Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки растворимые
Торговое наименование
Солпадеин Актив
Действующее вещество
Парацетамол, комбинации исключая психолептики
Назначение
Бас ауыруы, бас сақинасы, тістің ауыруы, арқаның ауыруы, ревматизмдік ауыру, тамақтың ауыруы
Производитель
Haleon Ireland Dungarvan Limited
Страна
Ирландия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: парацетамол (ұнтақ тәрізді) 500 мг,
сусыз кофеин 65 мг,
қосымша заттар:сорбитол, натрий сахарині, натрий гидрокарбонаты (өте жұқа бикарбонат), повидон К25, натрий лаурилсульфаты, диметикон, сусыз лимон қышқылы, сусыз натрий карбонаты, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, беті жалпақ және шеттері қиғашталған, бір жағында сызығы бар ақ түсті таблеткалар.
Солпадеин Актив ересектер, жасөспірімдер және 12 жастан асқан балаларда ауырлығы жеңіл және орташа ауыру синдромы кезінде қолданылады:
- бас ауыруы, бас сақинасы
- тістің ауыруы
- арқаның ауыруы
- ревматизмдік ауыру
- тамақтың ауыруы
- ауырсынумен жүретін етеккірлер
- қызба синдромы кезінде: суық тию аурулары мен тұмау кезінде температураның жоғарылауы және ауыру.
Парацетамол – анальгетик-антипиретик. Гипоталамуста простагландиндер синтезін бәсеңсіту арқылы ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсерге ие. Осыған байланысты әсіресе шеткергі тіндерде простагландиндер синтезін бәсеңдету қолайсыз болатын, мысалы анамнезде асқазан-ішектен қан кету болған немесе егде пациенттерге парацетамолды қолдану талапқа сай болады.
Кофеин алкалоидтар (метилксантиндер) тобына жатады. Психостимуляциялайтын және аналептикалық әсерге ие. Анальгетиктермен, атап айтқанда парацетамолмен біріктірілгенде, оның ауыруды басатын әсерін күшейтеді және емдік әсерінің басталу уақытын қысқартады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Препарат шеткері тіндерде простагландиндер синтезіне ықпалы болмағандықтан, су-тұз алмасуына әсер етпейді.
Дозалау режимі
Солпадеин Актив еритін таблеткаларын ішке қабылдар алдында кемінде жарты стақан суда еріту керек.
Ересектер (егде жастағыларды қоса) және 16 жастағы және одан асқан балалар: қажет болғанда, ішке 2 таблеткадан, әрбір 4-6 сағат сайын қабылдау керек. 4 сағаттан жиі қабылдауға болмайды. Ең жоғары бір реттік доза – 2 таблетка. 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
12-15 жастағы балалар: қажет болғанда, ішке 1 таблеткадан, әрбір 4-6 сағат сайын қабылдау керек. 4 сағаттан жиі қабылдауға болмайды. Ең жоғары бір реттік доза – 1 таблетка. 24 сағат ішінде 4 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз және қадағалауынсыз 3 күннен артық қабылдауға болмайды. Егер симптомдар сақталса, дәрігерге жүгініңіз.
Ұсынылған дозадан асырмаңыз.
Әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең төменгі дозаны қабылдау керек
- парацетамолға, кофеинге немесе кез-келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңінде
- 12 жасқа дейінгі балалар
Өте сирек
- тромбоцитопения
- агранулоцитоз
- анафилаксиялық реакциялар
- тері бөртпесі, ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді қоса, терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары
- ацетилсалицил қышқылы мен басқа ҚҚСД жоғары сезімталдығы бар пациенттерде бронх түйілуі
- бауыр функциясының бұзылуы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- бас айналу
- бас ауыруы
- жүрек қағысының жиілеуі
- ұйқысыздық
- мазасыздық
- үрей және ашушаңдық сезімі, күйгелектік
Құрамында кофеин бар тамақ өнімдерімен бір мезгілде қабылдау кофеинмен байланысты жағымсыз реакциялардың ықтималдығын арттыруы мүмкін.
Жоғарыда аталған реакциялар, сондай-ақ қабыршықтану, ауыз қуысының ойық жаралары, тыныс тарылуы, гематома, қан кетулер немесе препаратқа басқа да кез келген жағымсыз реакциялары пайда болғанда препаратты тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ересек пациенттерде 10 г немесе одан артық парацетамол қабылдау бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Тері жабынының бозаруы, жүрек айну, құсу, анорексия және іштің ауыруы алғашқы 24 сағат ішінде парацетамолмен артық дозаланудың симптомдары болып табылады.
Егер ұсынылған дозаны арттырған жағдайда, өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, дереу дәрігерге хабарлауыңыз керек.
Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады
Құрамында парацетамол бар. Құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдау артық дозалануға әкелуі мүмкін.
Парацетамолмен артық дозалау бауырдың қайтымсыз зақымдануын туындатуы мүмкін, бұл бауыр трансплантациясына немесе өліммен аяқталған жағдайға әкелуі мүмкін.
Егер ұсынылған дозаны арттырған жағдайда, өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, дереу дәрігерге хабарлауыңыз керек.
Арнайы ескертулер
Бауырдың қатар жүретін аурулары парацетамолмен астасқан бауырдың зақымдану қаупін арттырады. Бауырдың созылмалы алкогольді цирроздық емес ауруы бар пациенттерде артық дозалану қаупі жоғары. Бауырдың немесе бүйректің созылмалы аурулары бар пациенттерге препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Сондай-ақ глутатион деңгейі төмендеген пациенттерде бауыр функциясының бұзылу жағдайлары (мысалы, жүдеу кезінде, анорексияда, дене салмағының төмендеген индексінде, алкогольді созылмалы шамадан тыс тұтынуда) туралы хабарламалар болған.
Глутатион деңгейін төмендететін жағдайда (мысалы, сепсис кезінде) парацетамолды қабылдау метаболизмдік ацидоздың туындау қаупін ұлғайтады.
Төмендегі симптомдар бірігуі:
- терең, жиі, қиын тыныс алу
- өзін нашар сезіну (жүрек айну, құсу)
- тәбеттің болмауы
байқалған кезде дәрігерге жүгіну керек.
Препаратты қолдану кезінде құрамында кофеин бар сусындарды (мысалы, кофе, шай және кейбір сергітетін сусындар) артық мөлшерде қабылдауға болмайды. Кофеинді шамадан тыс тұтыну ұйқының бұзылуына, мазасыздыққа, жүректің жиі соғуына әкелуі мүмкін.
Әр таблетканың құрамында 427 мг натрий бар, бұл ДДҰ ұсынған ересектерге арналған натрийдің ең жоғары тәуліктік дозасының (2 г) 21,35%-ына баламалы.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автомобиль жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу бойынша шектеулер жоқ.
Жүктілік кезінде қабылдауға болмайды, себебі жаңа туған нәрестелердің дене салмағының төмендеуі, сондай-ақ кофеин қолданумен байланысты өздігінен түсік тастаудың потенциалды қаупі бар.
Кофеин емшек сүтінде балаға стимуляциялайтын әсер көрсететіндіктен, бала емізу кезеңінде препаратты қабылдауға болмайды. Дегенмен, айтарлықтай уытты әсер байқалмады.
Парацетамолдың сіңу жылдамдығын метоклопрамид пен домперидон жоғарылатады, ал колестирамин төмендетеді. Парацетамол ұзақ уақыт бойы қабылдаған кезде тікелей емес антикоагулянттардың (варфарин және басқа кумариндер) әсерін күшейтеді, бұл қан кету қаупін жоғарылатады. Препаратты тұрақты қабылдамау ол әсерді көрсетпейді.
Кофеин литийдің шығарылуын арттыруы мүмкін, сондықтан мұндай препараттарды бір уақытта қабылдауға болмайды.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.