Қан және лимфа жүйесі тарапынан:
лейкопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия, тромбоцитопения, гипопротромбинемия, эозинофилия, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы кезіндегі гемолиздік анемия
Жүрек-қантамырлар тарапынан:
тахикардия, миокардит.
Жүйке жүйесі тарапынан :
бас ауыру, неврологиялық реакциялар (асептикалық менингитті қоса), атаксия, елеусіз бассүйекішілік гипотензия, құрысулар, бас айналу, ұйқышылдық, ұйқысыздық, шаршау сезімі, депрессия, шеткері немесе оптикалық нейропатия, көрудің бұзылуы, психоз, жабырқаулы көңіл-күй, парестезия
Тыныс алу жүйесі тарапынан:
өкпе инфильтраттары, фиброздаушы альвеолит.
Ас қорыту жолы тарапынан:
шөлдеу, ауыздың құрғауы, диспепсиялық құбылыстар, жүрек айну, құсу, диарея, анорексия, панкреатит, жалған жарғақшалы колит
Гепатобилиарлық жүйесі тарапынан:
бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза) белсенділігінің жоғарылауы, холестаздық гепатит, гепатонекроз, гепатомегалия, сарғаю, холестаз
Несеп шығару жүйесі тарапынан:
несеп түсінің өзгеруі (қаныққан сары-қоңыр түс), несептің қышқылды реакцияларындағы кристаллурия, нефроуытты реакциялар болуы мүмкін: интерстициальді нефрит, тубулярлы некроз, бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, ануриямен шок жағдайындағы бүйрек.
Тері және тері асты шелмайы тарапынан:
тері гиперемиясы, тері бөртпелері (оның ішінде эритематозды-сквамозды, папулезді), қышыну, есекжем, аллергиялық дерматит, фотосенсибилизация, эксфолиативті дерматит, түйінді эритема, цианоз
Аллергиялық реакциялар
аллергиялық реакциялар (оның ішінде уытты эпидермалық некролиз - Лайелл синдромы), Стивенс-Джонсон синдромы, жүйелі қызыл жегі, сарысу құю синдромы, анафилаксиялық реакциялар, Квинке ісінуі, тұмаурату
Жалпы бұзылулар:
дәрілік қызба, оң жақ қабырға астының және белдің ауыруы.
Басқа жағымсыз әсерлері:
тыныс алудың қиындауы, түйінді периартериит, гипотиреоз, гипогликемия
Сирек жағдайларда гипотиреоидизмнің дамуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz