Ингаляциялық анестезияға арналған барлық күшті дәрілер сияқты, севофлуран жүрек пен тыныс алу функциясының дозаға тәуелді бәсеңдеуін туындатуы мүмкін. Жағымсыз реакциялардың көпшілігі жеңіл немесе орташа және өтпелі болып табылады. Жүрек айну және құсу операциядан кейінгі кезеңде, сондай-ақ ингаляциялық анестезиядан немесе операция кезінде немесе одан кейін енгізілетін басқа агенттерден және пациенттің хирургиялық араласуға реакциясынан туындауы мүмкін жалпы асқынулар байқалды.
Келесі жағымсыз реакциялар туралы жиі хабарланды:
Ересек пациенттерде: гипотония, жүрек айну және құсу;
Егде жастағы пациенттерде: брадикардия, гипотония және жүрек айнуы; сондай-ақ
Балаларда: ажитация, жөтел, құсу және жүрек айнуы.
Төменде аталған тіркеуден кейінгі кезеңдегі клиникалық зерттеулерде жағымсыз әсерлердің жиілігі мынадай критерийлерді пайдалана отырып анықталды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және 1/10), жиі емес (≥1/1000 және 1/100), сирек (≥1/1000 және 1/1000), өте сирек (1/1000): белгісіз жиілікпен (қолжетімді деректер бойынша бағалау мүмкін емес)
Өте жиі
• қозу
• брадикардия
• гипотензия
• жөтел
• жүрек айнуы және құсу
Жиі
• бас айналуы, ұйқышылдық, бас ауыруы
• тахикардия
• гипертензия
• тыныс алу бұзылыстары, ларингоспазм
• гиперсаливация
• қалтырау, қызба, гипотермия
• қан сарысуындағы глюкоза деңгейінің өзгеруі, бауырдың функционалдық сынамаларының өзгеруі3, лейкоциттер санының өзгеруі, аспартат аминотрансферазаның артуы, қан сарысуындағы органикалық емес фторидтер деңгейінің жоғарылауы4
• гипотермия
Жиі емес
• лейкопения, лейкоцитоз
• сананың шатасуы
• толық атриовентрикулярлы блокада, жүрекше фибрилляциясы, аритмия, вентрикулярлы экстрасистолалар, суправентрикулярлы экстрасистолалар, экстрасистолалар
• несептің іркілуі, глюкозурия
• кеуде қуысындағы жайсыздық1, қатерлі гипертермия 1,2
• АЛТ деңгейінің жоғарылауы, креатинин деңгейінің жоғарылауы, ЛДГ деңгейінің жоғарылауы
Жиілігі белгісіз
• анафилаксиялық реакциялар1, анафилактоидты реакциялар, аса жоғары сезімталдық1
• құрысулар, дистония, делирий (сандырақтау жай-күйі)
• Даун синдромы бар балалардағы брадикардия және жүректің тоқтауы (севофлуранды қолданған кезде жүректің тоқтауы туралы өте сирек маркетингтен кейінгі хабарламалар болды), «пируэт» типті қарынша тахикардиясымен байланысты QT аралығының ұзаруы
• бронх түйілуі, ентігу1, ысқырып тыныс алу1, өкпенің ісінуі
• бүйректің жедел жеткіліксіздігі
• гепатит1,2, бауыр жеткіліксіздігі1,2 және бауыр некрозы1,2
• жанаспалы дерматит1, қышыну, бөртпе1, бет аймағының ісінуі1, есекжем
• бұлшықеттік тартылулар
1- «Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімін қараңыз
2-Сақтық шаралары бөлімін қараңыз
3- сирек жағдайларда севофлуранды және ұқсас препараттарды пайдаланғанда бауырдың функционалдық сынамаларының транзиторлы өзгерістері байқалды
4- Севофлуранмен жалпы анестезия кезінде және одан кейін органикалық емес фтордың сарысулық деңгейінің өтпелі жоғарылауы білінуі мүмкін. «Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімін қараңыз
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Севофлуранмен жалпы анестезия кезінде және одан кейін органикалық емес фтордың сарысулық деңгейінің өтпелі жоғарылауы білінуі мүмкін. Оның концентрациясы, әдетте, севофлуранды енгізуді тоқтатқаннан кейін 2 сағат ішінде өте жоғары шегіне жетеді және 48 сағат ішінде операцияға дейінгі деңгейге оралады. Клиникалық зерттеулерде фтор концентрациясының жоғарылауы бүйрек функциясының бұзылуымен қатар жүрмеді.
Севофлуранды қолданған кезде операциядан кейінгі гепатиттің сирек кездесетін жағдайлары сипатталған. Сондай-ақ, севофлуранды қоса, ингаляциялық наркоз үшін күшті дәрілерді қолданғанда сирек жағдайларда бауыр жеткіліксіздігінің және бауыр некрозының пайда болуы туралы хабарланған. Алайда олардың севофлуранды қолданумен байланысы анықталмаған.
Аса жоғары сезімталдықтың сирек жағдайлары туралы хабарланды (оның ішінде жанаспалы дерматит, бөртпе, диспноэ, ысқырып тыныс алу, кеуде қуысындағы жайсыздық сезімі, бет ісінуі, анафилаксиялық реакциялар жағдайлары туралы); атап айтқанда, осындай жағдайлар күшті ингаляциялық анестетиктермен, оның ішінде севофлуранмен ұзақ кәсіби жанасу аясында байқалды.
Бейім пациенттерде күшті ингаляциялық анестетиктер, оның ішінде севофлуран қаңқа бұлшықеттерінің гиперметаболизмдік жағдайының дамуын туындатуы мүмкін, бұл оттегі қажеттілігінің артуына әкеледі және қатерлі гипертермияның клиникалық синдромы түрінде көрінеді.
Педиатрияда қолданылуы
Севофлуранды қолдану құрысулардың пайда болуымен байланысты болды. Олардың көпшілігі 2 айдан бастап балаларда және жас адамдарда пайда болды, олардың көпшілігінде қауіп факторлары болмаған. Севофлуранды құрысулардың пайда болу қаупі бар пациенттерде қолданғанда клиникалық шешім таразылануы тиіс.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz