Тазацил® шала туған нәрестелерде, жаңа туған нәрестелерде, емшектегі балаларда, жас балаларда, жасөспірімдер мен ересектерде негізінен бактериялық инфекциялардан зақымдаған тері…
Производитель
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: гексамидин диизетионаты 0.10 г
хлорокрезол 0.30 г
хлоргексидин диглюконаты (20% ерітінді) 0.10 г (0.535 г)
қосымша заттар: динатрий эдетаты, кокамидопропилбетаин, кокодиэтаноламид, қылқан хош иістендіргіші, сүт қышқылы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден ашық-сарғыш түске дейінгі, өзіне тән иісі бар тұтқыр сұйықтық.
Тазацил® шала туған нәрестелерде, жаңа туған нәрестелерде, емшектегі балаларда, жас балаларда, жасөспірімдер мен ересектерде негізінен бактериялық инфекциялардан зақымдаған тері мен шырышты қабықтарды тазарту үшін немесе салдарлық инфекцияның дамуына әкелуі мүмкін жағдайларда қолдануға арналған.
Ескертпе: антисептикалық препараттар теріні және шырышты қабықтарды стерилизацияламайды, олар микроорганизмдердің санын уақытша азайтады.
Тазацил препаратының құрамында бактерияға қарсы заттар бар:
- хлоргексидин - синтетикалық бигуанидтер тобының катионды антисептигі;
- гексамидин диизетионаты - диамидиндер тобының катионды антисептигі;
- хлоркрезол - галогенофенолдар тобының антисептигі.
Әсер ету механизмі
Тазацил – бактериостатиқалық (бактерицидті емес), трихомонацидтік белсенділігі бар жұмсақ антисептик, ішінара органикалық заттармен тежеледі.
Тығынды, резеңке және басқа полимерлермен, макромолекулалармен, анионды және анионды емес беткейлік - белсенді заттармен (сабындармен) кешендердің пайда болуы тән.
Дозалау режимі
Күніне 1-2 рет 7-15 күн бойы.
Тазацил® сұйық сабын ретінде сұйылтылмаған түрінде (концентрацияланған) немесе 1:10 қатынасында сумен сұйылтылғаннан кейін сыртқа қолдануға арналған.
Енгізу әдісі мен жолы
Өңделген жерлерді пайдаланғаннан кейін әрдайым сумен мұқият жуып отыру керек.
Сұйылтылмаған түрде: Тазацил® шағын зақымдану ошақтарына жағу арқылы сұйылтылмаған түрде қолданылады. Жағыңыз және сумен жақсылап шайыңыз.
Сұйылтылған түрде: Тазацил® ванна қабылдағанда терінің инфекцияланған жерлерін дайындалған ерітіндіге батырып немесе душ қабылдағанда терінің инфекцияланған зақымдануларын шаю үшін, сұйылтылған түрінде, сұйық сабын ретінде қолданылады. Қолданғаннан кейін сумен мұқият жуып-шайылады.
Сұйылтылған ерітіндіні сақтауға болмайды, оны дереу пайдалану керек.
ТЕК СЫРТҚА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН. ИНЪЕКЦИЯЛЫҚ ЕНГІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ. ІШКЕ ЖҰТУҒА БОЛМАЙДЫ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолданбас бұрын дәрігер кеңесіне жүгініңіз.
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- хирургиялық араласым алдында сау теріні антисептикалық өңдеу үшін
(операция аумағының және тесілген, инъекцияланған немесе трансфузияланған жерлердің антисептикасы)
- медициналық және хирургиялық жабдықтарды дезинфекциялау үшін
- препараттың көзге, миға және ми қабықтарына түсуіне жол бермеу керек, сондай-ақ егер есту жарғағы тесілген болса, ол есту жолына түспеуі керек.
Тазацил® жағымсыз әсерлер туындатуы мүмкін, бірақ олар барлығында бола бермейді.
Белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
• анафилаксиялық шок٭
• аса жоғары сезімталдық٭
• жанаспалы дерматит٭٭
• көздің тітіркенуі٭٭٭
• қолданған жердегі реакциялар (ауырсыну, қышыну, терінің ашытуын сезіну, терінің құрғауы, қызаруы, әсіресе қайталап қолданғанда)
٭Анафилаксиялық шокқа әкелуі мүмкін хлоргексидинге жайылған аллергиялық реакцияның қаупі. Егер жедел медициналық көмек көрсетілмесе, анафилаксиялық реакция өмірге қауіпті болуы мүмкін. Оның симптомдары мыналар болуы мүмкін: тыныс алудың қиындауы, беттің ісінуі, терінің қарқынды бөртпесі. Егер пациентте хлоргексидинге аллергиялық реакция пайда болған жағдайда, ол препаратты қолдануды дереу тоқтатып, тиісті медициналық көмекке жүгінуі тиіс.
٭٭ Гексамидинді қолдану аясында жанаспалы дерматит гуморальді иммунологиялық механизмдердің қатысуымен байқалатын Артюс реакциясын көрсететін спецификалық симптомдарды туындатады. Гексамидин сенсибилизацияны туындатуы мүмкін. Оның жиілігі терінің зақымдану дәрежесіне байланысты өзгереді. Оның клиникалық көрінісі әдетте жанаспалы экземаның қалыпты көрінісінен ерекшеленеді: бөртпе жиі инфильтрленеді және оқшауланған немесе топтастырылған жартылай сфералық папулалардан немесе папула-везикулярлы зақымданулардан тұрады. Антисептикті қолдану орнында өте көп және коалесцирлеуші бұл зақымданулар содан кейін жеке элементтерге таралады. Бұл реакциялар баяу регрессияға ұшырайды. Постмаркетингтік кезеңде тіркелген жанаспалы дерматит жағдайлары кокамидопропилбетаинмен және копро майлы қышқылдарының диэтаноламидімен, ерітіндідегі екі қосымша затпен байланысты болуы мүмкін.
Жанаспалы экзема (хлоргексидинге жергілікті аллергия қаупі), әсіресе зақымдалған теріге, шырышты қабықтарға немесе аяқтың ойықжараларына қолданған жағдайда. Жанаспалы экзема суперинфекциямен асқынуы мүмкін.
٭٭٭Көздің тітіркенуі: көзге кездейсоқ тигенде.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Симптомдары
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар болған жоқ.Емі
Байқаусызда жұтып қойған жағдайда асқазанды шаюға болмайды, өйткені ол көбік түзуші препарат. Дәрігерлер жалпы демеу шараларын қабылдауы керек.
Трансдермальді сіңу туралы деректер болмаған жағдайда жүйелік әсерлердің қаупін жоққа шығаруға болмайды. Қайталап қолданған кезде, әсіресе антисептик беткейдің көп бөлігіне қолданылған кезде, оны жабатын киімнің астына қолданған кезде, зақымдалған теріге (әсіресе күйік бетіне), шырышты қабықтарға немесе жаңа туған немесе шала туған балалардың терісіне қолданған кезде (бұл дене беткейінің салмаққа қатынасы жоғары болғандықтан және жөргектердің окклюзиялық әсерінен болады) олардың болу ықтималдығы анағұрлым жоғары.
Гексамидиннен және ерітінді құрамында бар екі толтырғыштан болған жанаспалы дерматиттің (аллергиялық дерматитті қоса) жағдайлары туралы хабарланды. Күрделі симптомдар жағдайында Тазацилды® қолдануды тоқтату керек, және пациенттер Тазацилды® одан әрі кез келген қолдану алдында дәрігермен кеңесуі тиіс.
Бұл дәрілік зат әсер еткеннен кейін бірнеше минуттың ішінде пайда болуы ықтимал, хлоргексидиннің болуына байланысты ауыр жайылған аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.
Антисептикалық препараты бар контейнердің ашылған сәттен бастап микробактериялық ластану ықтималдылығы бар.
Басқа да жуғыш заттар сияқты, пайдаланғаннан кейін сумен мұқият жуып-шаю қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тазацил® көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз немесе жүкті болуды жоспарласаңыз, бұл дәріні қолданбас бұрын өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде Тазацил® преператын қолданудан аулақ болған жөн.
Лактация кезеңі
Тазацилды® бала емізу кезеңінде қолдануға болады.
Сақтық шарасы ретінде бала емізу кезінде Тазацилды® емшекке жақпау ұсынылады.
Өзара әрекеттесулер зерттеулері жүргізілген жоқ.Ықтимал өзара әрекеттесуді (антагонизм, белсенділігінің жойылуы және т. б.) ескере отырып, теріге жағуға арналған басқа дәрілерді бір мезгілде немесе бірізді қолданудан аулақ болу керек. Атап айтқанда, бұл өнім кәдімгі сабынмен бір мезгілде қолданылмауы тиіс.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.