Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки для рассасывания медово-лимонные
Торговое наименование
Стрепсилс®
Действующее вещество
Прочие препараты
Назначение
Тамақтың ауыруын қоса, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу
Производитель
Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лимитед
Страна
Великобритания
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: амилметакрезол - 0.60 мг, 2,4-дихлорбензил спирті - 1.20 мг;
қосымша заттар: бұрышты жалбыз майы, лимон майы (құрамында терпендер жоқ), бал, хинолинді сары (Е 104), шарап қышқылы, сұйық сахароза, сұйық глюкоза.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Таблетканың екі жағында S әрпі бейнеленген, дөңгелек пішінді сары таблеткалар. Карамель массасында ақ өңез, біркелкі емес боялуы, ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің аздап тегіс болмауына жол беріледі.
- тамақтың ауыруын қоса, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу
Амилметакрезол және 2,4-дихлорбензил спирті антисептиктер болып табылады және in vitro көрсетілген бактерияға қарсы (бактерицидтік және бактериостатикалық), зеңге қарсы және вирусқа қарсы қасиеттерге ие. Екі әсер етуші заттың біріктірілімінде біріктірілген дозаның төмендеуіне әкелетін синергиялық бактерияға қарсы әсері байқалады.
Әсер ету механизмі
Амилметакрезол мен 2,4-дихлорбензил спиртінің әсер ету механизмі микробтық және зеңдік жасуша ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ қоздырғыштарға қарсы тиімділікті анықтайтын жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесумен байланысты.
Клиникалық тиімділігі
In vitro зерттеулер 1 минутқа созылатын жанасу кезінде Streptococcus pyogenes, Staphylococcus aureus, Haemophilus influenza және Moraxella catarrhalis сияқты тамақ ауруын тудыратын кейбір микроорганизмдерге қарсы зақымдаушы әсерін көрсетті. Ауыз қуысындағы бактериялық жүктеменің жалпы төмендеуі in vivo бір зерттеу шеңберінде де байқалды.
А тұмауы вирусын, парагрипп вирусын, респираторлық синцитиальді вирусты, цитомегаловирусты және коронавирусты қоса, қабықтағы вирустарға қатысты in vitro вирусқа қарсы әсері амилметакрезол үшін де, 2,4-дихлорбензил спирті үшін де, сондай-ақ жанасудан кейін олардың біріктірілімі үшін 1-2 минут ұзақтықта байқалды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клиникалық зерттеулер барысында Стрепсилс препаратын, соруға арналған таблеткаларды қолдану тамақтың қышуын, сондай-ақ қабылдаудан кейін 5 минут ішінде тамақтың ауыруын және жұту кезіндегі қиындықты азайтқаны көрсетілді, бұл ретте көрсетілген әсер 2 сағатқа дейін жалғасты. Емдеу мерзімі 3 күнге дейін плацебо қабылдағанға қарағанда симптомдардың айтарлықтай жеңілдеуі байқалды.
Бір зерттеу интубациядан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде Стрепсилс, соруға арналған таблеткалары операциядан кейін тамақтың ауыру сезімін едәуір төмендетіп, 20 минут ішінде қырылдауды жоятынын көрсетті.
Балаларда қолдану
Жедел және қайталанатын созылмалы тамақ ауруы бар балалардағы (6-16 жас) зерттеу Стрепсилс, соруға арналған таблеткасымен 3 күн емделгеннен кейін тамақ ауруының субъективті және объективті белгілерінің төмендегенін көрсетті. Препарат ауыз қуысының шырышты қабығына жұмсартушы әсер етеді.
Дозалау режимі
Ересектер
2-3 сағат сайын 1 таблеткадан баяу сору керек. 24 сағат ішінде 12 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ауыз қуысында сору үшін. Таблетканы ауызда баяу сору қажет.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты симптомдарды жою үшін қажетті ең аз мерзім ішінде ең аз тиімді дозада қабылдау керек.
Препаратты қатарынан үш күннен артық қолдану ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препараттың 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны төмендету қажеттілігі жоқ.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сіз препаратты қалай қолдануға күмәндансаңыз, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге;
- 18 жасқа дейінгі балалар (препарат құрамында Хинолинді сары (Е 104) бояғышы болуына байланысты)
Жағымсыз реакциялар жиілігі бойынша мынадай түрде топтастырылған: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиілігі белгісіз(қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- аса жоғары сезімталдық (аса жоғары сезімталдық реакциялары бөртпе, ангионевроздық ісіну, есекжем, бронх түйілуі және естен танумен қатар жүретін қысымның төмендеуі түрінде көрініс табуы мүмкін);
- іш ауыруы, жүрек айнуы;
- глоссодиния;
- ауыз қуысындағы жағымсыз сезімдер, сондай-ақ тамақ тітіркенуі, ауыз қуысының парестезиясы, ауыз қуысы ісінуі түрінде көрініс табуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдар: асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздық.
Емі: симптоматикалық және демеуші ем.
Ауыз қуысында қысқа мерзімді жергілікті қолдану үшін.
Арнайы ескертулер
Егер препаратты 3 күн бойы қабылдаған кезде симптомдар сақталса немесе нашарласа, дәрігерге қаралу қажет.
Қосымша заттарға қатысты арнайы нұсқаулар
Препарат құрамында сахароза болуына байланысты фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қолданудан бас тарту керек.
Препараттың құрамында глюкоза бар, ол ұзақ уақыт қолданғанда тістерге зиянды әсер етуі мүмкін.
Әрбір таблеткада шамамен 2.6 г қант бар, оны қант диабеті бар науқастар, сондай-ақ гипокалориялық диета кезінде ескеру қажет.
Педиатрияда қолдану
Препараттың құрамында Хинолинді сары (Е 104) бояғышы болуына байланысты препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Амилметакрезол мен 2,4-дихлорбензил спиртін жүктілік кезеңінде қолдану қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ немесе шектелген.
Жүктілік кезінде Стрепсилс®, соруға арналған бал-лимонды таблеткаларын қабылдаған кезде сақ болу және қажет болса дәрігермен кеңесу қажет.
Амилметакрезол, 2,4-дихлорбензил спирті немесе олардың метаболиттері адамның емшек сүтіне енетіні туралы деректер жоқ. Нәрестелер/сәбилер үшін қауіп жоққа шығарылмайды.
Препараттың қөлік құралдарын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе аздаған әсер етеді.
Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.
Препаратты басқа жергілікті микробқа қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.