Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Порошок лиофилизированный для приготовления раствора для внутривенного введения в комплекте с растворителем-вода для инъекций
Дозировка
600 мг
Торговое наименование
ТАД 600
Действующее вещество
Глутатион
Назначение
Цисплатинмен немесе басқа да ұқсас қосылыстармен химиотерапия кезінде нейроуыттылық профилактикасында
Производитель
Biomedica Foscama Industria Chimico-Farmaceutica S.p.A.
Страна
Италия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір құтының ішінде:
белсенді зат: қалпына келтірілген глутатионның натрий тұзы - 0.646 г, 600 мг қалпына келтірілген глутатионға сәйкес келеді
еріткіші бар бір ампуланың құрамында: инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан сарғышқа дейінгі кристалды, гигроскопиялық ұнтақ
Қалпына келтірілген ерітінді - мөлдір түссіз немесе ашық сары түсті сұйықтық.
- цисплатинмен немесе басқа да ұқсас қосылыстармен химиотерапия кезінде нейроуыттылық профилактикасында
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Глутатион - глутамин қышқылы, цистеин және глициннен тұратын физиологиялық трипептид, ол бірнеше биологиялық процестерге қатысады және жасушаларды ксенобиотиктердің, сыртқы және жасушаішілік тотықтырғыштардың (бос радикалдардың, оттегінің белсенді аралық өнімдерінің) зиянды әсерінен және радиациядан қорғай отырып, детоксикация реакцияларында маңызды рөл атқарады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер глутатионның этил спирті, парацетамол, салицилаттар, фенобарбитал, трициклді антидепрессанттар, органофосфор инсектицидтері және т. б. сияқты заттармен уыттану кезінде пайда болатын жасушалардың зақымдануын тудыратын бірқатар патологиялық жағдайларда қорғаныс рөлін көрсеткен. Сондай-ақ, көптеген химиотерапиялық агенттер эндогендік глутатионның тіндік және жасушаішілік деңгейлерін төмендететіні, осылайша ісік тудғызған тотығу стрессін нашарлататыны байқалды.
Цисплатин және оның туындылары сияқты химиотерапиялық препараттармен туындаған нейроуыттылыққа келетін болсақ, бұл шеткері жүйке жүйесінде, әсіресе артқы жүйке түбіршектерінің ганглийлерінде
платинаның жинақталуымен туындаған деп саналады. Платинаның жинақталуы, оксалиплатин жағдайында, жинақталудың жоғарылауымен емес, анағұрлым баяу шығарылуымен байланысты. Бұл глутатион сияқты агенттерді қолдануды қамтиды, олар артқы жүйке түбіршектерінің ганглийлерінде платинаның бастапқы жиналуын болдырмайды.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Бірнеше клиникалық зерттеулер глутатионның бұл әсерін растады, бұл глутатионның инфузиясы аналық без, асқазан обыры және колоректальді ісіктері бар пациенттерде обырға қарсы дәрілерді енгізер алдында цисплатин мен оксалиплатиннен туындаған нефро-және нейроуыттылықтан тиімді қорғайды, бұл қажет болған жағдайда обырға қарсы дәрілердің жоғары кумулятивті дозаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Дозалау режимі
Цисплатинмен және ұқсас қосылыстармен химиотерапия алатын пациенттер үшін әдетте ұсынылатын ТАД 600 тәуліктік дозасы вена ішіне баяу инфузия арқылы енгізілетін 1,5 г/м2 (бұл 2,5 г сәйкес келеді) құрайды.
Дегенмен дозасы науқастың жасына, салмағына және клиникалық жағдайына, сондай-ақ химиотерапиялық дәрілердің дозасы мен енгізу кестесіне байланысты болады. Глутатион мен химиотерапиялық дәріні бір мезгілде қолданған жағдайда, ТАД 600 вена ішіне инфузиясы химиотерапия басталғанға дейін 15-30 минут бұрын жасалуы тиіс. Ұзақ емдеу жағдайында препараттың бұлшықет ішіне немесе вена ішіне баяу енгізуге болатын дозасы төмендетілуі (600 мг немесе 300 мг) мүмкін.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне енгізу үшін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік затты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін емдеуді тоқтатқан соң жоғалып кеткен тері бөртпесінің сирек жағдайлары туралы хабарланды. Сондай-ақ, инъекция орнындағы аздап ауырсыну жайында хабарланды.
Вена ішіне инфузияға арналған барлық ерітінділер жағдайындағы сияқты, қызба реакциялары, инъекция орнындағы инфекциялар, веналық тромбоз немесе флебит пен экстравазация пайда болуы мүмкін.
Вена ішіне инфузия кезінде шұғыл жағымсыз реакция болған жағдайда препаратты енгізуді дереу тоқтатып, мүмкіндігінше пайдаланылмаған қалған сұйықтықты тексеру үшін сақтау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: артық дозаланудың бірде бір жағдайы тіркелген жоқ.
Емі: қажет болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізіледі.
Вена ішіне енгізгенде жағымсыз реакциялар болған жағдайда препарат қолдануды дереу тоқтату керек.
Ескерту: парентеральді қолдануға арналған препаратта бөлшектер барын немесе түсінде ауытқулардың бар екендігін мүмкіндігінше анықтау үшін, қолданар алдында көзбен шолып қарау керек. Бұлыңғыр және шөгіндісі бар болған жағдайда пайдалануға болмайды.
Балаларда қолдану
Дәрілік заттың балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Арнайы ескертулер
Фертильділік, жүктілік және лактация
Қолда бар деректер глутатионның физиологиялық зат бола тұра, жасушаларда кездесетінін, әйелдерде жүктілік немесе емшекпен емізу кезеңінде жағымсыз әсерлер туғызбайтынын көрсетеді. Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктілікке, эмбриондыққа/эмбриондық дамуға, босануға немесе постнатальді дамуға қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпейді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ТАД 600 машиналарды жүргізуге немесе пайдалануға байланысты өнімділікке ешқандай немесе елеусіз әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.