Төменде тізбеленген болжамды жағымсыз реакциялар жиілігі келесі конвенцияны пайдаланумен белгіленеді: өте жиі (≥ 1/10 жағдай); жиі (≥ 1/100, < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100); сирек (≥ 1/10000, < 1/1000); өте сирек (< 1/10000) және жиілігі белгісіз (жиілігін қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Таптиком БК (тафлупрост пен тимолол біріктірілімі)
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес – бас ауыру.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Жиі
• конъюнктива/көз гиперемиясы, көз қышынуы, көздің ауыруы, кірпіктердің өзгеруі (кірпік ұзындығының, қалыңдығының, санының және түсінің артуы), көздің тітіркенуі, көзде бөгде денені сезіну, көрудің бұлыңғырлануы, көз қарығу
Жиі емес:
• көздегі әдеттен тыс түйсіктер, көздің құрғап кетуі, көздің жайсыздануын сезіну, конъюнктивит, қабақ эритемасы, көз аллергиясы, қабақ ісінуі, беткейлік нүктелі кератит, көз жасының ағуы, көздің алдыңғы камерасының қабынуы, астенопия, блефарит
Тафлупрост пайдаланылғанда келесі жағымсыз реакциялар байқалды:
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
• көру өткірлігінің төмендеуі, нұрлы қабық пигментациясының күшеюі, қабақ пигментациясы, конъюнктива ісінуі, көзден бөлініс пайда болуы, көздің алдыңғы камерасындағы жасушалық бозаңдану, аллергиялық конъюнктивит, конъюнктива пигментациясы, конъюнктивалық фолликулдар, қабақ қатпарының тереңдеуі, ирит/увеит, макулярлы ісіну/кистозды макулярлы ісіну
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
• қабақ гипертрихозы.
Тыныс алу ағзалары тарапынан бұзылулар
• бронх демікпесінің өршуі, диспноэ
Тафлупрост пайдаланылғанда келесі жағымсыз реакциялар байқалды:
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
• аллергиялық реакциялардың белгілері мен симптомдары, ангионевроздық ісінуді, есекжемді, шоғырланған немесе жайылған тері бөртпесін, анафилаксияны, тері қышынуын қоса
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
• гипогликемия
Психика бұзылулары
• депрессия, ұйқысыздық, түнгі қорқынышты түстер, естен айрылу, қатты қозу күйі, елестеулер
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
• бас айналу, естен тану, парестезиялар, гравис миастения симптомдарының күшеюі, ми қан айналымының жедел бұзылуы, церебральді ишемия
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
• кератит, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, көру өткірлігінің бұзылуы, рефракциялық өзгерістерді қоса (кейбір жағдайларда миотиктермен емді тоқтату нәтижесінде), птоз, диплопия, фильтрациялық хирургиядан кейін тамыр қабығының ажырауы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), көз жасының ағуы, мөлдір қабық эрозиясы
Есту мүшесі тарапынан бұзылулар және құлақ иірінің бұзылулары
• құлақтағы шыңыл
Жүрек тарапынан бұзылулар
• брадикардия, кеуденің ауыруы, жүрек қағу, ісінулер, аритмия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің тоқтап қалуы, жүрек блокадасы, атриовентрикулярлы блокада, жүрек жеткіліксіздігі
Тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
• артериялық қысым төмендеуі, мезгіл-мезгіл ақсаңдау, Рейно феномені, қол басының және табанның мұздауы
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар
• диспноэ, бронх түйілу (көбінесе анамнезінде бронх түйілу ауруы бар пациенттерде), тыныс алу жеткіліксіздігі, жөтел
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
• жүрек айну, диспепсия, диарея, ауыз қуысының кеберсуі, дисгевзия, іштің ауыруы, құсу
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
• алопеция, псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаз ағымының өршуі, тері бөртпесі
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
• жүйелі қызыл жегі, миалгия, артропатия
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар
• Пейрони ауруы, либидо төмендеуі, сексуалдық дисфункция
Жалпы бұзылыстар
• астения/қажу, шөлдеу
Құрамында фосфаттары бар көзге тамызатын дәріні қолдану кезінде мөлдір қабықтың күрделі зақымдануы бар кейбір пациенттерде ара-тұра мөлдір қабық кальцификациясының жағдайлары хабарланды.