Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Спрей для наружного применения
Дозировка
90 %
Торговое наименование
Этил спирті
Действующее вещество
Этанол
Назначение
Медициналық практикада этил спиртін негізінен сыртқа антисептикалық дәрі ретінде қолданады
Производитель
СУЛТАН
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1000 г препарат құрамында 70% 90%
белсендi зат – 96% этил спирті 665.0 г 913.0 г
қосымша зат - тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз, мөлдір, ұшқыш, өзіне тән спирт иісі және күйдіргіш дәмі бар сұйықтық, оңай тұтанады, көкшіл әлсіз жарық беріп, түтінсіз жалындап жанады.
Медициналық практикада этил спиртін негізінен сыртқа антисептикалық дәрі ретінде қолданады.
- медициналық құрал-саймандарды, хирургтың қолы, операция алаңын өңдеу үшін
- инъекциялық алаңды өңдеу үшін (пункция мен катетерлер енгізудің алдында, донорларда шынтақтың бүгілген жерін)
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Этил спирті жергілікті, рефлекторлық және резорбциялық әсердің кең спектріне ие. Жергілікті қолданған кезде бактерицидтік, қармаушы, тітіркендіргіш, дубильді, қыздыратын, ауырсынуды сездірмейтін және басатын әсерлері бар. Бұл әсерлердің пайда болу механизмі ерекше емес және негізінен ақуыздардың коагуляциясы мен тіндердің сусыздануына байланысты. Бактерицидтік әсер тез дамиды: микроорганизмдер цитоплазмасы ақуыздарының денатурациясы жүреді. Микробтарда этил спиртіне тәуелділік пайда болмайды. Микробқа қарсы әсері оның концентрациясы 10-нан 70% - ға дейін жоғарылаған кезде артады. Сондықтан 70% - ға дейінгі концентрацияда қолды, операциялық алаңды өңдеуге, терінің іріңді зақымдалуын емдеуге арналған антисептик ретінде қолданылады. 70-96% концентрацияларда этил спирті құралдарды, тігіс материалын дезинфекциялау үшін ғана пайдаланылады, өйткені 70% - дан астам концентрацияда тері бетінде үлбір (дубильді әсері) пайда болады, оның сіңуі тоқтатылады, микробқа қарсы әсері азаяды. Күйіктерді емдеу, қысым жарасының алдын-алу үшін қолданылатын қармаушы, дубильді әсері тері сезімталдығының төмендеуі, ауырсыну, қышу, терлеу арқылы көрінеді.
Фармакодинамикалық әсерлер
Микробқа қарсы зат, жергілікті қолданған кезде антисептикалық әсер етеді (микроорганизмдердің ақуыздарын денатурациялайды). Грамоң және грамтеріс бактериялар мен вирустарға белсенді. Антисептикалық белсенділік этанол концентрациясының жоғарылауымен жоғарылайды. Теріні зарарсыздандыру үшін эпидермистің терең қабаттарына енетін 70% ерітінді қолданылады, ол теріге және шырышты қабаттарға тотығу әсері бар 90% - ға қарағанда жақсы. Этанолдың тітіркендіргіш әсері оның липидтерде оңай еру және терінің терең қабаттарына тез ену қабілетімен тығыз байланысты.
Дозалану режимі
Спрейді шырышты қабықтарға және тыныс алу жолдарына түсірмей, тері бөлігіне мұқият ылғалдау үшін жеткілікті мөлшерде бүркеді немесе теріге мақта тампондар мен сүрткілердің көмегімен жағады.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолдануға арналған
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Жергілікті қолданған кезде артық дозалану мүмкіндігі аз
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Қажет болған жағдайда, өтініш, дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық
- тері жабыны тұтастығының бұзылуы
- аллергиялық реакциялар
- тері мен шырышты қабықтардың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі мен күйіктері
- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін
- ОЖЖ бәсеңдету
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабық арқылы ішінара сіңіріледі, мұны балаларға, жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде пайдаланғанда ескеру керек.
Сақтықпен қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабық арқылы ішінара сіңеді, мұны оны балаларға қолданғанда ескерген жөн.
Сақтықпен қолдану керек!
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда препараттың жағымсыз әсерлеріне ескере отырып сақтықпен қолдану керек.
Анықталмаған
Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада оттан алыс жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.