Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозировка
10 мг
Торговое наименование
Терикс®
Действующее вещество
Цетиризин
Назначение
Маусымдық және жыл бойғы аллергиялық риниттің мұрын мен көздегі симптомдарын жеңілдету үшін
Производитель
Али Раиф Илач Санаи А.Ш.
Страна
Турция
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - цетиризин дигидрохлориді, 10.00 мг
қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза, повидон К-30, магний стеараты;
Sheffcoat White 04 5X00257 / 5X00266 қабығының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза 6 cps, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 400.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұзынша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағында да сызығы бар таблеткалар.
Ересектер мен 6 жастан асқан балалар үшін
• маусымдық және жыл бойғы аллергиялық риниттің мұрын мен көздегі симптомдарын жеңілдету үшін
• созылмалы идиопатиялық есекжем симптомдарын жеңілдету
Жүйелі әсер ететін антигистаминдік препараттар. Пиперазин туындылары. Цетиризин.
АТХ коды R06АE07
Әсер ету механизмі
Цетиризин, гидроксизиннің метаболиті, шеткері H1-гистаминдік рецепторлардың селективті антагонисі болып табылады. in vivo жағдайларда рецепторлармен байланысуы бойынша эксперименттерде препараттың Н1-рецепторлардан өзге рецепторларға өлшенетін тектестігі анықталды.
Фармакодинамиккалық әсерлері
Антигистаминдік әсеріне қосымша цетиризин аллергиялық реакциялардың дамуының алдын алады және ағымын жеңілдетеді: күніне бір немесе екі рет 10 мг дозасында ол атопиясы бар, аллергеннің әсеріне ұшыраған пациенттердің терісіндегі және конъюнктивасындағы эозинофилдер агрегациясының кейінгі фазасын тежейді және тәулігіне 30 мг дозасында бронх демікпесінің ингаляциясы кезінде аллерген индукциялаған бронх қысылуының кейінгі фазасы кезінде эозинофилдердің бронхоальвеолярлық жүйеге ағып келуін бәсеңдетеді. Бұдан өзге, цетиризин тері ішіне қолданылатын калликреинді пайдаланып жүрген пациенттердегі созылмалы есекжем жағдайында индукцияланған қабыну реакциясының ақырғы фазасын тежейді. Сонымен қатар ол аллергиялық қабынудың көрсеткіштері болып табылатын ICAM-1 және VCAM-1 сияқты айқын адгезия молекулаларының деңгейін төмендетеді. 10 мг препаратты бір рет қолданғаннан кейін әсер етуі 50% жағдайда 20 минут ішінде және 95% жағдайда бір сағат ішінде басталады. Бұл белсенділігі бір рет енгізгеннен кейін кемінде 24 сағат бойы сақталады. Цетиризинмен емдегенде, қайталап енгізгеннен кейін қабыну үдерісі тоқтайды, тері өзінің гистаминге қалыпты реактивтілігін 3 күн ішінде қалпына келтіреді.
Дозалану режимі
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға
Күніне 2 рет 5 мг-ден (½ таблетка).
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға
Күніне 1 рет 10 мг (1 таблетка).
Егде жастағы пациенттер
Аталған пациенттер үшін, бүйрек функциясы қалыпты болған жағдайда дозасын түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Тек бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозасын түзету қажет емес.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозасын бүйрек жеткіліксіздігінің айқындығын ескере отырып түзету ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Аталған пациенттерде, препараттың дозасы мен қабылданулары арасындағы аралық бүйрек функциясына байланысты (қандағы креатинин деңгейін ескере отырып) жекелей таңдалуы тиіс.
Топ — Креатинин клиренсі, мл/мин — Дозасы ммен қабылдау жиілігі
Бүйрек функциясы қалыпты — ≥80 — күніне 1 рет 10 мг
Бүйрек функциясының бірқалыпты бұзылуы — 50-79 — күніне 1 рет 10 мг
Бүйрек функциясының орташа дәрежелі бұзылуы — 30-49 — күніне 1 рет 5 мг
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы — ˂30 — 2 күнде 1 рет 5 мг
Бүйрек жеткіліксіздігі, диализ — ≤10 — Қолдануға болмайды
Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларда дозасы жекелей (баланың бүйректік клиренсін, жас шамасы мен дене салмағын ескере отырып) түзетілуі тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолданылу жиілігі
Ас ішуге байланыссыз қабылдау керек. Қабылдану жиілігін «Дозалану режимі» бөлімінен қараңыз.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің ұзақтығы қолданылу көрсетілімдеріне тәуелді және дәрігер белгілейді.
Тоқтату симптомдары қаупінің бар-жоқтығы жөніндегі нұсқау
Емдеуді тоқтатқаннан кейін, тіпті емдеуді бастағанға дейін болмаса да, есекжем және/немесе қышыну пайда болуы мүмкін. Аталған симптомдар айқын болуы, және кей жағдайларда препаратты қабылдауды қайта бастауды қажет етуі мүмкін. Емдеуді қайта бастағаннан кейін симптомдар басылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты қолдану жөнінде сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне жүгініңіз.
• әсер етуші затына, қосымша заттарының кез келгеніне, анамнездегі, гидроксизинге немесе пиперазин туындыларының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/минуттан аз)
• тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
• лактация кезеңі
• 6 жасқа дейінгі балаларға
Өте сирек
- тромбоцитопения
- анафилаксиялық шок
- тартылулар
- дисгевзия, дискинезия, дистония, естен тану, тремор
- аккомодация бұзылуы, көрудің нашарлауы, окулогирация
- ангионевроздық ісіну, орныққан дәрілік бөртпе
- дизурия, энурез
Жиі емес
- қозу
- парестезия
- диарея
- қышыну, бөртпе
- астения, дімкәстану
Сирек
- аса жоғары сезімталдық
- озбырлық, абыржу, депрессия, елестеулер, ұйқысыздық
- құрысулар, қимыл-қозғалыс бұзылыстары
- тахикардия
- бауыр функциясының бұзылуы (трансаминазаның, сілтілік фосфатазаның, γ-GT және билирубиннің жоғарылауы)
- есекжем
- салмақ жоғарылауы.
Белгісіз
- тәбеттің артуы
- суицидтік ойлар
- амнезия, жады бұзылуы
- бас айналуы
- несеп іркілуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Цетиризиннің артық дозалануының симптомдары негізінен, ОЖЖ әсерлерімен немесе антихолинергиялық белсенділігін білдіруі ықтимал әсерлерімен байланысты.
Ұсынылған тәуліктік дозасынан кемінде 5 есе артық дозасын қабылдағанда, келесі симптомдар болуы мүмкін: сананың шатасуы, диарея, бас айналуы, шаршау, бас ауыруы, дімкәстану, қарашықтардың кеңеюі, қышыну, мазасыздық, тыныштандыратын әсері, ұйқышылдық, мелшию, тахикардия, тремор, несеп іркілуі.
Емі: артық дозалануының алғашқы симптомдары жағдайларында – асқазанды шаю, симптоматикалық және демеуші ем. Арнайы антидоты жоқ. Диализ тиімсіз.
Емдік дозаларында алкогольмен клиникалық тұрғыдан елеулі өзара әрекеттесулері байқалмады (алкогольдің қандағы 0,5 г/л деңгейі жағдайында). Дегенмен, егер алкоголь препаратпен бір мезгілде қабылданса, сақтық таныту ұсынылады. Сезімталдығы жоғары пациенттерде препаратты алкогольмен немесе ОЖЖ басқа депрессанттарымен бір мезгілде қолданғанда, зейін қоюдың қосымша төмендеуі және қабілеттіліктің нашарлауы туындауы мүмкін.
Препараттың құрамында 64 мг лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.
Цетиризин мен оральді контрацептивтерді бір мезгілде қолдану, контрацептивтік препараттардың тиімділігін төмендетпейді.
Емдеуді тоқтатқаннан кейін, тіпті олар емдеуді бастағанға дейін болмаса да, есекжем және/немесе қышыну пайда болуы мүмкін. Аталған симптомдар айқын болуы, және кей жағдайларда препаратты қабылдауды қайта бастауды қажет етуі мүмкін. Емдеуді қайта бастағаннан кейін симптомдар басылады.
Арнайы ескертулер
Эпилепсиясы бар пациенттерде құрысулардың дамуы қаупінің жоғарылығын ескеру керек.
Несеп іркілісіне бейімдейтін факторлары (мысалы, жұлынға қатысты қиындықтары, қуықасты безінің гиперплазиясы) бар пациенттерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады, өйткені цетиризин несеп іркілісінің туындауы қаупін арттыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Бұл дәрілік түрі 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Препаратты жүктілік кезінде қолданғанда сақтық таныту қажет.
Цетиризин емшек сүтімен бөлініп шығады. Сондықтан, препаратты лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозасын (10 мг) арттырмау керек, өз организміңіздің препаратқа реакциясын бақылау қажет. Ұйқышылдық пайда болған жағдайда, көлік құралын басқарудан, қауіптілігі зор қызмет түрлеріне атсалысудан бас тарту керек.
Цетиризиннің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық бейініне байланысты, бұл антигистаминдік препаратпен өзара әрекеттестік болмайды. Псевдоэфедринмен немесе теофиллинмен (тәулігіне 400 мг) жүргізілген, дәрілермен өзара әрекеттесулерін зерттеулерде елеулі фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесулердің болмағаны байқалды.
Тамақпен бірге қабылдағанда цетиризиннің сіңірілу дәрежесі төмендемейді, алайда, сіңірілу жылдамдығы азаяды.
Сезімтал пациенттерде алкогольді немесе ОЖЖ басқа депрессанттарын бір мезгілде қолдану зейін қоюдың қосымша төмендеуін және еңбекке қабілеттіліктің нашарлауын туғызуы мүмкін. Цетиризиннің өзінің ондай әсері жоқ, бірақ алкогольдің (қандағы 0,5 г / л) әсері күшейеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.