Севофлуран тыныс алудың бәсеңдеуін туындатуы мүмкін, ол есірткілік немесе тыныс алудың бәсеңдеуін туындататын басқа да дәрілік заттармен премедикация кезінде күшейеді. Тыныс алуды бақылау керек және қажет болған жағдайда шұғыл медициналық жәрдем көрсетілуі тиіс.
Сево-Анестеран препаратын жалпы анестезияны жүргізу жөнінде оқудан өткен мамандар ғана өте жоғары қауіпсіздік жағдайында, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету, өкпені жасанды желдету жүргізу, оксигенотерапия және реанимация үшін барлық қажеттілермен жабдықталған бөлімдерде қолдана алады.
Сево-Анестеранды беру үшін севофлуран концентрациясының дәлдігін бақылауға мүмкіндік беретін арнайы калибрленген буландырғыштарды ғана пайдалану керек.
Жалпы анестезияны қолдану қатаң түрде жекелей болуы және пациенттің анестезияға жауап реакциясына негізделуі тиіс.
Анестезияның күшеюімен бірге гипотензия және тыныс алудың бәсеңдеуі артады.
Анестезияны демеу кезінде севофлуран концентрациясының жоғарылауы артериялық қысымның төмендеуіне әкеледі. Артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі анестезияның терең жасалуының нәтижесі болуы мүмкін және, мұндай жағдайларда севофлуран концентрациясын төмендету жолымен түзетілуі мүмкін. Гиповолемиясы, гипотензиясы немесе мысалы, қатар емдеу салдарынан гемодинамикасының басқа да бұзылулары бар пациенттер үшін дозаны таңдауға ерекше көңіл бөлу керек.
Жалпы анестезиядан шығуға пациенттер қарқынды емдеу бөлімінен ауыстырылған кезге дейін мұқият баға беру керек. Севофлуранмен анестезиядан кейін бірнеше минуттан соң сана қалпына келсе де, анестезиядан кейін екі немесе үш күн ішіндегі психикалық функцияға ықпалы зерттелген жоқ. Басқа анестетиктер сияқты, мінез-құлықтағы кішкентай өзгерістер енгізілгеннен кейін бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).
Қатты құрғаған СO2 сорбенттерді алмастыру
Севофлуранды қолдану кезінде, қатты құрғатылған СО2 сорбенттері (әсіресе құрамында калий гидроксиді бар) пайдаланылғандықтан, наркозға арналған аппараттың шамадан тыс қызып кетуінің және/немесе кездейсоқ түтіндеуінің және тұтануының сирек жағдайлары сипатталған.
СО2 сорбенті бар резервуар қатты қызып кеткен кезде, буландырғыштың реттелгеніне қарамастан, деммен тартылатын препарат концентрациясының әдеттегідей емес баяу жоғарылауы немесе күтпеген төмендеуі байқалуы мүмкін.
СО2 сорбентімен севофлуранның ыдырауының экзотермиялық реакциясы, егер сорбент кеуіп кетсе, күшейеді; мысалы, СО2 сорбенті бар резервуар арқылы құрғақ газ ұзақ уақыт өткен жағдайда. Севофлуранның ыдырау өнімдерінің (метанол, формальдегид, көміртек монооксиді және А, В, С және D компоненттері) түзілуі севофлуранның концентрациясы 2 және одан көбірек сағат ішінде ең жоғарыға (8%) жеткен кезде, құрғатылған сорбенттері бар экспериментальді наркоз аппаратының тыныс алу контурында байқалды. Осындай жағдайларда түзілетін формальдегид концентрациясы тыныс алу жолдарының әлсіз тітіркенуін туындатуға қабілетті мәніне жетеді. Экстремальді жағдайларда организмге севофлуранның ыдырау өнімдерінің әсеріне клиникалық баға беру жүргізілген жоқ.
Егер анестезиолог СО2 сорбентінің құрғағанына күдіктенсе, онда оны севофлуранды қолданар алдында алмастырған жөн. СО2 сорбенті құрғап кеткенде индикатордың түсі әрдайым өзгере бермейді. Демек, индикатор түсінде өзгерудің болмауын адекватты гидратациямен айғақталады деп санауға болмайды. СО2 сорбенттерін индикатордың түсіне қарамай үнемі алмастырып отыру қажет.
Ишемиялық ауруы бар пациенттер
Барлық анестетиктер жағдайындағы сияқты, гемодинамикалық тұрақтылықты демеу жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде миокард ишемиясына жол бермеу үшін маңызды мәнге ие.
Акушерияда
Акушерлік практикада севофлуранды қолданғанда сақтық танытқан жөн. Севофлуранның жатырды босаңсытатын әсері бар, бұл жатырлық қан кетудің даму қаупін ұлғайтуы мүмкін («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).
Қатерлі гипертермия
Сезімтал адамдарда севофлуранды қоса, күшті әсер ететін дәрілер қаңқа бұлшықеттерінің гиперметаболизмі күйін туындатуы мүмкін, бұл оттегіге қажеттіліктің жоғарылауына және қатерлі гипертермия ретінде белгілі клиникалық синдромның дамуына әкеледі. Синдром гипертермиямен, гиперкапниямен сипатталады, ол өзіне бұлшықеттің сіресуі, тахикардияны, тыныстың жиілеуін, цианозды, аритмияны және/немесе гемодинамикалық тұрақсыздықты қамтуы мүмкін. Осы спецификалық емес симптомдардың кейбіреулері жеңіл наркозда, жедел гипоксияда, гиперкапнияда және гиповолемияда көрініс беруі мүмкін.
Клиникалық зерттеулерде қатерлі гипертермияның бір жағдайы тіркелді. Бұдан басқа, қатерлі гипертермияның даму жағдайлары жөнінде постмаркетингтік бақылауларда мәлімделді. Осы жағдайлардың кейбіреулері өліммен аяқталды.
Қатерлі гипертермияны емдеу оның дамуын туындатқан препараттарды (мысалы, севофлуран) қабылдауды тоқтату, натрий дантроленін вена ішіне енгізу (дантронелді қолдану жөніндегі нақты ақпарат оны қолдану жөніндегі нұсқаулықта берілген) және қалыпты дене температурасын демеуді, тыныс алу функциясын және қан айналуды, су-электролиттік және қышқыл-сілті теңгерімін бақылауды қоса, демеуші қарқынды симптоматикалық ем жүргізу деп шамаланады.
Кешірек бүйрек функциясының жеткіліксіздігі дамуы мүмкін, сондықтан диурезді бақылау және мүмкіндігінше демеу керек.
Операциядан кейінгі кезеңдегі гиперкалиемия
Балаларда ингаляциялық наркозға арналған дәрілерді қолдану сирек жағдайларда сарысудағы калий концентрациясының жоғарылауын туындататы, бұл операциядан кейін жүрек аритмияларының және өлімнің дамуына әкелді. Жасырын жүйке-бұлшықет бұзылыстары бар, әсіресе Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы бар пациенттер бұған көбірек осалдау болады. Көптеген жағдайларда сукцинилхолинді (суксаметонийді) бір мезгілде қолданумен байланысты болды. Осы пациенттерде сондай-ақ сарысудағы креатинфосфокиназа деңгейінің едәуір артуы және кейбір жағдайларда миоглобинурия байқалды. Қатерлі гипертермия көріністерімен біршама ұқсастығына қарамастан, осы жағдайлардың бірде біреуінде бұлшықеттің сіресушілігі немесе бұлшықеттің гиперметаболизмімен байланысты симптомдар білінген жоқ. Гиперкалиемияны және тұрақты аритмияны басу жөнінде шараларды дереу бастаған және жасырын өтетін нейробұлшықет ауруларын анықтау үшін тексеру жүргізген жөн.
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардиямен өте сирек астасқан QT аралығы ұзаруының жекелеген жағдайлары мәлімделді. Аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде севофлуранды қолданғанда сақ болуы қажет. Помпе ауруы бар балаларда қарыншалық аритмияның оқшау жағдайлары жөнінде мәлімделді.
Митохондриялық бұзылулары бар пациенттер
Митохондриялық бұзылулары бар пациенттерде жалпы анестезияны, соның ішінде севофлуранды қолданғанда сақтық таныту қажет.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Бауырдың белгілі ауруы (вирус гепатитін қоса) («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар» бөлімдерін қараңыз) бар немесе бауыр дисфункциясын туындататын дәрілерді қолданған пациенттерге севофлуранды тағайындау қажет болғанда аса сақтық танытқан жөн.
Севофлуранды қоса, галогенделген көмірсутектердің әсеріне бірнеше рет ұшыраған пациенттерде біршама қысқа уақыт кезеңі ішінде бауыр ауруларының жоғары қаупі болады.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар (креатининнің базалық деңгейі 1.5 мг/дл-ден көбірек) зерттелген пациенттер саны аз болғандықтан, Сево-Анестеранды пациенттердің осы тобында қолданудың қауіпсіздігінің бейіні анықталған жоқ («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Сондықтан Сево-Анестеран бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Нейрохирургиялық араласымдар
Пациентте бассүйекішілік қысымның жоғарылау қаупі бар болғанда севофлуранды бассүйекішілік қысымды төмендетуге бағытталған гипервентиляция сияқты шаралармен біріктіріп, сақтықпен қолданған жөн.
Құрысулар
Севофлуранды қолданумен байланысты құрысулардың пайда болуының сирек жағдайлары жөнінде мәлімдемелер бар. Севофлуранды қолдану қауіп факторлары бар/немесе онсыз балаларда, жасөспірімдерде және ересектерде құрысу ұстамаларымен астасты. Құрысулардың қауіп факторлары бар пациенттер севофлуранды қолданғанға дейін клиникалық шешім қабылдағанда ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Балаларда анестезия тереңдігі шектеулі болуы тиіс. Құрысудың даму қаупі бар пациенттерде севофлуранның дозасын таңдағанда севофлуранның дозалануын оңтайландыру үшін ЭЭГ жүргізу қажет.
Балаларда қолдану
Севофлуранды қолдану құрысулардың пайда болуымен астасты. Көптеген жағдайлар балаларда 2 айлық жастан бастап және жасөспірімдерде тіркелді, олардың көбісінде құрысуға бейім ететін қауіп факторлары болған жоқ. Севофлуранды құрысудың дамуына бейім пациенттерде сақтықпен қолданған жөн.
Балаларда дистониялық өзгерулер байқалды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Севофлуранды қолдану құрысулардың пайда болуымен астасты. Көптеген жағдайлар балаларда 2 айлық жастан бастап және жасөспірімдерде тіркелді, олардың көбісінде құрысуға бейім ететін қауіп факторлары болған жоқ. Севофлуранды құрысудың дамуына бейім пациенттерде сақтықпен қолданған жөн.
Балаларда дистониялық өзгерулер байқалды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттерді жалпы анестезиядан кейін біршама уақыт ішінде автомобильді жүргізу немесе қауіпті құралдарды пайдалану сияқты жылдам реакцияларды орындау қабілеті нашарлауы мүмкін екендігінен хабардар ету керек.
Қолдану бойынша ұсыныстар