пациенттер күнделікті 0-ден 3 дейінгі санаттық шкала бойынша бағалады. WAYPOINT зерттеуі үшін Р түзетілмеген мәндері ұсынылды.
Тезепелумаб қабылдаған пациенттерде зерттеудің 52-ші аптасында 2 аптада бір рет плацебомен салыстырмалы бағаланған NPS жалпы мәнінің және NCS орташа мәнінің статистикалық мәнді жақсаруы байқалды (7 кестені қараңыз).
WAYPOINT зерттеуінде бірінші және шешуші екінші соңғы нүктелерді бағалау нәтижелері 7 кестеде ұсынылған.
7 кесте. WAYPOINT зерттеуінде бірінші және шешуші екінші соңғы нүктелерді бағалау нәтижелері
Тезепелумаб (N = 203) — Плацебо (N = 205) — Р мәні a
Бірінші соңғы нүктелер
52 аптадағы NPS
Орташа бастапқы мәні — 6.1 — 6.1
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі — -2.46 — -0.38
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген плацебомен салыстырмалы орташа айырмашылығы (95% СА) — -2.08 (-2.40, -1.76) — <0.0001
52 аптадағы NCS
Орташа бастапқы мәні — 2.59 — 2.55
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі — -1.74 — -0.70
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген плацебомен салыстырмалы орташа айырмашылығы (95% СА) — -1.04 (-1.21, -0.87) — <0.0001
Шешуші екінші соңғы нүктелер
52 аптада иіс сезбей қалуb
Орташа бастапқы мәні — 2.9 — 2.8
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі — -1.26 — -0.26
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген плацебомен салыстырмалы орташа айырмашылығы (95% СА) — -1.01 (-1.18, -0.83) — <0.0001
52 аптада SNOT-22
Орташа бастапқы мәні — 68.2 — 69.2
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі — -45.02 — -17.58
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген плацебомен салыстырмалы орташа айырмашылығы (95% СА) — -27.44 (-32.51, -22.37) — <0.0001
52 аптада Лунд-Маккей (LMK) шкаласы бойынша бағалау
Орташа бастапқы мәні — 18.9 — 18.5
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі — -6.27 — -0.57
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген плацебомен салыстырмалы орташа айырмашылығы (95% СА) — -5.70 (-6.37, -5.03) — <0.0001
Жүйелі кортикостероидтардың бірінші курсына дейінгі уақыт және/немесе 52 аптаға дейін мұрын полиптерімен созылмалы риносинусит кезіндегі мұрынның қосалқы қойнауларына хирургиялық араласу жөніндегі шешім
Пациенттер үлесі (%)c — 5.7 — 31.4
Плацебомен салыстырғанда төмендеу %-ы Қауіптер қатынасы (95% СА)] — 92% [0.08 (0.03, 0.16)] — <0.0001
52-ші аптаға дейінгі мұрынның қосалқы қойнауларына хирургиялық араласу жасау шешімін қабылдауға дейінгі уақыт
Пациенттер үлесі (%)c — 0.5 — 22.0
Плацебомен салыстырғанда төмендеу %-ы [Қауіптер қатынасы (95% СА)] — 98% [0.02 (0.00, 0.09)] — <0.0001
52-ші аптаға дейін мұрын полиптерімен созылмалы риносинусит кезіндегі жүйелі кортикостероидтарды алғашқы қолдануға дейінгі уақыт
Пациенттер үлесі (%)c — 5.2 — 19.3
Плацебомен салыстырғанда төмендеу %-ы [Қауіптер қатынасы (95% СА)] — 89% [0.11 (0.04, 0.25)] — <0.0001
52-ші аптадағы симптомдарын жалпы бағалау (TSS)
Орташа бастапқы мәні — 16.3 — 16.4
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі — -10.39 — -3.43
Ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген плацебомен салыстырмалы орташа айырмашылығы (95% СА) — -6.96 (-8.09, -5.83) — <0.0001
a Түзетілмеген Р мәндері ұсынылды. Статистикалық тұрғыда көптүрлілігіне жасалған түзетуден кйеін маңызды.
b Иіс сезбей қалу көріністерінің орташа санының бастапқы деңгейден өзгерісі Мұрын полиптері симптомдарының күнделігі (NPSD, Nasal Polyposis Symptom Diary (NPSD) құрамында иіс сезудің қиындауы ретінде 2 аптада бір рет бағаланды.
c Оқиғалары бар пациенттер үлесіне арналған Каплан-Майер бағалары.
СА – сенім аралығы; Бастапқы деңгейінен ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі мәнінің төмендеуінің жақсаруын көрсетеді; NCS (Nasal Congestion Score) - мұрын бітелуін бағалауға арналған шкала; NPS (Nasal polyp score) - мұрын полиптерін бағалауға арналған шкала; SNOT-22 – 22 тармақтан құралатын мұрын және мұрын маңы қойнаулары ауруларының нәтижесін бағалау тестісі.
2 сурет. 52-ші аптаға дейін 2 аптада бір рет бағалау кезінде ең аз шаршылар әдісі бойынша есептелген мұрын полиптерін бағалау шкаласы (NPS) бойынша жалпы мәнінің және мұрын бітелуін бағалау шкаласының (NCS) орташа мәнінің бастапқы деңгейден орташа өзгерісі
2а сурет. NPS шкаласы бойынша жалпы мәні — 2б сурет. 2 аптада бір рет бағалау кезіндегі NPS шкаласы бойынша орташа мәні
Ең аз шарщылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі (95% СА)Ең аз шарщылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі (95% СА)Плацебо (N=205)Плацебо (N=205)Тезепелумаб 210 мг әр 4 аптада (N = 203)Тезепелумаб 210 мг әр 4 аптада (N = 203)Уақыт (Апталар)Уақыт (Апталар) Ең аз шарщылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі (95% СА) Ең аз шарщылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі (95% СА) Плацебо (N=205) Плацебо (N=205) Тезепелумаб 210 мг әр 4 аптада (N = 203) Тезепелумаб 210 мг әр 4 аптада (N = 203) Уақыт (Апталар) Уақыт (Апталар) — Плацебо (N=205) Плацебо (N=205) Тезепелумаб 210 мг әр 4 аптада (N=203)Тезепелумаб 210 мг әр 4 аптада (N=203)Ең аз шарщылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі (95% СА)Ең аз шарщылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі (95% СА)Уақыт (Апталар)Уақыт (Апталар) Плацебо (N=205) Плацебо (N=205) Тезепелумаб 210 мг әр 4 аптада (N=203) Тезепелумаб 210 мг әр 4 аптада (N=203) Ең аз шарщылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі (95% СА) Ең аз шарщылар әдісі бойынша есептелген орташа өзгерісі (95% СА) Уақыт (Апталар) Уақыт (Апталар)
Тезепелумаб қабылдаған пациенттерде, плацебо тобымен салыстырғанда, 2 апта өткеннен кейінгі алғашқы бағалау кезінде-ақ иіс сезудің азаюы.
Балалар
Бронх демікпесі
NAVIGATOR зерттеуінде бақыланбайтын ауыр бронх демікпесі бар 12-ден 17 жасқа дейінгі барлығы 82 жасөспірім қамтылды және тезепелумабпен ем (n = 41) немесе плацебо (n = 41) қабылдады. Тезепелумабпен емдеу қабылдаған 41 жасөспірімнен 15-і бастапқы деңгейде жоғары ИКС дозаларын қабылдады. Тезепелумаб қабылдаған жасөспірімдерде байқалатын бронх демікпесі өршулерінің жыл сайынғы жиілігі, плацебо алған топтағы 0.97-бен салыстырғанда, 0.68 құрады (ЖЖ 0.70; 95% СА: 0.34; 1.46). Тезепелумаб қабылдаған жасөспірімдерде байқалған ҚДК1 үшін бастапқы деңгейге қатысты ең кіші квадраттар әдісі бойынша есептелген орташа өзгеріс, плацебо алған топтағы 0.27 л-мен салыстырғанда, 0.44 л құрады (ең кіші квадраттар әдісі бойынша есептелген орташа айырма: 0.17 л; 95% СА: − 0.01; 0.35). Қауіпсіздік бейіні мен фармакодинамикалық жауап жасөспірімдерде, жалпы алғанда, жалпы зерттеу қауымымен ұқсас болды.
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік бронх демікпесінен зардап шегіп жүрген балалардың бір немесе бірнеше қосалқы тобында Тезспире препаратын зерттеудің нәтижелерін ұсыну міндеттемесін кейінге қалдырды.
Мұрын полиптерімен созылмалы риносинусит
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік мұрын полиптерімен созылмалы риносинусит бар балалар популяциясы қауымындағы барлық қосалқы топтардағы Тезспире препараты зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен босатты.