Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые оболочкой
Торговое наименование
Cинупрет®
Действующее вещество
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Назначение
Тұтқыр секреттің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы риносинуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер)
Производитель
Роттендорф Фарма ГмбХ
Страна
Германия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
шерменгүл тамыры 6 мг
тостағаншасы бар наурызгүл гүлі 18 мг
қымыздық шөбі 18 мг
аюбадам гүлі 18 мг
нарқайсар шөбі18 мг
қосымша заттар:
таблетканың ядросы:
желатин, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кремнийдің коллоидты қостотығы, сорбитол, стеарин қышқылы, тазартылған су;
таблетка қабығының құрамы:
акрилат сополимері, кальций карбонаты, рафинадталған майсана майы, хлорофиллин қосылысы, декстрин, глюкоза шәрбаты, индигокармин (алюминий) (Е132), магнийдің жеңіл тотығы, жүгері крахмалы, монтанды гликоль балауызы, рибофлавин, шеллак, сахароза, тальк, титанның қостотығы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес және тегіс, жасыл түсті, қабықпен қапталған таблеткалар.
- тұтқыр секреттің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы риносинуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер).
Өсімдік тектес біріктірілген препарат.
Фармакологиялық қасиеттері препараттың құрамына кіретін биологиялық тұрғыдан белсенді заттарға байланысты болады. Синупрет секретолитикалық және қабынуға қарсы әсер береді. Мұрынның қосалқы қуыстарынан және жоғарғы тыныс алу жолдарынан экссудаттың ағып шығуына мүмкіндік береді. Вирусқа қарсы белсенділігі бар.
Клиникалық зерттеулер:
Жануарлардың екі түрлі моделінде (егеуқұйрық, қоян) аралас экстракті мен жеке компоненттердің секретолиттік әсері байқалды.
Каррагениннен туындаған ісіну тестінде егеуқұйрықтарда бақылау тобымен салыстырғанда табанның ісінуінің дозаға тәуелді төмендеуі байқалды.
Дозалау режимі
Ересектерге: күніне 3 рет 2 таблеткадан.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдану үшін.
Таблетканы шайнамай, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Синупрет® препаратын күніне 3 рет (таңертең, түсте және кешке) шайнамай, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 7-14 күнді құрайды.
- дәрілік препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдарға
Келесі жағымсыз әсерлер болуы мүмкін:
Жиі емес:
- асқазан-ішек бұзылыстары (іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, жүрек айнуы, диарея)
- аса жоғары сезімталдықтың жергілікті реакциясы (бөртпе, терінің қызаруы, қышыну),
Белгісіз:
- ауыр аллергиялық реакциялар (ентігу, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі).
Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде (әсіресе аса жоғары сезімталдық реакциялары/аллергиялық реакциялар) препарат қабылдауды тоқтатқан және дәрігерге қаралған жөн.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Уыттануды емдеу: улану немесе артық дозалану симптомдары туындаған кезде симптоматикалық ем қажет.
Егер сіз ұсынылған дозадан көп қабылдаған болсаңыз, дәрігерге хабарлаңыз. Сіздің дәрігеріңіз қажетті шараларды қабылдайды.
Асқазаны сезімтал пациенттерге немесе белгілі асқазан аурулары кезінде аса сақ болу қажет етіледі, Синупрет® қабықпен қапталған таблеткаларды тамақтан кейін, бір стақан сумен ішіп қабылдаған дұрыс.
Егер Сіз қанттың белгілі бір түрлеріне жақпаушылығынан зардап шегетіндігіңізді білсеңіз, препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесіңіз.
Арнайы ескертулер
Егер симптомдары 7 - 14 күннен астам созылып, нашарлап немесе мезгіл-мезгіл қайталанып жатса және/немесе пациентте ұзақ уақыт қызба, қатты ауыру немесе анық емес шағымдары болса, дәрігерге қаралу қажет.
Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған нұсқаулар
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында орташа есеппен 0,01 көмірсулар алмасу бірлігі бар.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Жүктілік кезеңінде Синупрет® препаратын қолдануды пайда және қауіп арақатынасын бағалаудан кейін дәрігер шешеді.
Лактация (емшек емізу) кезеңінде қолдану тәжірибесінің жоқ болуына байланысты, препаратты осы кезеңде қолдануға болмайды.
Бактерияларға қарсы дәрілік заттармен біріктірілуі мүмкін және бұл орынды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие · «Юник Фармасьютикал Лабораториз» (отделение фирмы «Дж. Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.»)
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.