Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозировка
5 мг
Торговое наименование
Тералиджен®
Действующее вещество
Алимемазин
Назначение
Седативті (тыныштандыратын), анксиолитикалық (үрейленуге қарсы) және ұйықтап кетуді жақсартатын дәрілер ретінде: органикалық үрей тудыратын бұзылыста (монотерапия түрінде немесе…
Производитель
Валента Фарм
Страна
Россия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – алимемазин тартраты – 10 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты.
қабықтың құрамы:
Опадрай II 85F34750: ішінара гидролизденген поливинил спирті, макрогол-3350, тальк, титанның қостотығы Е 171, керемет қызыл Е 129 бояғыш негізіндегі алюминий лагы, темірдің сары тотығы бояғышы Е 172, темірдің қара тотығы бояғышы Е 172.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызғылт түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес дөңгелек таблеткалар; көлденең кесіндісінде екі қабат көрінеді: қызғылт түсті қабық және ақ түсті ядро.
Ересектерде:
Седативті (тыныштандыратын), анксиолитикалық (үрейленуге қарсы) және ұйықтап кетуді жақсартатын дәрілер ретінде:
• органикалық үрей тудыратын бұзылыста (монотерапия түрінде немесе біріктірілген ем құрамында)
• жайылған үрейлі бұзылыста (біріктірілген ем құрамында)
Аллергияға қарсы дәрілер ретінде:
• атопиялық дерматит
Әсер ету механизмі
Бірінші типті гистаминдік рецепторларды, ми бағанының ретикулярлы формациясының адренорецепторларын және құсу орталығының триггерлі аймағының D2-рецепторларын бөгейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Фенотиазиннің туындылары болып табылады. Алимемазин аздап седативті және үрейленуге қарсы дәрі ретінде әсер етеді, сенестопатия, мезі болатын кезде және қорқу кезінде жағымды әсерін тигізеді. Нейровегетативтік бұзылыстар, орталық жүйке жүйесі функциясының қантамырлық, жарақаттық және инфекциялық бұзылулары салдарынан болған психосоматикалық көріністерде қолданылады. Құсуға қарсы және жөтелге қарсы белсенділігі бар.
Тыныштандыратын әсері осы санаттағы науқастарда ұйқының қалыпқа келуіне мүмкіндік береді.
Антигистаминдік белсенділігіне байланысты алимемазинді аллергиялық ауруларда, әсіресе тыныс алу жолдарының ауруларында және терінің қышуында қолданады. Алимемазин дипразинге қарағанда, антигистаминдік және тыныштандыратын әсері бойынша белсендірек.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Клиникалық зерттеулерде алынған маңызды деректер жоқ.
Балалар
Балалар популяциясы үшін маңызды деректер жоқ (сондай-ақ 4.3-бөлімді қараңыз).
Дозалау режимі
Препараттың әсер етуі дозаға байланысты сипатта болады, доза емдеу мақсатына байланысты таңдап алынады.
Ересектерге
Вегетостабилизациялық әсерге қол жеткізу үшін тәулігіне 20-60 мг.
Анксиолитикалық әсерге қол жеткізу үшін тәулігіне 20-80 мг.
Седативті және/немесе ұйықтататын әсерге қол жеткізу үшін бір реттік 10 мг (ұйқыдан 20-30 мин бұрын).
Аллергиялық реакцияларды симптоматикалық емдеу үшін тәулігіне 10-40 мг.
Ересектер үшін жоғары доза тәулігіне 500 мг, егде жастағы (60 жастан асқан) адамдар үшін – тәулігіне 200 мг құрайды.
Балаларға
Препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды (Қолдануға болмайтын жағдайларды, Арнайы ескертулерді қараңыз).
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке. Шайнамай.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәуліктік доза 3-4 қабылдауға бөлінуі мүмкін.
Курстық емді кешкі уақытта 2,5-5 мг қабылдаудан бастап, тәуліктік дозаны қажетті әсерге дейін біртіндеп арттырумен бастау керек, ол үшін осы дозаны алуға мүмкіндік беретін алимемазиннің дәрілік түрлерін қолдану керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 2-ден 6-ға және одан көбірек айға дейінді құрауы мүмкін және оны дәрігер белгілейді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Жекелеген дозаларды өткізіп алған жағдайда препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Осы уақытқа дейін тоқтату симптомдары туралы хабарланған жоқ.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
• жабық бұрышты глаукома
• қуықасты бездерінің гиперплазиясы
• бауыр және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
• паркинсонизм
• миастения
• Рейе синдромы
• моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қолдану
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жағымсыз әсерлері өте сирек және шамалы білінеді.
Белгісіз
• ұйқышылдық, сылбырлық, тез қажу (негізінен қабылдаудың алғашқы күндері туындайды және препарат қабылдауды тоқтатуды қажет етеді), парадоксальді реакция (мазасыздық, қозу, қорқынышты түстер көру, ашушаңдық);
• сананың шатасуы, экстрапирамидалық бұзылыстар (гипокинезия, акатизия, тремор), көру қабілетінің бұлыңғырлығы (аккомодация парезі), құлақтағы шуыл немесе шыңылдау, бас айналуы, артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі, тахикардия, ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы, асқазан-ішек жолының атониясы, іш қатулар, тәбеттің төмендеуі, мұрынның, жұтқыншақтың құрғауы, бронх секреті тұтқырлығының жоғарылауы, қуықтың атониясы, несептің іркілуі;
• аллергиялық реакциялар;
• сүйек кемігінің қан түзілуін бәсеңдету;
• қатты терлеу;
• бұлшықет релаксациясы;
• фотосенсибилизация.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: аллергиялық реакцияларды қоспағанда, сипатталған жағымсыз әсерлер көріністерінің күшеюі.
Емі: препарат қабылдауды тоқтату, симптоматикалық ем.
Алимемазин бірлесіп қолданылатын ДЗ отоуытты әсерін (құлақтағы шуыл, бас айналуы) бүркемелеуі мүмкін.
Алимемазин организмнің рибофлавинге қажеттілігін арттырады.
Аллергендерге терінің скарификациялық сынамалары нәтижелерінің бұрмалануына жол бермеу үшін препаратты қабылдауды аллергологиялық тестілеуден 72 сағат бұрын тоқтату керек.
Емделу кезеңінде жүктіліктің бар-жоқтығына жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Емдеу кезеңінде алкогольді пайдалануға болмайды.
Егер анамнезінде фенотиазинді қатардың препараттарын қолданған кезде; қуық мойнының обструкциясында; несептің кідіруіне бейімділікте; эпилепсияда; ашық бұрышты глаукомада; сарғаюда; сүйек кемігінің функциясы бәсеңдегенде; артериялық гипотензияда асқынулардың болғаны көрсетілген болса, маскүнемдікте препаратты абайлап қолдану керек.
Арнайы ескертулер
Арнайы ескертулер жоқ.
Жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Егер емдеу кезеңінде жүктілік басталса, препарат қабылдауды тоқтату керек.
Лактация (бала емізу) кезеңінде қолдануға болмайды. Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препаратпен емдеу аясында жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қызмет түрлерімен (автомобильді және басқа көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс, диспетчердің және оператордың жұмысы) айналыспаған жөн.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Тералиджен® препаратының дәрілік өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.