Барлық дәрілік препараттар сияқты Силмелт препараты жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін, бірақ олар барлығында туындай бермейді. Силмелт препаратын қолданумен байланысты жағымсыз әсерлер әдетте жеңіл немесе орташа санатқа жатады және ұзаққа созылмайды.
Егер пациентте келесі елеулі жағымсыз әсерлердің кез келгені байқалса, Силмелтпрепаратын қабылдауды тоқтату керек және дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Өте жиі
• бас ауыруы
Жиі
• бас айналуы
• түстерді ажыратудың бұрмалануы (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көру бұзылысы, көру жітілігінің нашарлауы
• гиперемия, ысыну
• мұрынның бітелуі
• жүрек айнуы, диспепсия
Жиі емес
• ринит
• аса жоғары сезімталдық
• ұйқышылдық, гипестезия
• көзден жас ағумен байланысты бұзылулар (көздің құрғауы, көз жасы бездері функциясының бұзылуы, көзден жас ағудың артуы), көздің ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз қантамырларының гиперемиясы, көру арқылы қабылдаудың айқындығы, конъюнктивит
• кеңістіктегі бағдарсыздық (вертиго), құлақтағы шуыл
• тахикардия, жүрек соғуын сезіну
• артериялық гипертензия, артериялық гипотензия
• мұрыннан қан кету, мұрынның қосалқы қойнауларының бітелуі
• гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыздың құрғауы
• бөртпе
• миалгия, аяқтың ауыруы
• гематурия
• кеуде қуысының ауыруы, қатты қажу, ысыну сезімі
• жүректің жиырылу жиілігінің артуы
Сирек
• ми қан айналымының жедел бұзылуы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамасы*, құрысу ұстамасының қайталануы*, естен тану
• көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы (КЖААЕИШ)*, торқабық қантамырларының окклюзиясы*, торқабыққа қан құйылу, артериосклероздық ретинопатия, торқабық ауруы, глаукома, көру аясының ақауы, диплопия, көру жітілігінің төмендеуі, миопия, астенопия, шыны тәрізді дененің буалдырланып бұлыңғырлануы, нұрлы қабықтың ауруы, мидриаз, көру аясында нұрлы шеңберлердің болуы, көздің ісінуі, көздің домбығуы, көру бұзылысы, конъюнктивальді гиперемия, көздің тітіркенуі, көздегі әдеттен тыс сезінулер, қабақтың ісінуі, аққабық түсінің өзгеруі
• кереңдік
• кенеттен жүректен болатын өлім*, миокард инфарктісі, қарыншалық аритмия*, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия
• тамақтың қысылу сезімі, мұрынның ісінуі, мұрынның шырышты қабығының құрғауы
• ауыз қуысының гипестезиясы
• Стивенс – Джонсон синдромы (СДС)*, уытты эпидермалық некролиз (УЭН)*
• жыныс мүшесінен қан кету, приапизм*, гематоспермия, эрекцияның күшеюі ашушаңдық
* тіркеуден кейінгі бақылау кезінде ғана тіркелген жағымсыз әсерлер.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz