Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Дозировка
13.5 мг
Торговое наименование
Сенаде
Действующее вещество
Сенны гликозиды
Назначение
Созылмалы іш қатуларда
Производитель
Медитаб Специалитис Лтд.
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 15% кальций сеннозиді (13.5 мг А және В сеннозидтері сенна кальций тұзына баламалы), 90.00 мг,
қосымша заттар: лактоза, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, тазартылған тальк, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, натрий кармеллозасы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, жиектері қиғашталған беті жалпақ, ашық-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейін, бір жағында ортасынан бөлу сызығы бар және екінші жағында «CIPLA» бедерленген монограммасы бар таблеткалар.
• созылмалы іш қатуларда
• геморрой, проктит, тік ішектің сызаттары кезінде нәжісті реттеуге
• рентгенологиялық зерттеуге дайындауға
Әсер ету механизмі
1,8-дигидроксиантрацен туындылары іш жүргізетін әсерге ие, яғни нәжісті жұмсартады немесе тығыз массаларды сұйылтады. β-Ο-байланысқан гликозидтер (сеннозидтер) ішектің жоғарғы бөлігінде сіңбейді; жуан ішек бактериялары оларды белсенді метаболитке (реинді антрон) айналдырады. Екі түрлі әсер ету механизмі бар:
Жуан ішектің моторикасын стимуляциялау жедел жуан ішектің транзитіне әкеледі.
Секрециялық процестерге бір мезгілде екі механизммен әсер етуі - жуан ішектің эпителий жасушаларында су мен электролиттердің (Na+, Cl-) сіңуін басу (абсорбцияға қарсы әсер), сондай-ақ, өткізбейтін аралықтар арқылы енуді арттыру және жуан ішектің саңылауы су мен электролиттердің бөлінуін стимуляциялау (секрецияны күшейту әсері), бұл жуан ішектің саңылауындағы сұйықтық пен электролиттер концентрациясының жоғарылауына әкеледі.
Дефекация сеннозидтерді қабылдағаннан кейін 6-10 сағаттан соң басталады, себебі жуан ішекке тасымалдауға және белсенді қосылысқа дейін метаболизмге біраз уақыт қажет.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан балалар: ұйқыға жатар алдында 1 таблеткадан, сумен немесе басқа сусынмен ішіп қабылдау керек. Ең жоғары тәуліктік доза – 3 таблетка.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: ұйқыға жатар алдында ½ таблеткадан. Ең жоғары тәуліктік доза – 2 таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке әдетте кешкі ұйқыға жатар алдында тәулігіне бір рет қабылдайды.
Таңдау барысында белгілі бір дозаны бірнеше күн қабылдаған және оны біртіндеп ½ таблеткаға дейін арттырып отырған жөн. Ең жоғары дозаға жеткеннен кейін 3 тәулік ішінде дефекация болмаған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
Артық дозалау жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Симптомдары: Артық дозаланудың /шамадан тыс пайдаланудың негізгі симптомдарына іштің ауыруы және ауыр диарея жатады, бұл сусыздануға және қалпына келтіруді қажет ететін электролиттер мөлшерінің азаюына әкеледі. Диарея негізінен калий деңгейінің төмендеуіне әкеледі, әсіресе жүрек гликозидтерін, диуретиктерді, адренокортикостероидтарды немесе мия тамыры препараттарын бір уақытта қабылдаған жағдайда, жүрек бұзылыстары мен бұлшықет астениясына әкелуі мүмкін.
Емі: Емдеу сұйықтықтың көп мөлшерін қабылдаумен қатар жүруі тиіс. Электролиттерді, әсіресе калийді бақылау қажет. Бұл әсіресе, егде жастағы пациенттер үшін өте маңызды. Құрамында антраноидтар бар дәрілік заттардың ұзақ уақыт артық дозалануы уытты гепатитке әкелуі мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Әдетте кешке ұйықтар алдында тәулігіне бір рет ішке қабылдайды.
Утилизациялауға ерекше талаптар жоқ.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• ішек бітелісі және стеноз, атония, аппендицит, тоқ ішектің қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы, ойық жаралы колит)
• шығу тегі белгісіз іштің ауыруы, су-электролиттік метаболизмдік бұзылулармен ауыр сусыздану
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
• 6 жасқа дейінгі балалар
Жиі
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, бөртпе, жергілікті немесе жайылған экзантема)
Тұрақты немесе ұзақ қолданған кезде:
- іштің шаншып ауыруы, сұйық нәжіспен болатын құрысулар, метеоризм, жүрек айну және құсу, әсіресе тітіркенген тоқ ішек синдромы бар пациенттерде. Алайда, бұл белгілер жеке артық дозалануға байланысты байқалады. Мұндай жағдайларда препарат қабылдауды тоқтату немесе дозаны төмендету талап етіледі.
- cұйықтық пен электролит алмасуының теңгерімінің бұзылуы, бұл салдарлы дегидратацияның, гипотонияның, әсіресе егде жастағы адамдарда, альбуминурияның, гематурияның және уремияның дамуына әкеледі
- ішектің шырышты қабығының пигментациясы, ол әдетте препаратты тоқтатқанда азаяды
- несеп метаболиттерінің рН-қа байланысты сары немесе қызғыш-қоңыр түске боялуы (препаратты тоқтату талап етілмейді)
Сирек
- артық дозаланғанда гипокалиемия
Гипокалиемия этиологиясы көп факторлы сипатқа ие: электролиттердің ішекпен тасымалдануы гипокалиемияны күшейтеді, әсіресе қатар қабылданатын жүрек гликозидтерінде, диуретиктерде, жүрек кінәраттарына және бұлшықет босаңдығына, плазмадағы ренин деңгейінің жоғарылауына, қайталама альдостеронизмге және сіңудің төмендеуіне әкеледі. Бұл өзгерістер, әдетте, іш жүргізетіндер тоқтатылғаннан кейін қайтымды болады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сенадені бір мезгілде жүрек гликозидтерін, аритмияға қарсы дәрілерді, QT аралығын ұзартатын дәрілік заттарды, диуретиктерді, адренокортикостероидтарды немесе мия тамыры препараттарын қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолданып, оларға бақылау жүргізу қажет.
Барлық іш жүргізетін дәрілер сияқты, Сенадені нәжіс кептелуінен және диагностикаланбаған, жедел немесе тұрақты асқазан-ішек бұзылыстарынан зардап шегетін пациенттерге қолдануға болмайды, мысалы, егер дәрігер ұсынбаса, іштің ауыруы, жүрек айнуы және құсу, бұл симптомдар ықтимал немесе бұрыннан бар ішек (мықын ішегінің) бітелісінің белгілері болуы мүмкін.
Егер іш жүргізетін дәрілерді күн сайын қабылдау қажет болса, іш қатудың себебін анықтау керек. Іш жүргізетін дәрілерді ұзақ уақыт қабылдауды сақтықпен жүргізу керек.
Егер стимуляциялайтын іш жүргізетін дәрілер қысқа уақытқа қарағанда ұзақ уақыт бойы қабылданса, онда бұл ішек функциясының бұзылуына және іш жүргізетін дәрілерге деген тәуелділікке әкелуі мүмкін. Сенадені, егер емдік әсерге диетаны өзгерту немесе ішектің ішіндегісінің көлемін арттыратын, іш жүргізетін дәрілер арқылы қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ғана қолдану қажет.
Сенадені нәжісті ұстай алмаудан зардап шегетін ересектерге қолданған кезде, терінің нәжіспен ұзақ уақыт жанасуын болдырмау үшін төсемелерді жиі ауыстыру керек.
Арнайы ескертулер
Дәрігердің тағайындауынсыз дәрілік затты (1 аптадан астам) ұзақ қолдану ұсынылмайды, өйткені диарея, сусыздану және тоқ ішектің атониясы дамуы мүмкін.
Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге электролиттік теңгерімнің бұзылуы мүмкіндігіне қатысты сақтық таныту керек.
Қосымша заттар
Лактоза
Таблеткалардың құрамында лактоза бар болғандықтан, бұл дәрілік затты тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығына немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромына шалдыққан пациенттерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді. Дегенмен, препаратқа жеке реакцияны тексеру қажет.
Жүктілік
Ұсынылған дозаларда қолданған кезде препараттың жүктілікке және шарананың дамуына жағымсыз немесе зиянды әсері туралы хабарламалар түскен жоқ.
Алайда, бірнеше антраноидтар, мысалы, эмодин және алоэ-эмодин үшін алынған гендік уыттылық қаупі жөніндегі тәжірибелік деректерді ескере отырып, препаратты жүктіліктің бірінші триместрінде қолдану ұсынылмайды. Дәрігердің тағайындауы бойынша және екінші және үшінші триместрде, уақытша негізде және егер емдік әсерге тамақтану рационын өзгерту немесе ішек ішіндегісінің көлемін арттыратын агенттерді енгізу жолымен қол жеткізу мүмкін болмаса ғана аса сақтықпен қолдану қажет.
Лактация кезінде
Препаратты бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды, өйткені оның метаболиттерінің емшек сүтіне өтуі жөнінде деректер жеткіліксіз.
Белсенді метаболиттердің аздаған мөлшері емшек сүтіне өтеді. Емшек еметін нәрестелерде іш жүргізетін әсері туралы хабарланған жоқ.
Іш жүргізетін дәрілерді ұзақ уақыт шамадан тыс пайдалану гипокалиемияға әкелуі мүмкін, ол жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтуі және аритмияға қарсы дәрілермен, синустық ырғаққа қайта оралуын тудыратын факторлармен (мысалы, хинидинмен) және QT аралығының ұзаруына ықпал ететін дәрілермен өзара әрекеттесуі мүмкін.
Гипокалиемияны туындататын препараттармен (диуретиктер, адренокортикостероидтар және мия тамыры препараттары сияқты) бір мезгілде қолдану электролиттік теңгерімнің бұзылуын күшейтуі мүмкін.
Сенадені басқа дәрілік препараттарды қабылдағанға дейін немесе қабылдағаннан кейін екі сағат бойы қолдану ұсынылмайды, өйткені сеннозид басқа препараттардың сіңуін және әсер ету тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.