Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор
Дозировка
70 %
Торговое наименование
Этил спирті
Действующее вещество
Этанол
Назначение
Медициналық тәжірибеде этил спирті - ысқылауға, компресстерге арналған сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданылады
Производитель
СУЛТАН
Страна
Казахстан
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1000 г препарат құрамында 70% 90%
белсендi зат – 96% этил спирті 0,665 г 0,913 г
қосымша зат - тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз, мөлдір, ұшқыш, өзіне тән спирт иісі және күйдіргіш дәмі бар, оңай тұтанатын, көкшіл әлсіз жарық беріп, түтінсіз жалындап жанатын сұйықтық.
Медициналық тәжірибеде этил спирті - ысқылауға, компресстерге арналған сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданылады.
Әсер ету механизмі
Этил спирті жергілікті, рефлекторлық және резорбциялық әсердің кең спектріне ие. Жергілікті қолданған кезде бактерицидтік, тұтқыр, тітіркендіргіш, иіткіш, қыздыратын, ауырсынуды сездірмейтін және басатын әсерлері бар. Бұл әсерлердің пайда болу механизмінің спецификалығы төмен және негізінен ақуыздардың ұюы және тіндердің сусыздануына байланысты. Бактерицидтік әсерінің дамуы өте жылдам: микроорганизмдер цитоплазмасында ақуыздардың денатурациясы жүреді. Микробтарда этил спиртіне тәуелділік пайда болмайды. Микробқа қарсы әсері оның концентрациясы 10-нан 70% - ға дейін жоғарылаған кезде артады. Сондықтан 70% - ға дейінгі концентрацияда қолды, операциялық алаңды өңдеуге, терінің іріңді зақымдалуын емдеуге арналған антисептик ретінде қолданылады. 70-96% концентрацияларда этил спирті құралдарды, тігіс материалын дезинфекциялау үшін ғана пайдаланылады, өйткені 70% - дан астам концентрацияда тері бетінде үлбір (иіткіш әсері) пайда болады, оның сіңуі тоқтатылады, микробқа қарсы әсері азаяды. Күйіктерді емдеу, терінің ойылуының профилактикасы үшін қолданылатын тұтқыр, иіткіш әсері тері сезімталдығының төмендеуі, ауырсыну, қышу, терлеу арқылы көрінеді.
Фармакодинамикалық әсерлер
Микробқа қарсы дәрі, жергілікті қолданған кезде антисептикалық әсер етеді (микроорганизмдердің ақуыздарын денатурациялайды). Грамоң және грамтеріс бактериялар мен вирустарға белсенді. Антисептикалық белсенділік этанол концентрациясының жоғарылауымен артады. Теріні зарарсыздандыру үшін эпидермистің терең қабаттарына енетін 70% ерітінді қолданылады, ол теріге және шырышты қабаттарға иіткіш әсері бар 90% - ға қарағанда жақсы. Этанолдың тітіркендіргіш әсері оның липидтерде оңай еру және терінің терең қабаттарына тез ену қабілетімен тығыз байланысты.
Дозалану режимі
Сыртқа – теріге мақта тампондар, сүрткілердің көмегімен жағады. Компресске арналған (күйдіруді болдырмас үшін) этанолды 1:1 (70%, 90%) арақатынаста сумен сұйылту керек.
Енгізу әдісі және жолы
Тек сыртқа!
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Жергілікті қолданған кезде артық дозалану мүмкіндігі аз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Қажет болған жағдайда, өтініш, дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
-әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық
- аллергиялық реакциялар
- тері мен шырышты қабықтардың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі, құрғауы мен күйіктері
- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін
- ОЖЖ бәсеңдету
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сыртқа қолдану кезінде этанол тері мен шырышты қабаттар арқылы ішінара сіңеді, оны балаларда, жүкті әйелдерде және лактация кезінде қолдану кезінде ескеру қажет.
Арнайы сақтандырулар
Хирургиляық құралдарды стерилизациялау үшін сұйылтылмаған 95 спирт пайдаланылады.
Оттан алыс жерде пайдалану керек, жеңіл тұтанады.
Сақтықпен қолдану керек
Педиатрияда қолдану
Балаларға компресс жасауға 1:4 (спирт және су) арақатынасында – 90% ерітінді үшін, 1:3 (спирт және су) арақатынасында – 70% ерітінді үшін сұйылтып қолданылуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда препараттың жағымсыз әсерлеріне ескере отырып сақтықпен қолдану керек.
Сақтықпен қолдану керек.
Құрамында органикалық қосылыстары бар сыртқа қолдануға арналған препараттармен бір мезгілде қолданғанда ақуыздар денатурацияланады.
Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада, оттан алыс жерде.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.