Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған препараттар. Адренергиялық, ингаляциялық. Антихолинегиялықты қоспағанда, кортикостероидтармен немесе басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде адренергиялық. Сальметерол және флутиказон.
АТХ коды R03АК06
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
Серетид Мультидиск – құрамында сальметерол мен флутиказон пропионаты бар, әртүрлі әсер ету механизмдері бар және -агонистер мен ингаляциялық кортикостероидтарды қолданудың ең қолайлы режимін қамтамасыз ететін біріктірілген препарат. Сальметерол бронхоспазмның пайда болуына жол бермейді, флутиказон пропионаты сыртқы тыныс алу функциясын жақсартады және жағдайдың өршуіне жол бермейді.
Сальметерол
Сальметерол - ұзақ әсер ететін 2-адренорецепторлардың (12 сағат) селективті агонисті. Сальметерол молекуласында рецептордың сыртқы бөлігімен байланысатын ұзын бүйірлік тізбек бар. Сальметерол гистамин-индукцияланған бронхоспазмның алдын алуда тиімді, бронходилатацияны тудырады, бронхтардың аса жоғары белсенділігін төмендетеді. Гистамин, лейкотриендер және простагландин D2 сияқты мес жасушалардың өкпе медиаторларының тіндерінде босап шығуын ұзақ уақыт тежейді.
Ингаляциялық аллергендерге реакцияның ерте және кеш кезеңдерін басады. Бір дозаны енгізгеннен кейін кеш сатыны басу 30 сағатқа дейін созылады. Сальметеролды бір рет қабылдау бронхылық гипержауапты әлсіретеді, бұл сальметеролдың қосымша, бронхыны дилятацияламайтын қасиетін көрсетеді, бірақ бұл қасиеттің клиникалық мәні белгісіз. Бұл механизм кортикостероидтардың қабынуға қарсы әсерінен ерекшеленеді.
Флутиказон пропионаты
Флутиказон пропионаты жергілікті әсер ететін ГКС тобына жатады және ұсынылған дозаларда ингаляциялық енгізу кезінде өкпеде қабынуға қарсы әсер етеді, бұл симптомдардың айқындылығының төмендеуіне және демікпенің өршу жиілігінің төмендеуіне әкеледі. Флутиказон пропионатының әрекеті жүйелі әсер ететін ГКС тән жағымсыз реакциялармен қатар жүрмейді.
Флутиказон пропионатын ингаляция түрінде ең жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда бүйрекүсті безі қыртысы гормондарының тәуліктік секрециясы ересектер мен балаларда қалыпты шекте қалады. Басқа ингаляциялық ГКС қабылдайтын пациенттерді Флутиказон пропионатын қабылдауға ауыстырғаннан кейін бүйрек үсті безі қыртысы гормондарының тәуліктік секрециясы алдыңғы ГКС ішке қабылдағанына қарамастан біртіндеп шекті межеге дейін қалпына келеді. Бұл флутиказон пропионатын ингаляциялық қолдану аясында бүйрекүсті безі функциясының қалпына келгенін көрсетеді. Флутиказон пропионатын ұзақ уақыт қолданғанда бүйрекүсті безі қыртысының резервтік функциясы да қалыпты шектерде қалады, бұл стимуляциялық тест нәтижелерімен расталады. Алайда, бүйрекүсті бездерінің резервтік функциясының қалдық төмендеуі жүргізілген емнен кейін ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Демікпені бақылау үшін серетидтің тиімділігін клиникалық зерттеу
Демікпені бақылау мақсаттарына қол жеткізуді анықтау үшін серетид пен ингаляциялық кортикостероидтардың (флутиказон пропионаты) қауіпсіздігі мен тиімділігімен салыстырғанда ұзаққа созылған демікпесі бар 3416 ересек және жасөспірім пациенттің қатысуымен жүргізілген он екі айлық зерттеу (демікпені оңтайлы бақылауды алу, GOAL). Емдеу толық бақылауға **жеткенге дейін немесе зерттелетін препараттың ең жоғары дозасына жеткенге дейін әрбір 12 апта сайын кезең-кезеңімен жүргізілді. GOAL нәтижелері тек ингаляциялық кортикостероидты (ИГКС) қабылдаған пациенттерден айырмашылығы серетидті қабылдаған пациенттердің көпшілігінде демікпені бақылауға қол жеткізілгенін көрсетті және бұл бақылауға кортикостероидтың неғұрлым төмен дозасында қол жеткізілді.
* Демікпені дұрыс бақылауға тек ИГКС қолданудан айырмашылығы, серетидті қолдану арқылы тезірек қол жеткізілді. Зерттеу субъектілерінің 50%-ында емдеу кезеңі бір апта ішінде тиісті бақылауға қол жеткізгенге дейін бірінші пациентте ИГКС тобына қатысты 37 күнмен салыстырғанда серетидке қатысты 16 күнді құрады. Стероидты пайдалана отырып ем алмаған астматиктердің қосалқы тобында бір апта ішінде тиісті бақылауға қол жеткізгенге дейін емдеу кезеңі бірінші пациентте ИГКС қолдана отырып емдеуге қатысты 23 күнмен салыстырғанда серетидті қолдана отырып емдеуге қатысты 16 күнді құрады.
Зерттеудің жалпы нәтижелері көрсетті:
12 ай ішінде демікпені *тиісті бақылауға (ТБ) және **толық бақылауға (ТБ) қол жеткізетін пациенттердің пайызы
Зерттеу шеңберінде алдын ала емдеу — Сальметерол/ФП — ФП
ТБ — ТБ — ТБ — ТБ
ИГКС жоқ (тек КДБА) — 78% — 50% — 70% — 40%
ИГКС төмен дозалары (≤500 микрограмм БДП немесе баламасы/күн) — 75% — 44% — 60% — 28%
ИГКС орташа дозалары (>500-ден 1000 микрограмм БДП немесе баламасы/күн) — 62% — 29% — 47% — 16%
Емдеудің 3 деңгейі бойынша біріктірілген нәтижелер — 71% — 41% — 59% — 28%
* Демікпені тиісті бақылау; 1-ден артық симптомдарды бағалаумен (1-симптомдарды бағалау «күні бойы бір қысқа кезең ішіндегі симптомдар» ретінде айқындалады) 2 немесе одан аз күн, КДБА-ны 2 немесе одан аз күн және аптасына 4 рет немесе одан аз пайдалану, экспирацияның болжамды таңертеңгі ең жоғары ағымы 80%-дан асады немесе оған тең, түнде оянбау, емдеуге арналған құралды өзгертуге мәжбүр ететін асқынулардың және жағымсыз әсерлердің болмауы.
** Демікпені толық бақылау; симптомдардың болмауы, КДБА пайдаланылмайды, экспирацияның болжамды таңертеңгі ең жоғары ағымы 80%-дан жоғары немесе оған тең, түнде оянбау, емдеуге арналған құралды өзгертуге мәжбүрлейтін асқынулардың және жағымсыз әсерлердің болмауы.
Осы зерттеудің нәтижелері 50/100 микрограмм серетидті орташа ұзаққа созылған демікпесі бар пациенттер үшін бастапқы демеуші ем ретінде қарастыруға болатындығын көрсетеді, оларға қатысты демікпені жылдам бақылау қажет деп қаралады (4.2-бөлімді қараңыз).
≥18 жастағы ұзаққа созылған демікпесі бар 318 пациентті қамтитын қатарлас топтардың қатысуымен салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған зерттеуде екі апта бойы серетидтің екі ингаляциясын күніне екі рет (қос доза) енгізудің қауіпсіздігі мен төзімділігі бағаланды. Зерттеу нәтижелері серетидтің әрбір дозасын екі есе 14 күнге дейін ингаляциялау β-агонистпен байланысты жағымсыз құбылыстардың шамалы ұлғаюына (тремор; 0-мен салыстырғанда 1 пациентте [1%] жүрек соғуының жиілеуі; 1 [ <1%] салыстырғанда 6 [3%] бұлшықет құрысулары; 1 [<1%]) салыстырғанда 6 [3%] және кортикостероидты ингаляциямен байланысты жағымсыз құбылыстардың пайда болуының ұқсас жиілігі (мысалы, ауыздың шырышты қабығының кандидозы; 16 [8%] салыстырғанда 6 [6%], дауыстың қарлығуы; 4 [2%] салыстырғанда 2 [2%]) күніне екі рет бір ингаляциямен салыстырғанда. Егер дәрігер кортикостероидты ингаляциямен қосымша қысқа мерзімді (14 күнге дейін) терапияны қажет ететін ересек пациенттерге қатысты серетид дозасын екі еселеуді қарастырса, β-агонистпен байланысты жағымсыз құбылыстардың шамалы ұлғаюын, назарға алған жөн.
Демікпе
Демікпені бақылау үшін сальметеролдың тиімділігін көп орталықты ғылыми зерттеу (ДБСТКҒЗ)
Демікпені бақылау үшін сальметеролдың тиімділігін көп орталықты ғылыми зерттеу (ДБСТКҒЗ) АҚШ-та жүргізілген 28 апталық зерттеу болды, онда зерттеудің ересек және жасөспірім қатысушылары үшін дәстүрлі терапияға қосымша, плацебомен салыстырғанда сальметеролдың қауіпсіздігі бағаланды. Респираторлық аурумен және респираторлық аурумен байланысты өмірге қауіп төндіретін процестермен байланысты өлімнің жалпы санының бастапқы соңғы нүктесінде айтарлықтай айырмашылықтар болмаса да, зерттеу нәтижелері сальметерол қабылдаған пациенттерге қатысты демікпемен байланысты өлім санының едәуір өскенін көрсетті (плацебо қабылдаған 13 179 пациенттің арасында болған 3 өлім жағдайымен салыстырғанда сальматерол қабылдаумен ем алған 13 176 пациенттің арасында 13 өлім жағдайы). Зерттеу ингалирацияланатын кортикостероидты бір мезгілде қолданумен әсерді бағалау үшін әзірленбеген және зерттеу субъектілерінің 47% - ына қатысты ғана ИГКС-ні бастапқы деңгейде пайдалану тіркелген.
Демікпені бақылау үшін тек ФП-мен салыстырғанда сальметерол-ФП пайдаланудың қауіпсіздігі мен тиімділігі
Екі көп орталықты 26 апталық зерттеу сальметерол-ФП-ны пайдаланудың тиімділігі мен қауіпсіздігін тек ФП - мен салыстыру үшін, біреуі - зерттеудің ересек және жасөспірім субъектілерінің қатысуымен (AUSTRI зерттеуі), ал екіншісі - зерттеудің 4-11 жастағы педиатриялық субъектілерінің қатысуымен (VESTRI зерттеуі) жүргізілді. Екі зерттеуді жүргізу үшін бөлінген субъектілердің анамнезінде ұзаққа созылған демікпенің орташа - ауыр дәрежесі, демікпемен байланысты ауруханаға жатқызу немесе өткен жылы демікпенің өршуі болды. Әрбір зерттеудің негізгі мақсаты демікпемен байланысты күрделі жағымсыз құбылыстардың (демікпемен байланысты ауруханаға жатқызу, эндотрахеялық интубация және өлім) туындау қаупі тұрғысынан тек ИГКС (ФП) қолданумен жүргізілген еммен салыстырғанда ИГКС (сальметерол-ФП) қолданумен жүргізілген емге ДДБА қосу кезінде емнің кем түспейтін тиімділігін анықтау болды. Осы зерттеулер тиімділігінің екінші мақсаты демікпенің ауыр асқынуы тұрғысынан тек ИГКС (ФП) қолданған емнен ИГКС/ДДБА (сальметерол-ФП) артықшылығын бағалау болды (кем дегенде 3 күн бойы жүйелі кортикостероидтарды қолдануды талап ететін демікпе кезіндегі денсаулық жағдайының нашарлауы немесе жүйелі кортикостероидтарды қолдануды талап ететін стационарға жатқызу немесе жедел жәрдем бөлімшесіне бару ретінде айқындалады).
Жалпы алғанда, зерттеудің 11 679 және 6 208 субъектісі рандомизацияланды және сәйкесінше AUSTRI және VESTRI зерттеулерінде емделді. Қауіпсіздіктің бастапқы соңғы нүктесіне қатысты екі сынақта да тиімділікке қол жеткізілді (төмендегі кестені қараңыз).
26 апталық AUSTRI және VESTRI зерттеулерін жүргізу кезінде туындаған демікпемен байланысты күрделі жағымсыз құбылыстар
AUSTRI — VESTRI
Сальметерол-ФП (n = 5 834) — Тек ФП (n = 5 845) — Сальметерол-ФП (n = 3 107) — Тек ФП (n = 3 101)
Біріктірілген соңғы нүкте (демікпемен байланысты ауруханаға жатқызу, эндотрахеялық интубация және өлім). — 34 (0,6%) — 33 (0,6%) — 27 (0,9%) — 21 (0,7%)
Сальметерол-ФП/ФП қолданумен байланысты тәуекел коэффициенті (95% СА) — 1,029 (0,638-1,662)a — 1,285 (0,726-2,272)b
Өлім жағдайы — 0 — 0 — 0 — 0
Демікпемен байланысты ауруханаға жатқызу — 34 — 33 — 27 — 21
Эндотрахеялық интубация — 0 — 2 — 0 — 0
aЕгер салыстырмалы тәуекелге қатысты 95% СА қорытынды жоғарғы бағасы 2,0-ден аспаса, кем емес тиімділігі расталды.
bЕгер салыстырмалы тәуекелге қатысты 95% СА қорытынды жоғарғы бағасы 2,675-тен аспаса, кем емес тиімділігі расталды.
Тиімділіктің екінші соңғы нүктесіне қатысты ФП-ға қатысты сальметерол-ФП қолданумен демікпенің алғашқы асқыну уақытының азаюы екі зерттеуде де байқалды, дегенмен тек AUSTRI статистикалық маңыздылыққа сәйкес келді:
AUSTRI — VESTRI
Сальметерол-ФП (n = 5 834) — Тек ФП (n = 5 845) — Сальметерол-ФП (n = 3 107) — Тек ФП (n = 3 101)
Зерттеудің демікпесі асқынған субъектілерінің саны — 480 (8%) — 597 (10%) — 265 (9%) — 309 (10%)
Сальметерол-ФП/ФП қолданумен байланысты тәуекел коэффициенті (95% СА) — 0,787 (0,698, 0,888) — 0,859 (0,729, 1,012)
Балалар популяциясы:
Демікпе симптомдары бар 6 жастан 16 жасқа дейінгі 158 баланың қатысуымен SAM101667 зерттеуінде сальметерол/флутиказон пропионатының біріктірілген қолданылуы флутиказон пропионатының дозасын симптомдарды бақылау мен өкпе функциясына қатысты екі есе көбейту үшін бірдей тиімді. Бұл зерттеу асқынуға әсерін зерттеу үшін әзірленбеген.
4 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды 12 апталық зерттеуде [n = 257] сальметерол/флутиказон пропионаты 50/100 немесе сальметерол 50 микрограмм + флутиказон пропионаты 100 микрограмм, күніне екі рет қабылдаған, емдеудің екі тобында да дем шығару жылдамдығының 14% жоғарылауы байқалды, сонымен қатар симптомдарды бағалаудың жақсаруы және сальбутамолды жедел жәрдем препараты ретінде қолдану жиілігінің төмендеуі байқалды. Емдеудің екі тобы арасында ешқандай айырмашылық болған жоқ. Екі емдеу тобы арасында қауіпсіздік параметрлерінде айырмашылықтар болған жоқ.
4 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды ұзаққа созылған демікпесі бар және ингаляциялық кортикостероидтарды қабылдау кезінде симптомдар байқалған параллель топтарда зерттеуге рандомизацияланған 12 апталық зерттеуде [n = 203] қауіпсіздік басты мақсат болды. Балалар күніне екі рет сальметерол/флутиказон пропионатын (50/100 микрограмм) немесе флутиказон пропионатын (100 микрограмм) алды. Сальметерол /флутиказон пропионатын алған екі бала және флутиказон пропионатын алған 5 бала демікпенің өршуіне байланысты зерттеуге қатысуды тоқтатты. 12 аптадан кейін емдеу тобындағы балалардың ешқайсысында кортизолдың несеппен өте төмен 24 сағаттық экскрециясы болған жоқ. Емдеу топтары арасында қауіпсіздік бейіндерінде басқа айырмашылықтар болған жоқ.
Жүктілік кезінде демікпені емдеуге арналған құрамында флутиказон пропионаты бар дәрілік препараттар
Біріккен Корольдіктің электрондық медициналық карталарын пайдалана отырып, ретроспективті эпидемиологиялық когорттық қадағалау зерттеуі құрамында ИГКС бар ФП жоқ қатысты ингаляциялық ФП және сальметерол-ФП қолданумен монотерапияның жүктіліктің бірінші триместрінде әсер етуінен кейін MCMS қаупін бағалау үшін жүргізілді. Бұл зерттеуге плацебомен салыстырулар енгізілген жоқ.
Бірінші триместрде ИГКС әсеріне ұшыраған 5362 жүктіліктен тұратын астматиктердің когортында 131 диагноз қойылған MCM анықталды; 1612 (30%) ФП немесе сальметерол-ФП әсеріне ұшырады, оның ішінде 42 диагноз қойылған MCM анықталды. 1-жылы диагноз қойылған MCMS үшін мүмкіндіктердің түзетілген арақатынасы орташа демікпесі бар FP әсеріне ұшырамаған әйелдермен салыстырғанда ФП әсеріне ұшыраған әйелдер үшін 1,1 (95% СА: 0,5 – 2,3) және елеулі немесе ауыр демікпесі бар әйелдер үшін 1,2 (95% СА: 0,7 – 2,0) болды. Сальметерол-ФП салыстырғанда тек бірінші триместрде ФП әсер еткеннен кейін МСМС тәуекелінде ешқандай айырмашылық анықталған жоқ. Демікпенің ауырлық дәрежесіне қарамастан МКМ-нің абсолюттік тәуекелдері FP әсеріне ұшыраған 100 жүктілікке 2,0-ден 2,9-ға дейін болды, мұны жалпы практика зерттеулерінің деректер базасында демікпемен емделмеген 15 840 жүктілікті зерттеу нәтижелерімен салыстыруға болады (100 жүктілікке МКМ-нің 2,8 жағдайы).