Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Крем
Дозировка
1%
Торговое наименование
ТЕРБИЗИЛ®
Действующее вещество
Тербинафин
Назначение
ТЕРБИЗИЛ крем ересектерде және 12 жастағы және одан жоғары балаларда емдеу үшін көрсетілімде: trichophyton (мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. violaceum)…
Производитель
Гедеон Рихтер
Страна
Венгрия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір сықпаның құрамында
белсенді зат – 0,150 г тербинафин гидрохлориді
қосымша заттар: натрий гидроксиді, бензил спирті, сорбитан моностеараты, цетилпальмитат, цетил спирті, цетостеарил спирті, полисорбат 60, изопропилмиристат, тазартылған су, натрий гидроксидінің 2.4% ерітіндісі
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сәл бадам иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті крем
Шығарылу түрі мен қаптамасы
15 г крем тескіш құралымен ақ түсті бұралатын полиэтилен қақпағы бар алюминий сықпада.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
ТЕРБИЗИЛ крем ересектерде және 12 жастағы және одан жоғары балаларда емдеу үшін көрсетілімде:
- Trichophyton (мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum дерматофиттері туғызған тері микоздарында.
- Candida текті ашытқы зеңдер туғызған тері микоздарында (мысалы, C. аlbicanis).
- Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur ретінде белгілі) туғызған түрлі түсті теміреткі.
Әсер ету механизмі
Тербинафин (аллиламин туындысы) — зеңге қарсы кең ауқымды әсері бар зеңге қарсы препарат.Төмен концентрацияларда препарат дерматофиттерге, зеңдерге және кейбір диморфтық зеңдерге қатысты фунгицидтік әсер көрсетеді. Ашытқылы зеңдерге қатысты белсенділігі, олардың түрлеріне қарай, фунгицидті немесе фунгистатикалық болуы мүмкін. Тербизил препараты зең жасушасындағы стеролдар биосинтезінің ерте сатысын арнайы бұзады. Бұл эргостеролдың тапшылығына және скваленнің жасушаішілік жиналуына әкеліп, зең жасушасының қырылуын туғызады.
Тербинафин зеңнің жасушалық жарғақшасында орналасқан скваленэпоксидаза ферментін тежейді. Скваленэпоксидаза ферменті P450 цитохромының ферменттік жүйесіне жатпайды.
Тербинафин гормондар мен басқа дәрілік препараттардың метаболизміне ықпал етпейді.
Дозалау режимі
Тербизил кремін тәулігіне 1 немесе 2 рет қолдануға болады.
Препаратпен емдеу ұзақтығы және қолдану жиілігі
Зақымдануларда емдеу ұзақтығы:
Дене дерматомикозы, шап эпидермофитиясы 1 –2 апта
Табан дерматомикозы 1 апта
Тері кандидозы 2 апта
Түрлі түсті теміреткі 2 апта
Клиникалық көріністердің айқындылығының азаюы әдетте емдеудің алғашқы күндерінде байқалады. Тұрақты емес қолдану немесе емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату кезінде инфекцияның қайталану қаупі бар. 2 апталық терапиядан кейін жақсару белгілері болмаған жағдайда диагнозды верификациялау керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге дозалаудың басқа режимі қажет немесе жас пациенттермен салыстырғанда олардың басқа жағымсыз әсерлері болуы мүмкін деп болжауға мүмкіндік беретін деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Теріге жағу үшін.
Препаратты қолданар алдында терінің зақымдалған жерлерін тазалап, кептіру керек. Кремді зақымдалған теріге және айналасына жұқа қабатпен жағып, аздап сипалап сіңіру керек. Тері қабаттарының баздануымен (емшектің астында, саусақтар арасында, бөксеаралық аймақта, шап аймағында) қатар жүретін инфекцияларда қолданылатын жерге, әсіресе, түнге қарай дәке төсеп қоюға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар болса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдықта
- 12 жасқа дейінгі балаларда
- бала емізу кезеңінде
Жиі
- қабыршақтану, терінің қышынуы
Жиі емес
- тері тұтастығының бұзылуы, теріде қабыршақтың пайда болуы, тері тарапынан басқа да бұзылулар, пигментация бұзылыстары, эритема, терінің күйдіріп-ашуы
- ауыру немесе жағу орнындағы тітіркену
Сирек
- көздің тітіркенуі
- терінің құрғауы, жанаспалы дерматит, экзема
- саңырауқұлақтық инфекцияның өршуі
Өте сирек
- есекжем, аллергиялық экзантема (соның ішінде диссеминирленген реакциялар), папула, везикулярлық өзгерістер сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары
- бөртпе, папула
Бірен-саран жағдайлар
- ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Сыртқа қолданған кезде тербинафиннің жүйелік сіңірілуінің төмен болуына байланысты артық дозалану ықтималдығы төмен. Кремнің 15 грамдық 2 сықпасын (құрамында 300 мг тербинафин бар) кездейсоқ ішке қабылдау құрамында 250 мг белсенді зат бар (ересектерде ішке қабылдауға арналған бір реттік доза) Тербизил препаратының бір таблеткасын қабылдағанмен бірдей.
Симптомдары: Тербизил кремін ішке көп мөлшерде кездейсоқ қабылдаған жағдайда құрамында тербинафин бар таблеткалармен артық дозаланғанда байқалатын жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін: бас ауыруы, жүрек айнуы, эпигастрий ауыруы және бас айналуы.
Емі: кездейсоқ ішке қабылдаған кезде белсенді затты, ең алдымен белсендірілген көмірді қабылдау арқылы алып тастау керек, қажет болған жағдайда демеуші симптоматикалық емдеу қолданылады.
- Тербизил кремі тек сыртқа қолдануға арналған.
- Бетке қолданған кезде кремді көзге түсуіне жол бермеген жөн, өйткені ол тітіркенуді тудыруы мүмкін. Крем көзге кездейсоқ түсіп кеткенде, оны дереу ағынды сумен жуу керек.
- Емшектегі балалардың сүт безі терісін қоса алғанда, препаратпен өңделген тері аймақтарымен жанасуына жол бермеу керек.
Жүктілік
Тербизил кремін жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды, аса қажеттілік жағдайлардан басқа.
Бала емізу
Тербинафин емшек сүтімен бөлінеді, сондықтан препарат бала емізу кезінде қолданылмау керек, тек ана үшін күтілетін пайдасы бала үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады. Емшектегі баланың сүт безі терісін қоса алғанда, препаратпен өңделген тері аймақтарымен жанасуына жол бермеу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тербизил кремі көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жергілікті қолдануға арналған тербинафині бар препараттардың дәрілермен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Тербизил кремі құрамында жергілікті тері реакцияларын туындататын (мысалы, жанаспалы дерматит) цетостеарил спирті (кремнің 1 г-да 0,04 г) және цетил спирті (кремнің 1 г-да 0,04 г) бар.
Бұл препараттың құрамында кремнің 1 г-да 0,01 г бензил спирті бар. Бензил спирті теріні аздап тітіркендіруі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінігі балаларда клиникадағы тәжірибе шектеулі болғандықтан қолдануға болмайды.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.