Скувига препаратын тек тері астына енгізу керек!
Скувига препаратын қантамырға кездейсоқ енгізгенде пациентте шок дамуы мүмкін. «Қолдану тәсілі» бөлімінде көрсетілген ұсынылған енгізу жылдамдығын қатаң сақтау қажет. Препаратты енгізудің бүкіл кезеңінде пациенттің жағдайын мұқият бақылау керек, кез-келген симптомдардың пайда болуын қадағалау керек.
Арнайы ескертулер
Скувига препаратын пациентке енгізген сайын препараттың атауы мен партия нөмірін жазып алу табанды түрде ұсынылады, осылайша пациент пен препарат партиясы арасындағы байланысты бақылауға болады.
Бұл дәрілік препараттың құрамында қосымша зат ретінде бір мл-ге ең көп дегенде 90 мг мальтоза бар. Қандағы глюкоза деңгейін анықтауға мальтозаның араласуы глюкоза деңгейінің жалған жоғарылауына және соның салдарынан инсулиннің дұрыс тағайындалмауына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде өмірге қауіп төндіретін гипогликемия мен өлімге әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, егер гипогликемиялық жағдай глюкоза деңгейінің жалған жоғарылауымен жасырылған болса, шынайы гипогликемия жағдайлары байқалмай қалуы мүмкін.
Жедел бүйрек жеткіліксіздігіне келер болсақ, төменнен қараңыз.
Скувига тек тері астына қолдануға арналған. Скувига препаратын қантамырға кездейсоқ енгізу шок туындатуы мүмкін.
Енгізу жылдамдығын дәл ұстану керек. Пациент инфузияның барлық кезеңінде кез келген симптомдардың туындау тұрғысынан мұқият қадағалануы және жіті бақылауда болуы керек.
Кейбір жағымсыз реакциялар адамның қалыпты иммуноглобулинін алғаш рет қабылдаған пациенттерде немесе сирек жағдайларда, адамның қалыпты иммуноглобулині препаратын ауыстырған пациенттерде немесе алдыңғы инфузия мезетінен ұзақ үзілістен кейінгі пациенттерде жиі кездеседі.
Ықтимал асқынуларды жиі болдырмауға болады, егер:
• өнімді төмен жылдамдықпен енгізуді бастаса;
• инфузияның барлық кезеңінде кез келген симптомдарды анықтау тұрғысынан пациенттердің жіті бақылануын қамтамасыз етсе. Атап айтқанда, адамның қалыпты иммуноглобулинін алғаш рет қабылдаған пациенттер, иммуноглобулиннің баламалы препараттарынан ауыстырылған пациенттер немесе алдыңғы инфузия мезетінен ұзақ үзілістен кейінгі пациенттер ықтимал жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында бірінші инфузияның барлық кезеңінде және бірінші инфузиядан кейін бір сағат бойы бақылауда болу керек.
Барлық басқа пациенттер препаратты енгізгеннен кейін кем дегенде 20 минут бойы бақылануы керек.
Жағымсыз реакция болған жағдайда енгізу жылдамдығын азайту немесе тоқтату қажет. Аллергиялық немесе анафилаксиялық реакцияға күмән туындағанда, инъекцияны дереу тоқтату керек. Емдеу қажеттілігі жағымсыз реакцияның сипатымен және ауырлығымен анықталады.
Шок туындаған жағдайда шокқа қарсы стандартты ем жүргізілуі керек.
Аса жоғары сезімталдық
Шынайы аллергиялық реакциялар сирек кездеседі. Ең алдымен, олар анти-IgA антиденелері бар пациенттерде туындауы мүмкін, осыған байланысты оларға аса сақтықпен қараған жөн.
Иммуноглобулин G теріасты өнімімен емдеу жалғыз нұсқа болып табылатын анти-IgA антиденелері бар пациенттерді Скувига препаратымен тек жіті медициналық бақылай отырып, емдеу керек.
Сирек жағдайларда адамның қалыпты иммуноглобулинін енгізу тіпті бұрын адамның қалыпты иммуноглобулинімен емдеуге көтерімділігі жақсы болған пациенттерде анафилаксиялық реакцияның дамуымен артериялық қысымның төмендеуін туындатуы мүмкін.
Тромбоэмболия
Иммуноглобулинді енгізу миокард инфарктісі, инсульт, өкпе эмболиясы және терең веналар тромбозы сияқты артериялық және веноздық тромбоэмболиялық асқынуларға әкелуі мүмкін.
Иммуноглобулиндерді қолданар алдында пациенттер тиісті түрде гидратталуы керек. Препаратты бұрыннан тромбоздың қауіп факторлары бар пациенттерге (мысалы, егде жас, гипертензия, қант диабеті және қантамыр аурулары немесе анамнездегі тромбоздық асқынулар, жүре пайда болған немесе тұқым қуалайтын тромбофилиялық бұзылулары бар пациенттер, ұзақ иммобилизациядағы пациенттер, ауыр гиповолемиясы бар пациенттер, қанның тұтқырлығын арттыратын аурулары бар пациенттер) тағайындағанда сақ болу керек.
Асептикалық менингит синдромы (АМС)
Теріасты иммуноглобулинімен емдеуге байланысты асептикалық менингит синдромының пайда болуы туралы хабарланды. Симптомдар әдетте емдеуден кейін бірнеше сағаттан 2 күнге дейінгі мерзімде пайда болады. Иммуноглобулинмен емдеуді тоқтату бірнеше күн ішінде асқынусыз асептикалық менингит синдромының ремиссиясына әкелуі мүмкін.
Пациенттер қатты бас ауыруы, желке бұлшықеттерінің сіресуі, ұйқышылдық, қызу, көздің қарығуы, жүрек айнуы және құсу сияқты алғашқы симптомдар туралы хабардар болуы керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы / Бүйрек жеткіліксіздігі
Иммуноглобулинмен, атап айтқанда құрамында сахароза бар препараттармен (Скувига құрамында сахароза жоқ) емделетін пациенттерде бүйректің ауыр жағымсыз реакциялары туралы хабарланды. Оларға бүйректің жедел жеткіліксіздігі, жедел өзекшелік некроз, проксимальді тубулярлы нефропатия және осмостық нефроз жатады. Бүйрек тарапынан асқыну қаупін арттыратын факторларға бұрыннан бар бүйрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, гиповолемия, нефроуытты препараттармен қатарлас емдеу, 65 жастан асқан жас, сепсис, қанның жоғары тұтқырлық синдромы және парапротеинемия жатады.
Серологиялық тесттердің бұрмалануы
Иммуноглобулинді енгізгеннен кейін пациенттің қанындағы әртүрлі пассивті-көтерімді антиденелердің өтпелі жоғарылауы серологиялық тесттердің жалған оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін.
Эритроциттік антигендерге (мысалы, A, B,
D) антиденелердің пассивті-тасымалдануы эритроциттік антиденелермен жүргізілетін кейбір серологиялық тест нәтижелерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін, мысалы, тікелей антиглобулин тесті (ТАГТ, тікелей Кумбс сынамасы).
Трансмиссивті агенттер
Адам қанының плазмасынан алынған дәрілік препараттарды қолданумен байланысты инфекциялардың дамуын болдырмаудың стандартты шаралары донорларды іріктеуді, жеке плазма донациялары мен пулдарды инфекциялардың спецификалық маркерлеріне скринингтеу және өндіріс процесіне вирустардың белсенділігін жою және (немесе) элиминациялануының тиімді сатыларын енгізуді көздейді. Осыған қарамастан, адамның қанынан немесе қан плазмасынан алынған дәрілік препараттарды енгізу кезінде, әсіресе белгісіз немесе жаңа вирустарға, сондай-ақ басқа патогендерге қатысты қоздырғыштардың берілу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Қабылданған шаралар адамның иммунтапшылығы вирусы (АИТВ), В гепатиті вирусы және С гепатиті вирусы сияқты қабықшалы вирустарға қатысты тиімді болып саналады.
Қабылданған шаралар А гепатиті вирусы және В19 парвовирусы сияқты қабықшасыз вирустарға қатысты жеткілікті түрде тиімді болып саналмайды.
Иммуноглобулиндерді енгізу кезінде А гепатиті вирусының және В19 парвовирусының берілмеуіне қатысты жеткілікті клиникалық тәжірибесі жинақталған, сонымен қатар спецификалық антиденелердің бар болуы вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосады деп болжанады.
Педиатрияда қолдану
Атап көрсетілген ескертулер мен қолдануға болмайтын жағдайлар ересектерге де, балаларға да қатысты.