Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Мазь для наружного применения
Дозировка
0.025%
Торговое наименование
Синафлан
Действующее вещество
Флуоцинолон ацетониді
Назначение
Синафлан жақпамайының құрамында тиімді жергілікті кортикостероид бар және қышынумен қатар жүретін қабыну жағдайларының кең ауқымын және терінің аллергиялық ауруларын емдеу үшін…
Производитель
"Dentafill Kazakhstan (Дентафилл Казахстан)"
Страна
Казахстан
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір сықпаның (15 г) құрамында:
белсенді зат: флуоцинолон ацетониді - 3,75 мг;
қосымша заттар: пропиленгликоль, медициналық вазелин, сусыз ланолин, церезин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық сарыдан сарыға дейінгі жақпа.
Синафлан жақпамайының құрамында тиімді жергілікті кортикостероид бар және қышынумен қатар жүретін қабыну жағдайларының кең ауқымын және терінің аллергиялық ауруларын емдеу үшін жарамды.
Синафлан жақпамайын дерматоздардың құрғақ түрлерінде пайдаланған дұрысырақ
Синафлан жақпамайы препараты әсіресе келесі жай-күйлерде жергілікті қолдану үшін жарамды:
-экзема
-дерматит (атопиялық экзема, себореялық экзема, диск тәрізді экзема, сыртқы отит, жанаспалы дерматит, нейродермит);
-пруриго
-псориаз (таралған түйіндақты псориазды қоспағанда);
-жалпақ қызыл теміреткі;
-диск тәрізді қызыл жегі.
Сыртқа қолдануға арналған глюкокортикостероид; қабыну медиаторларының босап шығуын кідіртеді. Теріге әсер еткен кезде нейтрофильдердің шеткері жинақталуының алдын алады, ол қабыну экссудатты және цитокиндер өнімдерінің азаюына, макрофагтар миграциясының кідіруіне, инфильтрациялар және грануляциялар үдерістерінің азаюына әкеледі. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер көрсетеді.
Дозалау режимі
Препараттың аздаған мөлшерін тәулігіне 1-2 рет және жеңіл уқалайтын қимылдармен жағады. 2 жастан асқан балаларға дәрігердің бақылауымен тәулігіне 1 рет сақтықпен қолданады. 2 жасқа толмаған балаларда дәрілік зат қолданылмайды. Балаларда арнайы зерттеулер жүргізілмеген.
Емдеу ұзақтығы аурудың сипатына байланысты және әдетте 5-10 күнді құрайды, аурудың ұзақ ағымында – 2 аптадан аспайды. Дәрілік затты үлкен зақымдану ошақтарына (дене беткейінің 20 % астамы) жақпаған дұрыс. Дәрі-дәрмектік емес жақпамаймен бірге қолдануға жол беріледі: егер Синафлан жақпамайын күніне бір рет жақса, 12 сағаттан кейін дәрі-дәрмектік емес жақпамайды жағуға болады. Синафланды басқа дәрі-дәрмектік емес жақпамайлармен емдеу аралығының апта сайынғы өзгеріс бөлігі ретінде пайдалануға болады.
Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды, тек псориаз кезінде дәрілік затты жабық таңғыш астына қолдануға рұқсат етіледі, оны күн сайын ауыстыру керек. Бет терісіне 1 күннен артық қолдануға болмайды. Жақпамайды көбіне дерматоздардың құрғақ түрлерінде қолдану ұсынылады.
Ересектерге қарағанда балалар анағұрлым сезімтал: глюкокортикостироидтарды жергілікті қолданған кезде дәрілік заттардың организмге енуі мүмкін. Сондықтан Синафлан жақпамайын қысқа мерзімде (5 тәуліктен асырмай) және балаларда ең аз тиімді дозада қолданады. Балаларда дәрілік затты тек аз ғана тері бөліктеріне (дене беткейі ауданының 10% дейін) қолданған жөн. Жақпамайды баланың бетіне жағуға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат тек жергілікті қолдануға арналған.
-әсер етуші затқа, немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
-бактериялардан, зеңдерден немесе вирустардан туындаған терінің бастапқы инфекцияларында, сондай-ақ розацеа, акне, периоральді дерматит, балалардағы аногенитальді қышыну және баздану.
-екі жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін
-жүктілік және бала емізу кезеңі
-акне (безеулі бөртпе)
-нәрестеде жыныстық мүшелер аймағындағы баздану немесе қышыну
Тері және тері астындағы тіндердің бұзылуы
Жиілігі белгісіз
- безеу тәрізді өзгерістер, стероидты пурпура, эпидермистің өсуінің тежелуі, күйдіру сезімі, қышыну, тітіркену, бөртпе, тері асты тінінің атрофиясы, терінің құрғауы, гипертрихоз немесе алопеция, терінің депигментациясы немесе гиперпигментациясы, атрофиясы және тері жолақтары, телеангиэктазиялар, периоральды дерматиттер шаш фолликуласының қабынуы, қайталама инфекциялар, жергілікті тері реакциялары (мысалы, жанаспалы дерматит). Кейде есекжем немесе дақты-папулезді бөртпе немесе барлық зақымданулардың өршуі мүмкін.
Көру бұзылыстары
Жиілігі белгісіз
Бұлыңғыр көру. Қабақтың терісіне жергілікті қолданғаннан кейін глаукома немесе катаракта пайда болуы мүмкін.
Инъекция орнындағы жүйелі бұзылулар мен асқынулар
Белсенді заттардың қанға сіңуіне байланысты флуоцинолон ацетонидінің жүйелі жағымсыз әсерлері болуы мүмкін. Олар, ең алдымен, ұзақ терапиямен, препаратты терінің үлкен аймақтарында, окклюзиялық таңғыш астында немесе балаларда қолданғанда дамиды.
Флуоцинолон ацетонидінің жүйелі жағымсыз әсерлері кортикостероидтарға тән және гипоталамус-гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің депрессиясы, Кушинг синдромы, балаларда өсу мен дамудың тежелуі, гипергликемия, глюкозурия, ісіну, артериялық гипертензия, иммунитеттің төмендеуін қамтиды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препарат жаққан орындағы терінің қышынуы және күйдіру, гипергликемия, глюкозурия, Иценко-Кушинг синдромы.
Емі: препаратты біртіндеп тоқтату аясында симптоматикалық.
Үзіліссіз 2 аптадан ұзақ қабылдауға болмайды. Дененің ауқымды беткейінде ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз әсерлердің біліну жиілігі және ісінулердің, артериялық гипертензияның, гипергликемияның дамуы, инфекцияларға төзімділіктің төмендеу мүмкіндігі артады.
Флуоцинолон ацетонидін жергілікті қолданған кезде гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі, қандағы кортизол деңгейінің азаюы және ятрогенді Кушинг синдромы дамуының салдарынан емді тоқтатқаннан кейін қайтатын АКТГ өндірілуі азаюы мүмкін. АКТГ бүйрекүсті бездерін стимуляциялаудан кейін қанда және несепте кортизолды анықтау жолымен бүйрекүсті безі қатпарлары функциясын ұдайы бақылау ұсынылады.
Жақпамайды қолданған жерде инфекция дамыған жағдайда, сәйкес бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы ем жүргізу керек. Егер инфекция симптомдары басылмаса, инфекцияны емдеу кезінде жақпамайды қолдануды тоқтату керек.
Препаратты жабықбұрышты және ашықбұрышты глаукомасы бар адамдарда, сондай-ақ катарактасы бар адамдарда ауру симптомдарының күшеюі мүмкіндігін ескеріп, қабақ маңайындағы теріге қолдануға болмайды.
Тіпті аз уақыт қолданғаннан кейін де, күшті сіңірілуі және жағымсыз әсерлері дамуының (телеангиэктазиялар, dermatitis perioralis) жоғары қаупін ескере отырып, бет терісінде, шап және қолтықасты терісі аумақтарында айрықша қажет болған жағдайларда ғана қолдану керек.
Арнайы ескертулер
Тері асты шелі атрофиясы жағдайында, әсіресе егде жастағы адамдарда сақтықпен қолдану керек.
Ланолин - жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін.
Пропиленгликоль - терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Микробтарға қарсы дәрілермен үйлесімді. Гипотензиялық, диурездік, гипогликемиялық, анаболикалық, аритмияға қарсы дәрілердің белсенділігін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.